Информатика | Компьютерлік желіні үйретудің теориялық негіздері
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпарттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.
Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де презиндентіміз Н. Ә. Назарбаев та назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын.
Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Информатикадан мемлекеттік білім стандартында көрсетілгендей бүгінгі таңда оқу мақсатын тек компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір «Интернет» желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектептер компьютерлендіріліп жатыр. Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі Интернет желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе күн жаңаларымен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Ақпараттардың көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір де Интернет жалпыға бірдей ақпараттық қор тәрізді ертегідегі «ханшалардан» күнделікті «күніңізге» айналып барады.
Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Интернет желісіне күніне 1000, кейде одан да көптеген компьютер қосылады екен. ....

Рефераттар