Үй жағдайында шашты қалай күтеміз

Кем дегенде аптасына бір рет сіз шашыңызға арнайы күтім жасауыңыз керек. Көптеген қыздар үй жағдайындағы шаралар жайлы білмей жатады. Сол себепті назарларыңызға пайдалы әрі оңай кеңестер ұсынамыз:

✅ 1. Жұмыртқаның сарысын бірнеше ас қасық арзандау бір коньякпен араластырыңыз. Шашқа жағып, 20 минуттан кейін жуып тастаңыз.

✅ 2. Шашқа, бас терісіне айран, майонез немесе простокваша жағуға болады. Содан соң полиэтиленді пакетпен, жылы орамалмен орап, 20 минут күту керек. Қоспаны шөптерден жасалған қайнатпамен жуып, шаюға болады. Бұл маска шашыңызды тазартып, нәрлендіреді.

✅ 3. Әдетте пайдаланатын сусабыныңызға 1 жұмыртқа, 1 ас қасық құрғақ желатин мен 1 шай қасық коньяк қосыңыз. Ақырындап көпіршітіп, бір тұтас қоспа болғанынша араластырыңыз. Бұл қоспамен басыңызды жуыңыз. Желатин мен жұмыртқаның құрамындағы ағуыз шашыңызды қалың әрі жылтыр етеді......
Кеңестер
Толық