Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1A VI – IX ғғ. Қазақстан Сабақ тақырыбы: Орта ғасырлар тарихынан нені оқып үйренеміз? 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): VI-IX ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру. Сабақ мақсаттары: VI-IX ғғ. мемлекеттердің орналасу аумағын картада көрсету; Көне түркі тайпаларының саяси үдерістері түсіндіру;
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан Сабақ тақырыбы: Орта ғасырлар тарихынан нені оқып үйренеміз? Оқу мақсаты: VI-IX ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру. Сабақтың мақсаты: • Білу және түсіну Ерте орта ғасырлық түркі қағанаттарының аттарын, орналасқан аумағын атап картадан көрсетеді; • Қолдану Ерте орта ғасырлық қағанаттарды картадан көрсетіп, оларды кескін картаға түсіре алады; • Сыни ойлау Ежелгі Қазақстан мен Орта ғасырлардағы саяси үрдістер арасындағы байланысты тауып түсіндіре.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау Сабақтың мақсаты: Тәуке ханның мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау.
Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. Осы бір сұрапыл соғыста елім деп еміренген есіл ерлер, елдің ертеңі үшін жан аямай күресті. Басқа шауып төске өрлеген басқыншылардың меселін қайтарды. Бүгінде 130-дан астам ұлтпен ынтымағымыз жарасып, бейбітшілік бесігінде тербелуіміз біз үшін қанын да, жанын да салып соғысқан ержүрек аталарымыз бен қайсар аналарымыздың арқасы. Ендеше солардың ерліктерін ұмытпай, кейінгіге ұлықтау біздің басты борышымыз! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, мінеки, 75 жыл толды! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигельдинов, Төлеген Тоқтаров біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған. Осы Алматының көптеген саябақтарында, көшелерінде олардың ескерткіштері қойылған. 19411945 жылдар аралығында болған соғыс қаншама жанның өмірін қиды, қаншама отбасы ер жігіттерінен айырылып, қара жамылды. Сол соғыс қаншама бүлдіршінді жетім қалдырды? Елді жоқшылық, аштық жайлады. Тылда еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай еңбектенді. Олар майдандағы солдаттарды өз қамқорлығына алды. Соғыс адамзат баласын біріктірді. Олар бейбіт өмір үшін қасық қаны қалғанша күресті Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Бұл қан майданға қазақ топырағынан бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер аттанған. Олардың көбісі сол алапат соғыс алаңында қаза болды.......
Соғыс... Бұл сөзде қаншама қатігездік пен қорқыныш бар десеңші! Осы сөзді естігінде бүкіл жан дүниең дүрлігіп кететін тәрізді. Неге десеңіз, қаншама жан қырылып, қан судай аққан кезең бұл. Қанша бала жетім, қанша ана жесір қалды десеңізші! Бұлқан төгіс төрт жылға созылды. Осы жалмауыз соғыстан өз отбасыларымен қауышып оралғандар да бар, өз жанын Отан үшін қиып қан майданда, жат жерде қалғандар да бар. Бұл соғысқа көптеген қазақстандықтар да қатысты. Солардың ішінде менің ұлы атам да , атамның әкесі, болды. Есімі - Үзікбайұлы Оразбай. Ол кісі 1898 жылы дүниеге келген. Ол кісі жалындаған жастық шағында елмен бірге Отаның қорғауға 1941 жылы қан майданға аттанады. Артында адал жары, балалары қалады. Ұлы атам Днепр, Кавказ үшін шайқастарда ерлік көрсеткен. Будапешт, Варшава қалаларын жау қолынан азат етуге қатысқан. Өзінің ерлігі үшін ордендармен марапатталды. Жеңіс күнін ұлы атам Кенисбург қаласында қарсы алды. Соғыс жылдары әйелдер мен балаларға да оңай тиген жоқ. Ер адам атқаратын жұмысты яғни, жер жырту, мал бағу, егін егу сияқты ауыр жұмыс нәзік жандардың мойнында болды. Шиіттей балаларын арқаларына байлап, еңбек ететін жаппай әйелдер. Күндіз жер жыртып, ауыл қамы қамтылса, түнде әйелдер жиналып майданға жіберу үшін қой жүнінен жылы шұлық тоқитын. Шаршау дегенді білмейтінбіз дейтін әжем. Күлкісіз, уайымға толы қараңғы ауылда қалған біз үшін, суық жерді окопта құшақтап жатқан жауынгер үшін бір нәрсе ғана керек еді... Ол – Жеңіс. Жеңіс - қуаныш, ер - азаматтардың аман-есен соғыстан оралуы. Менің атамның осы күнде еске алып отыратын бір оқиғасы бар. 1946 жылдың көктем айы еді . Соғыс аяқталғанына бір жыл. Ауыл аздап болсын есін жиған кез. Күннің жадырап шығуы жақсы жаңалық келетінін сездіреді. Ауыл адамдары күнделікті тірліктерін атқарып жүр. Ауылдан кеткен ер азаматтардың көбі соғыстан оралған жоқ. Атамның әкесінен де еш хабар болған жоқ........
Қан майданның жүректе жарасы бар, Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. Арамызда жүретін алшаң басып, Ардагерлер азайып барасыңдар. Қастерлейді халқымыз қаһарманын, Жүр есінде сан жарық, сапарларың. Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер, Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың. 1941-1945 жылдар қазақ елі үшін өте ауыр кезең болды. Осы жылдар арасында елді дүрліктірген Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс – күйретуші күш. Бірақ осы соғыс арқылы біз өз Отанымызды қорғап қалдық Осы соғыста қазақтың ұлы батырлары, яғни біздің ата-бабамыз біз үшін, келешек ұрпақ үшін жанын қиды. Көбі қаза тауып, әрбіреуі мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды.Түгелі болмаса да көбі осы ерлігі үшін ерекше сый-құрметке ие болды. Ұлы Отан соғысын еске түсірген кезде бірден ойымызға Рақымжан Қошқарбаев келеді. Рақымжан Қошқарбаев- Берлинге Рейхстаг қабырғасына алғашқылардың бірі болып жеңіс туын тіккен қаһарман, қазақ жауынгері. Қошқарбаев сияқты қаһармандарымыздың арқасында біз қазіргі күнге жеттік. Батырларымыздың арасында тек қана ерлер емес, елі, жері үшін жанын беруге дайын қазақ қыздары да болған. Барлық батырларды айтып шығу мүмкін емес. Себебі, әрбір қазақ өз елі үшін бәріне де даяр. Бірақ Қазақстандықтан майданда ғана шайқасып қойған жоқ. Тылдағы халық жеңісті жақындату үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Олар күн демей, түн демей аямай еңбек етті.......
Пән: Қазақстан тарихы Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Сабақ тақырыбы: Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.4.1.1 ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау Сабақ мақсаттары: Қазақстанның мыс-тас дәуіріндегі ерекшеліктерін, адамдардың тұрмыс-тіршілігі туралы бейне-баяннан көрсете отырып түсінік қалыптастыру. Мәтінмен жұмыс арқылы кезеңнің ерекшеліктері мен, өзгерістердің себеп-салдарларына талдау жүргізу
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс - күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын қасірет! Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн! Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп,ерліктің тамаша үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Отан соғысынан оралған ардагерлеріміздің саны жыл санап азаюда. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні! Бұл күннің толғауы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақта тарих ұмытпайды! Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңе теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш әрине “Бірлік”. Қаншама халық бір тудың астында бірігіп күштерін бір арнаға салды. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады......
Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк. Бауыржан Момышұлы. 1941-1945 жылдар… Күркіреп өткен бір соғыс. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.“Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам”,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғап қалғаны, олардың Отанға, елге, жерге деген үлкен сүйіспеншілігі болса керек. Тарихта баяндалғандай, жеріміздің, еліміздің амандығын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз секілді Ұлы Отан соғысының зұлматты шақтарында ержүрек жауынгерлеріміз кең сахара даламызбен тұтас Отанымыздың амандығын, баянды, бейбіт болашағымызды өжет ерлікпен қорғап шығып, ұлы жеңіс салтанатын күллі әлемге паш етті. Тылда да майданға аттанған жауынгерлердің, оққа ұшқан боздақтардың отбасында тағдыр тауқыметі-үлкен қиындық орын алды. Елдегі ақ жаулықты аналар, сүйіктілерін, ерлерін майданға аттандырған қыз-келіншектер, буыны қатпаған балалар белдері бүгіліп, ұзақты күн білегі талып, “Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!” деп ұрандатып еңбек етті. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды......