Жаман жасушалардың ағзада құралып немесе өсуінен құтқарады.

✅ 3 ай қабылдау қажет. Денсаулық көп ұзамай қалпына келеді. Бұл ғажап.

- Бізге керегі: 1 қызылша, 2 сәбіз, 1 алма.
- Бәрін жуып, қабығын аршып, соковыжымалкадан өткіземіз де, шырынды бірден ішіп аламыз.
- Шырынның дәмің ерекшелендіру үшін лайм немесе лимон қоссаңыз болады.

✅ Бұл ғажайып сусын, келесі аурулардың алдын алуға жақсы әсер береді:
- қатерлі ісікті алдын ала емдейді.
- бауыр, бүйрек және ұйқы безін түрлі аурулардан сақтайды, оған қоса ойық жараны (язва) емдеуге көмектеседі.
3. Өкпеге пайдалы, жүректің түрлі ауруларға шалдығуына және жоғары қан қысымынан сақтайды.
4. Иммунитетті күшейтеді.......
Кеңестер
Толық

Ағаш той - 5 жылдық той (отау құрғанға 5 жыл)

Сіздерді мерейтойыңызбен құттықтаймын! 5 жыл — бұл аз емес! Сізге бір-біріңізге нәзіктік пен құрметпен қарауды тілеймін! Сіздердің бірлескен өміріңіз ғасырлар бойы ағаштар сияқты берік және сенімді болсын. Сізге күнделікті бақыт! Денсаулық, қуаныш, өркендеу, өзара түсіністік, жауапкершілік, шынайылық және үлкен махаббат! Бір-біріңізді бағалаңыз, құрметтеңіз және қолдаңыз! Сіз кереметсіздер!

Құттықтау, тілектер
Толық

Қазақстан ту еткен бейбітшілік пен келісім әлемді құтқарады

Бейбітшілік пен келісім – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандап келеді. Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» құрыпты. Қалған уақыттың бәрінде мемлекеттер «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал» деген қағидамен өмір сүрген көрінеді. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десек те, әлемнің түрлі...
Шығармалар
Толық

Құттықтаймын мерекеңмен!

Құттықтаймын мерекеңмен!
Әжем, анам қос қанатым,
Жақсы болсам куанатын.
Көжегіме жұбанатын.
Асыл әжем. Аяулы анам.
Құттықтаймын мерекеңмен!
Тақпақтар
Толық

Беттегі қара дақтардан тез арада құтылуға арналған маска

Жарты лимонды аласызда, 1-2 тамшы бал тамызып, бетіңізге жағасыз. Әсіресе мұрынға, иек астына. Жағып болғанда қара дак көп жерге, лимонды ұстап коясыз. 5 минут өткенде салқын сумен жақсылап жуып тастайсыз.
Сіз сол сәтте нәтижесін байқай бастайсыз. Соған қоса лимон пигмент дақтарын ағартуға септігін тигізеді, ал бал бетті сəбидің терісіндей жұмсақ əрі əдемі болуына септігін тигізеді.......
Кеңестер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мерекеде құттықтап қайт анаңды

Табиғат жасаған жаратылысының әр тынымсыз бүлкілі перзентіне деген тек қана кешірім мен мейірімнен тұратын бір үлкен жүрек бар. Ол – Ананың жүрегі.

Сол үлкен жүректен тарайтын күн сәулесінен де құдіретті, күн сәулесінен де ыстық бір таусылмайтын жылу бар. Ол – Ананың перзентіне деген көңілі.

Кішкентай сәби тек сонда ғана өзін еш алаңсыз, еш қауіпсіз сезіне алатын, ешқандай шебердің жасап шыққан бесігі тең келе алмайтын бір қорғаныш бесік бар. Ол – сәби үшін анасының аялы алақаны мен жылы құшағы.

Дүниедегі барлық ілім мен білім атаулының перзент үшін бастауында тұрар бір қасиетті қайнар көз бар. Ол – Ананың перзентіне үйрететін тәлімі. .....
Әңгімелер
Толық

Артур Конан | Дойл Көгілдір жақұт

Рождествоның үшінші күні мерекемен құттықтау үшін Шерлок Холмсқа барғам. Үстіне қызыл халат киіп кушеткада жатыр екен; оң жағында қорқорларына арналған үйкөк тұр, сол жағында мыж-тыжы шыққан бір құшақ таңертеңгілік газет жатыр - бұларды осы жаңа ғана қарап шықса керек. Кушетканың жанында орындық түр, арқалығына әбден ескіріп, байырғы түрін біржола жоғалтқан киіз қалпақ ілініпті. Холмс мұны барынша мұқият зерттеген секілді, өйткені осы арада, орындықтың үстінде, пинцет пен үлкейткіш шыны да жатыр.

— Қолыңыз бос емес пе? Бөгет жасаған жоқпын ба? - дедім.

— О не дегеніңіз, - деді ол - Қайсыбір ізденістерімнің нәтижесін бірлесе талқылауға болатын досымның барына сондай қуаныштымын. Бұл ауыз толтырып айтуға тұрмайтын іс, бірақ таңданарлық әрі тағылым аларлық бірқатар оқиға мынаған, - ол саусағымен қалпақты нұсқады, - тығыз байланысты боп тұр.

Мен креслоға жайғасып, сытырлап жанып жатқан каминге қолымды жылыта бастадым. Аяз күшіне мініп тұрған; терезе әйнегіне қалың мұз қатып, түрлі-түрлі өрнек салып тастаған-ды. .....
Әңгімелер
Толық

Биология | Батып бара жатқанды құтқару кезіндегі алғашқы көмек

Батып бара жатқанды құтқару кезіндегі алғашқы көмек

батып бара жатқанға оның байқалғандығы және көмек көрсетілетіндігі хабарланады. Бұл оны жігерлендіреді және зардап шегушіге күш-қуат береді.

Егер мүмкін болса, батып бара жатқан немесе жүзу кезінде шаршаған адамға оны жағаға, қайыққа тарту үшін таяқтың немесе киімнің үшін береді не қолда бар суға батпайтын құтқару затын немесе арнайы құтқару қару-жарағы лақтырылады. Егер ондай заттар болмаса немесе оларды пайдаланудың өзі батып бара жатқан не шаршаған адамды құтқаруды қамтамасыз етпесе, онда оған көмек көрсету үшін жүзіп барады.

Көмек көрсетушінің өзі жақсы жүзумен қатар, зардап шегушіні тасымалдау тәсілдерін білуі қажет.

Егер жаппай жазатайым оқиға орын алған кезде батып бара жатқандардың әр қайсына бөлек көмек көрсетуге тырысады. Бірнеше адамды бірден құтқару мүмкін емес.

Су температурасы төмен болған кезде немесе шаршағанда аяқтың балтыр, жамбас немесе саусақтың бұлшық еттерінің тартылуы мүмкін.

Жүзу кезінде шаршаған адамға мынадай көмек көрсетуге болады: көмек көрсетуші өзінің иығын шаршаған адамның созылған қолының астына қойып, оны «брасс» стилімен жүзіп отырып тасымалданады. Егер шаршаған адам көмек көрсетуші адамның қозғалыстарына ілесе отырып, аяғымен жүзсе бұл оған көмек болады. Шаршаған адамның қолдарының көмек көрсетушінің иығынан сырғып кетпеуі бақыланады.

Батып бара жатқанға көмекті артынан, оның жабысып ұстауынан қорғана отырып көрсетіледі.

Батып бара жатқанды бірнеше тәсілмен тартуға болады:

«басынан» тарту тәсілі.

арқасымен жүзу арқылы;

«қолынан тарту арқылы» тәсілі.

«қолының астынан тарту» тәсілі. .....
Рефераттар
Толық