ҰОС жылдарында ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ақтөбелік әйелдер

Совет әйелдері теңдесі жоқ табандылық пен еңбек қаҺармандығын көрсетті... Коммунистер дұшпанға қарсы күрестің ең қиын және шешуші учаскелерінде болды. Олар өз басының өнегесімен, жалынды партиялық сөзімен совет адамдарын жігерлендіріп, жеңіске бастады» /КПСС ОК-нің «Совет халқының 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40 жылдығы қаулысынан/.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап Кеңес Одағындағы барша еңбекшілер сияқты ақтөбеліктер де еліміздің әскери және өндірістік қуатын молайту мен билеуші партия талаптарын орындауға жұмыла кірісе бастады. Қалалар, кішігірім елді мекендер мен кәсіпорындарда халықтық митингілер өткізіліп, көп ұзамай шаруашылықтағы маңызды нысандардың жұмысын соғыстық экономикаға бейімдеу жұмыстары қолға алынды. Неміс басқыншыларының батыстағы жойқын шабуылдарынан кейін Кеңес билігі өз үндеулерінде барлық тұрғындар үшін алдағы ауыр кезеңдердің тұрғандығын және оны жеңіп шығуда көпұлтты халықтың жұмылуы керектігін жеткізді. Республика экономикасын соғыс мүддесіне бағындыра қайта құру ісі Кеңес Одағының батыс өңірінен көшіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастыру жұмыстарымен қатар жүрді. Қысқа уақыт ішінде Қазақстан экономикалық жағынан маңызды әрі қуатты аудандардың қатарына жатқызылды...
Шығармалар
Толық