Экономика | Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.
Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.
Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Олар: әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді және өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді.
Сондықтан мен, курстық жұмысымның тақырыбын «Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы өндірістің дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық шығындарды толық зерттеп, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынын калбкуляциялық есебін жүргізу арқылы кәсіпорындардың тиімді экономикалық қызмет етуін қалыптастыру болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚҰН ТЕОРИЯСЫ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ ТАУАРЛАР ҚҰНЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ АЙҚЫНДАУШЫ ФАКТОРЛАРЫ

Қоғамдық өндірістің тауарлы нысанының ерекшелігі құн заңының іс-әрекетінен нақты көрінеді. Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды өндіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен құн заңы тауарлы өндірістің ең мәнді сипатын көрсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық нәтижесінің қорытындысында өнім айырбастауда эквиваленттілікті талап етеді. Ал тауар ақша айналасында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға — құн заңының, көрінісі. Құн — баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны.
Еңбек өнімдерінің жүйелі айырбастау процесінің дамуы кезеңінен бастап, құн заңы тауар өндірісінің бүкіл тарихында әрекет етеді. Қоғамда үстемдік ететін өндірістік катынастардың типімен байланысты оның әрекет ерекшелігі де өзгеріп отырады. Құн заңының тауар өндірушілерге әрекеті тек рыноктық бәсеке арқылы көрінеді. Осы рыноктық механизм қатынасы сұраныс пен ұсыныс арақатынасы, бағаның ауытқуы мен пайда нормасы, салалық және ішкі салалық бәсеке арқылы құн заңы қоғамдық өндіріске ықпал етеді. Ал оның негізі құн заңының өзінде емес, оның әрекет етуінің қоғамдық жағдайында, қоғамның экономикалық құрылысының сипатында.
Айналыс саласында құн заңы бағаны халықтың төлем қабілеттігінің келемі мен құрылымын, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтауда маңызды рөл атқарады. Құн заңын дұрыс басшылыққа алудың қоғамдық еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынмен көп нәтижеге жетуді, нақты рыноктық қатынасқа көшуді қамтамасыз етуде, шаруашылық реформасын іске асыру....
Курстық жұмыстар
Толық

Сарапшылар теңгенің тағы құлдырауы мүмкін екенін айтты

Әлемдік мұнай нарығындағы құбылмалы баға теңгені тұрақтандыра алмайды. Қара алтын құнының соңғы екі жылдан бері бірінші рет көтерілуін отандық сарапшылар осылай бағалады деп хабарлайды КТК арнасы.
Жаңалықтар
Толық