Биязылық - ұлт құндылығы

Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше. Жастаймыздан жаттап өскен тіл, мәдениет, отаншылдық сияқты бірқатар ұлттық құндылықтарымыз бар. Алайда, мен білетін қазақы мінез - биязылық та біздің ұлттық құндылығымыз. Ия, ия. Биязылықты да маңызы жоғары құндылыққа жатқызуға болады деп ойлаймын. Тіптен, биязылық зиялылықпен үндес құбылыс. Зиялы қауымның біз жақсы білетін өкілдерін еске түсіріп көрейікші. Биязылық - ол қасындағылардың, жора-жолдастарының көңілінен оң орын алу, қоршаған адамдарды, бүкіл қауымды осы мінезімен баурап алу. Қазақ айтады ғой, “мінезге бай” деп. Қазақта ата-бабамыздан келе жатқан жақсы мінездің түрі де көп: өр мінезділік, жігерлілік, намысқойлық және тағысын тағылар. Өкінішке орай, кейінгі кезде осы бір қасиет көзге көрінбей, байқалмай елеусіз қалып бара жатқан сияқты.

Биязылық - қоғам үшін де құнды, қасиетті. Ол тіптен, адамды түрлі жаман әдеттерден сақтайды. Өрекпіп тұрған, мінезі ұр да жық адам өзін де, көпшілікті де жарға ұрындырары хақ. Ұлт қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» - деген жоқ па еді? Ал ұлы ақын Абай “Жүректен қозғайтын, әдептен озбайтын" деп, биязылықтың нормасын сақтауды адамдық парыз санаған. Биязылық – мәдениеттіліктің белгісі. Игі әдет, оның әдет-ғұрыпқа айналуы биязылықты қалыптастырады. Биязылық әлеуметтік ортаның талабына бейімделуге жетелейтін тұлғаның қасиеті.......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз

Мен нағыз патриотпын! Ата-бабам мұра етіп кеткен өзімнің ғажап тілімде сөйлеп, дәстүрімді дәріптеймін. Қазақ даласы – мәрттік пен кеңдіктің куәсіндей дарқан дала. Дарқандық қанына сіңген қазақ баласының рухы асқақ, арманы алып, мақсаты биік болуға тиіс. Жасампаздық рух жанына серік жомарт халықтың ұрпағы жасымауға міндетті.
Мен – өзім сүйетін елдің патриотымын. Қаныма біткен қайсарлық, мұңға мұқалмас жігер мені әрқашан кеңдікке тәрбиелеп, өрлікке жетелеп келеді. Алтай мен Атырауға, Арқа мен Алатауға дейінгі алып мекен арманыма қанат бітіріп, шабытыма шабыт қосқандай болады. Мен бақытты ұрпақ екенімді айтудан әсте жалыққан емеспін. Тағдырдың талай тезін басынан өткеріп, теперішін көрген қаймана қазақтың бағы жанар, бабы келісер уақыты жаңа мыңжылдықтың еншісінде. Замана зары өткен халықты кеудесін жаныштаған ауыр езгіден құтқарып, қалың ұйқысынан оятуға барын салған ақын М.Дулатов:
Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болса да әкем қазақ, шешем қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын – деп жырлайды. Өршіл рухты ақын елінің ертеңі үшін жаны ышқына жар салады. ХХ ғасырдың басында жүрегі қазақ деп соққан асыл ұлдарымыз атойлап алаш атын алып ұран салса, ХХІ ғасырдың жаңа буыны әлемге қазақ атын паш етуі тиіс. Әлем жаһандану деп жар салып жатқан алмағайып заманда түркілік тектілік пен жасампаздықты, көшпелі ұлы өркениеттің асыл жәдігерлерін, бабалар аманатын шашау шығармай, келер ұрпаққа жеткізу – біздің басты борышымыз.
Менің кеудемдегі кішкентай жүрек «Отан» деп, «Қазақстан» деп бір сәт дамыл қақпай соғады. Ол жүректе қазақтың қаны бар. Ол жүректе ұлы өркениет жаратқан алып арман, асыл мұрат жатыр. Күре тамырды бойлай аққан әрбір тамшы қан «қазақ» деп атойлайды. Мен – нағыз патриотпын. Ұлы елдің, ұлы даланың ұрпағы екенімді мақтан тұтамын. Жаратылысымнан даланы сүйетін жаным оның әрбір сайы мен саласын, тауы мен тасын мейірлене құшады. .....
Шығармалар
Толық

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің көркемдік құндылығы (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің көркемдік құндылығы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы
Сабақтың мақсаттары: 6.3.1.1-шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

«Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі.
Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы.
А/И4. Шығармашылық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
Б/С1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау.
5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы. (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы:Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Оқушылар тірек сөздер бойынша тыңдаған мәтінін мазмұндай алады, сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктерін орынды қолдана алады.
Сабақтың мақсаттары:
8.1.4.1.- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
8.4.2.1. – сөйлеу ағымындағы интонацияны құрамдас бөліктері: әуен, әуез,тембр,қарқын,кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Технология | Тағамдық құндылығы жоғары нан тоқаш өнімдерінің рецептурасын құру және сапасын анықтау

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде күнделікті халықтың тамақтану рационы бұзылғаны басты мәселелердің бірі. Тұтынатын күнделікті тағамдарымызда дәрумендер, белок, тағамдық талшықтар, макро және микронитруенттердің жетіспеушілігі асқазан - ішек және де басқа да денсаулыққа қауіпті аурулардың өсуіне әкеліп соғуда. Күнделікті уақытылы дұрыс тамақтану адам организмінің қарапайым (суық тиу, асқазан ішек арурлары) және созылмалы аурулардың алдын алуға иммунитеттің көтерілуіне көмектеседі.
Hан - тоқаш өнімдері тағам өндірісінде ең басты орынды алатыны барлығымызға белгілі. Осыған орай еліміздегі тағамтану саласындағы мамандырымыз нан – тоқаш өнімдерінің құрамын адам организіміне қажетті ақуыз, дәрумендермен, минералдық заттармен байытуда елеулі жұмыстар атқарып жатыр және нан өнімдеріне деген сұраныс көп. Нан негізінен калорияның, ақуыздың, витаминдердің және минералдық заттардың тамаша көзі болып табылады және қоректік заттардың мөлшері бойынша адамның тәуліктік рационының үштен бір бөлігін құрайды, сонымен қатар нан ең арзан және қолжетімді өнім болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Технология | Тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары диеталық қытырлақ нанның рецептурасын құру және сапасын анықтау

Жұмыстың өзeктiлiгi. Тoлық жәнe тeңдeстiрiлгeн тaмaқтaну Қaзaқстaн үшiн xaлқының ұлт дeнсaулығын aйқындaйтын мaңызды фaктoрлaрының бiрi бoлып тaбылaды. Oсы фaктoрдың мaңыздылығы Қaзaқстaн Рeспубликaсының xaлқының дeнсaулығын жaқсaртуғa aрнaлғaн мeмлeкeттiк сaясaттындa aйқын көрiнeдi.
ҚР xaлықтың дұрыс тaмaқтaнуы мeмлeкeттiк сaясaттын iскe aсырудың бiрдeн бiр тәсiлдeрi рeтiндe, қaйтa өңдeу сaлaлaрындa тиiмдiлiгi жoғaры тexнoлoгиялaрды әзiрлeу, жaңa oтaндық шикiзaт көздeрiн iсдeстiру жәнe эссeнциaльды микрo - нутриeнтaрмeн бaйыту бoлып тaбылaды.
Нaн тexнoлoгиялaрын әзiрлeу жәнe жeтiлдiру, бaйытылғaн микрo-нутриeттaрмeн, глютeнсiз ұннaн жaсaлғaн кoндитeрлiк бұйымдaрдғa eрeкшe көңiл бөлгeн көптeгeн ғaлымдaр: Витaвскaя A.В., Чoмaнoв У.Ч., Джeрeмбaeвa Н.E., Aлтынбaeвa Г. жәнe бaсқaлaр.
Құндылығы жoғaры нaн жәнe ұннaн жaсaлғaн кoндитeрлiк өнiмдeргe aрнaлғaн жaңa рeцeптiлeр мeн тexнoлoгиялaрды eнгiзу тaмaқ өнeркәсiбiнiң бoлaшaғы зoр бaғыт бoлып тaбылaды. Aстсoртимeнттiң aртуы қoсымшa шикiзaтты eнгiзумeн бaйлaнысты, oның бiр нұсқaсы соя мен сұлы ұнтaғы бoлып eсeптeлeдi. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Оразаның және Рамазан айының құндылығы

Сұрақ: Рамазан айының құндылығы қандай?
Жауап: Рамазан айының құндылығы туралы Имам Раббани хазреттері былай деген:
Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ифтар беріп, ауыз аштырған адамның күнәлары кешіріледі. Жаһаннамнан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай сауап бұған да жазылады. Ораза тұтқан адамның сауабы да мүлдем азаймайды.
Бұл айда қол астындағыларға жұмыстарын жеңілдеткен, олардың.....

Кеңестер
Толық

Рамазан айы. Ораза. Ауызашар (ифтар) берудің сауабы

Хадис шәрифте: «Рамазанда бір қонаққа ауызашар берген адамға Сырат көпірін өту оңай қылынады.» делінген. (Уәсиләт-ун-нажат)

Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз: «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» дегенде, сахабалардың.....

Кеңестер
Толық

Ауызашар берудің пайдалары, құндылығы мен сауабы қандай?

Рамазан айы келісімен көбіміз ауызашар беруге асығамыз. Бұған байланысты кейбіреулер оразаны міндетті түрде беру керек пе, жағдайым келмей жатса ше, дастарханның ағыл-тегіл болуы міндетті ме деген сынды сұрақтар қойып жатады.

Ауызашар беру – сауапты іс. Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай.......
Кеңестер
Толық