Бухгалтерлік есеп және аудитті нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы мен ролі өте зор. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы “Бухгалтерлік есеп туралы”, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттарына барынша АҚындатылған. Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.....
Диплом жұмысының өзектілігі. Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Дс Солозано осы ғылым туралы "Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес»- деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки "Есеп — бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы" - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында "Есептей алмаған, басқара алмайды" — деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. ....
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясытының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiрыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады. Кеден саясаты өз өкiлеттерi шегiнде Қазақстан Республикасының орталық артқарушы органдарының қарауына жатады. Бітіру жұмысының өзектілігі осымен анықталады. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерiн қорғау, тиiмдi кедендiк бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негiзгi мақсаттары болып табылады. Осы бітіру жұмысымның мақсаты кедендік бақылау туралы әрекеттегі Қазақстан заңдарын талдай отырып, кеден құқығының негізгі институтының бірі – кедендік бақылау табиғатын анықтау және айқындау. Мақсаты: Кеден саласындағы, алғашқы заңды актiнiң (1991 жылғы 24 желтоқсандағы “Кеден тарифтерi мен баждары туралы заң”) баптары, негiзiнен, халықаралық құқық нормаларына сүйенедi. Осы кездегi ұлттық заңдар кеден саясаты проблемасына қатыссыз, жергiлiктi кеден iстерiн шешетiн Үкiмет қаулылары мен Кеден комитетiнiң ведомствалық актiлерiнде көрсетiлген.....
Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады. • Баға теориясы; • Баға жүйесі; • Баға саясаты; Баға құрылу тәсілдері: • Индуктивті; • Дедуктивті; • Диалектикалық Баға құралу ғылымы – баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым. Баға құралудың оқыту құралы-баға теориясы мен оның тәжірибеде қолданылуы болып табылады. ....
КІРІСПЕ Диплом жұмысының көкейкестілігі: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек. Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте - мәдени құбылыс; - педагогикалық ықпал ету; - балалардың әрекетін ұйымдастыру; - қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады. Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған: - әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар. - педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс. Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн. Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді. Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. Диплом жұмысының мақсаты: Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру. Диплом жұмысының объектісі: Қазіргі кездегі педагогика ғылымының дамуы, қазіргі педагогикадағы тәрбиенің жаңа әдістерімен тәрбие құрал – жабдықтары, формалары. Оларды топтастыру және тиімді пайдалану жолдары.....
Бүгінгі күнгі нарықтық экономика мен құқықтық мемлекеттің маңызды институттарының бірі –бағалау қызметі дамып келеді. Бағалау қызметі қоғамда тұрақты экономикалық қатынастарды қалыптастыру үшін, сонымен қатар меншік құқықтары объектісінің өркениетті экономикалық айналысы үшін қажет. Қазақстан Республикасының активтерінің негізгі түрі болып автокөлік құралдары табылатын автокөліктік кешенінде олардың құнын бағалаудың қажеттілігі туындап отыр. Оның актуалдығы сақтандыру қызмет нарығының құрылуынан пайда болды, оның негізгі мәселесінің бірі – кейіннен залалды өтеу үшін апатты зілзала, авария, өрт, жол-көліктік оқиға және тағы басқа нәтижесінде туындайтын зардаптар сомасын бекіту. Автокөлік құралдарын бағалау қажеттігі бүгінгі күні банктік жүйеде меншік иесінің өз автокөлік құралын кепілдікке ұсынып, несие алуына мүмкіндігінің тууымен түсіндіріледі. Автокөлік құралдарын бағалау ─ бағалау қызметінің арнайы және ерекше түрі болып табылады, өйткені оның басқа бағалау объектілер түрлерінен өзінше бір айырмашылықтары бар, [17] олар: -1- автокөлік құралдарын бағалау объектісі ретінде басқа бағалау объектілер түріне қарағанда, функционалдық, конструктивті және эксплуатациялық айырмашылығы бар;....
Оқушыларын оқу еңбекке баулуда, олардың білімге құштарлығын, өзара жарасымды достығын, эстетикалық сезімін тәрбиелеудегі ролі орасан зор. Бастауыш сыныптарда техникалық оқу құралдарын қолдану мәселесі мүлдем назардан тыс болды деп айта алмаймыз. Арнайы зерттелмесе де, бұл мәселенің маңыздылығына мән беріп, тілге тиек еткен ғалымдар С. Рахметова, Б. Құлмағанбетова, Н. Оралбаева техникалық құралдардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларына мазмұндама жаздыруға болатындығын өз еңбектерінде қамтып көрсеткен. Сонымен қатар «Бастауыш мектеп», «Начальная школа» журналдарының жекелеген тақырыптарында оқыту барысындағы техникалық оқыту құралдары мен көрнекіліктердің маңызы жайлы мақалалар кейінгі....
Жеміс шаруашылығы ауыл шаруашылығы салаларының бірі. Бұл саланың негізгі зерттейтін объектісі-көп жылдық ағаш және бұта тектес өсімдіктердің жемістерін, жидектерін алу үшін өсірілетін дақылдар. Жеміс шаруашылығы негізінен жеміс-жидек дақылдарының өсуін, дамуын, көбеюін, өнім салуын, сапалы өнім салу заңдылықтарын зерттейді. Жеміс-жидектің құрамында органикалық қышқылдар, қант, хош иісті илік заттар, витаминдер өте көп болады. Адам денсаулығы үшін жеміс-жидектің маңызы өте зор. Медицинада кеңінен қолданылады. Қазақстанның таулы жеріндегі ормандарда алуан түрлі жеміс ағашы өседі. Жабайы өсетін жеміс-жидектердің көпшілігінің құрамындағы ағзаға пайдалы заттар мәдени түрлеріндегі әлдеқайда көп болады. Жабайы жеміс-жидектердің сапасы жоғары болғандықтан олардың мәдени түрлерін шығару қолға алынды. Жеміс-жидектерде жеңіл сіңімді қант көп. Алма мен алмұртта 13-14 пайызға дейін, жүзімде 20 пайызға дейін болады. Жемісте ақуыз, май өте көп. Витаминдер әсіресе қарақатта бүлдіргенде, алмада көп болады. Сондықтан да олардың халық шаруашылық маңызы да өте үлкен. Жеміс-жидек тамақ өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат болып табылады. Жеміс ағаштарының санитарлық-гигиеналық та маңызы бар. Бақтар ауылдар мен қалаларды желден, шаңнан қорғайды. Мұның өзі Қазақстанның ыстық, қуан аудандарына өте қажетті. Қазақстан территориясында жеміс-жидек өсімдіктерін егу өте ерте уақытта басталған. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында мұнан да ертерек уақытта жеміс ағаштары егілгені туралы мәлімет бар. Алайда ағаш егілген жердің көлемі аз және сорттарының сапасы да төмен болған. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жеміс-жидек дақылдарынан аса сапалы мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны көбейіп келеді.Мысалы, 1991 жылы республикада осындай шаруашылық саны 0,3 мың гектар болса, 2001 жылы бірмыңға жетіп отыр. Жеміс шаруашылығына көп еңбек сіңірген ғалымдар қатарына А.Ж.Жанғалиев, А.П.Драгавцев, А.Н.Кацейко, В.П.Пономарчук, В.И.Васильев, А.П.Андронов, Б.Г.Матаганов, К.Г.Карычев, Е.Г.Раузин, С.Н.Олейченко, К.Ж.Аяпов, О.А.Укібасов тағы басқалар жатады.....
Аспан айналып жерге түскендей. Шақырайған шарболат күн балқып барады. Бұйрат-бұйрат құмның іші қайнап түр. Құс ұшпайды, тышқан жүгірмейді — аптап! Тек шегірткелер жаппай жамырап, берекесіз шырылдайды. Трактор сүйреген бес шөп машинаның қайшылары жалаңдап, сыр-сыр етеді. Машинист балалар көздерін бір ашып, бір жұмып, қалғып-шұлғып отыр. Машина дөңгелегі томарға соғылса қопаң ете қалады да, дереу көтергіш тягіге жармасады. Трактор құлақ тұндырады, жанар майдың күлімсі иісі танау жарады. Көзге шыбын-шіркей тығылады, кейде орақ қиған қурай сынығы ұшып келіп, бетке сырт етіп тиетінін қайтерсің.
Балалар аздан соң бастары былғаңдап, қайтадан қалғи бастайды.
Агрегат қамысты жапыра шауып, қалың қауға кіре беріп еді, трактордың таңқиған танауының тақ астынан үш бірдей киік атып шығып, қырға қарай аңқыды. Трактор солқ етіп, қалт тоқтады. Қайсабай тракторист кабинадан бас қылтитып, саусағын шошайтып:
Қазір, Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 ж. 5 шілдесінде ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді. Осындай тарихи-мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайдалану арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің маңызы зор. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет Яссауидің хикметтері сөзсіз оның бір бөлігі болып кіруге тиіс» [1]-деген. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі XIV ғасыр ескерткіші. Осы ескерткішті сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға ұлттық тәрбие беруде былай жүргізуге болады. 1. Жеке 2. Топтық 3. Ұжымдық......