Ұлттар арасындағы достық неден басталады? М. Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді) (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы ұлттар достастығы.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттар арасындағы достық неден басталады?М. Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді)
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.
ТБ1.5. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Сабақтың мақсаты: Эссе құрылымын сақтай отырып, эссе жазуға дағдыландыру.
Болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолдана білуге үйрету.
Барлық оқушылар:
Үзіндісінің мазмұнын түсінеді. Лексикалық минимумды орынды қолданып, эссе жазады. Болымсыз етістіктің жасалу жолын біледі.
Көптеген оқушылар:
Эссе құрылымын сақтап жазады. Адамды, бір оқиғаны сипаттап жазады. Эссе жазуда болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады.
Кейбір оқушылар:
Үзіндіден аргументтер келтіре отырып, оқиғаны сипаттап эссе жазады. Мәселеге өз көзқарасын білдіріп, баға бере алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық