Ұлтқа төнген ұлы қасірет

Әлі есімде, біледі жұрт, біледі,
Ел басына қатер төнген жыл еді.
Қимастарын қан майданға ұзатып,
Қарс айырылған аналардың жүрегі.
Аманжол Шамкенов
Соғыс –барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. 1941 жылда бастау алып, бүкіл КСРО қарамағындағы халықтың, оның ішінде қазақ халқының басына төнген бұл зұлмат та ұлы қасірет әрқайсымыздың жүрегіміздің төріне ұмытылмастай, ойып тұрып жара салды. Отан деп жүректері қарс айырылып, кіндік қаны тамған жерлерін қорғау үшін әкелеріміз, аға- бауырларымыз, тіпті апаларымызға дейін қолдарына қару алып, жалындаған жастық шақтарында қасиетті Отанымызды, туған өлкені қаңқұйлы жауға таптатпас үшін өрт пен оқтың арасындағы қанды кешуге аттанды. Асқар таудай әкеден, адал жардан, бауыр еті балаларынан айырылған ана байғұстың басына барлық ауыртпашылық түсті. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр, азапты күндер болды. Төрт жылға созылған соғыстың көрсетпеген қиындығы, жетім- жесірді жылатпаған күні болмады. Майдан алаңына аттана алмай қалған қарттар, жас жеткіншектер мен денсаулығы жарамаған азаматтардың өкініштен өзектері өртенді. .....
Шығармалар
Толық