Үй құстары №6 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Үй құстары №6 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/ рөлге бөліп оқу
4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
1. Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
2. Оқыған мәтіннің мазмұнын жазу
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен мәтін мазмұнын жазады және қимылды білдіретін сөздерді қолдау арқылы қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздер арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын жазады, қимылды білдіретін сөздерді орынды қолданады.
Оқушылардың кейбірі:тақырып бойынша білетін ақпаратымен бөліседі,мәтін мазмұнын жазуда мағыналас сөздерді қолданады....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық