СДУ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында заманауи IT-мамандарды әзірлейді

Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Сулейман Демирел университетінде XXI - ғасырдың IT-маманын кәсіби даярлау тұжырымдамасы әзірленді. "Отандық білім беруді жаңғырту жағдайында көптілді IT-маманның инновациялық құзыреттілік моделін әзірлеу және енгізу" тақырыбындағы ғылыми жоба 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсының....
Жаңалықтар
Толық

Әдебиет | АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

«Алпамыс батыр» жыры қазақ халқының ауыз әдебиетіне жатады және жырдың қазақша бірнеше нұсқалары бар. М. Ғабдулин «Алпамыс батыр» жырының жиналуы мен зерттелуі тураы былай деп жазады: «…«Алпамыс» қазақ еліне, әсіресе оңтүстік қазақтарына, ертеден таныс, көп заман бойына ауызша айту арқылы тараған көне жырдың бірі бола тұрса да, тек өткен ғасырдың аяқ кезінде ғана хатқа түсіп, баспа жүзіне шықты. Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек қожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 - жылы Қазан қаласында бастырып шығарды. Содан кейін жырдың осы варианты өзгеріссіз 1901, 1905, 1907, 1910, 1912, 1914, 1916 жылдары қайта басылды. Жырдың бұл вариантында айтылатын негізгі әңгімелер Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуі, Тайшық ханға аттануы. Ұлтанды жеңуі жайында болатын…» (М.Ғабдуллин,«Қазақ халқының ауыз әдебиеті», Алматы, «Мектеп» баспасы, 1974- жыл, 169 -170 беттер).
Алпамыс батырдың қалмақтармен соғысқан сәті жырда былай суреттеледі:
… Астында Шұбар секірді,
Жазым болып кетер деп,
Үстінде бала бекінді,
Шынжыр арқан,темір тор,
Жүн- жүн болған секілді.
Тағы шұбар бұлқынды,
Үстінде бала жұлқынды,
Қамалап тұрған қалмаққа,
Жалғыз бала ұмтылды.
Енді қалмақ сасады,
Қақпаның аузын ашады.
Біріне бірі қарамай,
Қақпаға құлып сала алмай,
Бет бетімен қашады.
Алдыңғы жағын қалмақтың
Арт жағы келіп басады…
…Көк орданың басында,
Көк өзеннің қасында,
Тайшық хандай ханына
Алпамыс берен айқасты.
Қарсыласып қалысты,
Тайынбай найза салысты.
Біріне бірі ылағып,
Екі найза қағысты.
Осы менен екеуі
Біраз жерге барысты.
Найзаларын тастасып,
Қылышпенен салысты.
Ат үстінен жүгіртіп,
Бірін бірі шабысты… («Алпамыс батыр», «Қазақ әдебиеті» (хрестоматия), құрастырушылар: Т.Ақшолақов, Ә.Қанафин, М. Хасенов, Алматы, «Мектеп» баспасы, 2001 -жыл, 89 бет).....
Рефераттар
Толық