Экономика | Нарықтың мәні атқаратын қызметі түрлері мен құрылымдары

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдык өнімнің нақтылы қозғалысы сан мындаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардын, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылыгғның экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің "қан айналымы" жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы козғалысында рынок маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршендігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен рыноктардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориалық айтыстар толастамай келеді. Экономикалык әдебиеттер мен зерттеулерде "рынок" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла койған жоқ. Көпшілігі рыноктық катынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет "дәрі" деп те, немесе осы салада орын алып отырған олкылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтің керемет "күш" деп те дәріптеуде. ....
Рефераттар
Толық

Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру

Нарық қатынастары шаруашылық қарым – қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үрдістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан – жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бпр ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттілікткрін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестік күресінде жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады. Бұл жиналған ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерістері туралы тағы басқа сол сияқты болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетинг жетекші рөл атқарады.
«Маркетинг» ұғымы ағылшынның “market” – нарық(рынок) сөзінен шыққан, ал “ing” жалғауы нарық жасаушы немесе нарық аумағындағы қызмет дегенді сипаттайды. Алайда бұл ұғымның мәні одан да кең және ауқымды. Сондықтан мұның көптеген (2 мыңнан астам) анықтамалары бар. Солардың ішінен маркетинг саласындағы белгілі маман Филип Котлердің берген анықтамасын айта кетуге болады. Ол бойынша маркетинг – айырбас арқылы мұқтаждық пен қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі.
Маркетингтің негізгі мақсаты: нарықтық экономикалық және шаруашылық коньюктураны зерттеу, тұтынушылардың нақты сұранысын анықтау мен оларды материалдық тұрғыдан ынталандыру, басқару саласына қатысты қабылданатын шешімдермен қамтамасыз ету, кәсіпорындардың жұмыс бағдарламаларының дұрыстығын дәлелдеу.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық өмірінде болып жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен ғана шектелмей, республика кәсіпорындары алдына жаңа экономикалық шарттарда өміршеңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелрдің бір қатарын жолға қояды.
«Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді» деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын, сонымен қатар біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайға қол жеткізу үшін біз кәсіпорындарымыздың жұмысын шетелдік стандарттарға сай ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды қолдануымыз қажет Соның бірі кәсіпорындағы маркетингтік тәжірибелерді қолдану. Қазіргі қалаптасқан жағдайда бұл өте көкейкесті мәселелердің бірі болып саналуда. Осы мәселенің бастысы курстық жұмыстың мақсатын анықтаған болатын.....
Рефераттар
Толық

Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту

Тыныс алу мүшелері организімді оттегімен қамтамасызетуге және одан көмір қышқыл газды шығару қызметін атқарады. Дені сау адамның тыныс алу қимылы минутына 16-дан 40-қа дейін өзгеріп отырады, бұл адамның жасына, жынысына, дене құрлысына байланысты. Дене қызуы көтерілуі, қобалжуы, дене еңбегімен айналысу тыныс алу жилігін артырады.
Тыныс алу жилігін сырқатқа байқатпай санау керек. Осындай мақсатпен сырқат білегін алып, тамыр соғуын анықтағандай (санағандай) болады, ал екінші қолын сырқат көкірек клеткасына қойып оның бір минуттағы қимылын санайды. Тыныс алу қалыпты, белгілі бір тереңдікте болуы тиіс.
Тыныс алу орталығының функциясы зардап шеккен кезде тыныс алу сирейді. Ауыр жағдайларда Чайн –Стокс, Биота және Куссмауль типтес патологиялық тыныс пайда болады. Чайн –Стокс тынысы-дем алу қимылдарының оқтын –оқтындылығымен сипатталады, дем алу қимылдарының арасында біртіндеп өсетін және тыныс толық тоқтап қалғанша азаятын үзілістер болады. Биота тынысы қалыпты, ырғақты тыныс алумен сипатталады, ол арасында 1 минутке дейін созылатын ұзақ үзілістермен сипатталып отырады. Куссмауль тынысы қалыпты сирек тыныс алу
Тыныс алу органдары ауруларының жалпы сипаттамасы
Ентікпе дегеніміз тыныс алудың қиындауы, ал дем алу қимылдарының ырғағы мен күшінің бұзылуымен сипатталады.Бұл жағдайда сырқат дем жетпегендей ауыр сезініп, осыған байланысты терең де жиі дем алады. Ентікпе - қорғаныш- физиологиялық икемделу,оның көмегімен организм жетіспейтін оттегінің орнын толтырып, жиналған көмір қышқылының артығын шығарады.Ентікпе кезінде тыныс реттілігі бұзылады, ал тыныс алу жилігімен және тереңдігімен білінеді. Жиі және сирек, сондай –ақ үстірт және терең дем алулар түрін ажыратуға болады
Ентікпенің екі түрі бар – инспираторлық және экспираторлық.
Инспираторлық ентікпе узақ дем алумен сипатталады және ол дауыс саңылауының рефлекторлық қысылуы кезінде пайда болады. Бұл кезде сырылдап дем алады. Экспираторлық ентікпе (қиналып дем алу) ұсақ бронхтардың және бронх бұлшық еттерінің жиырылуы салдарынан майда бронхтардың саңлауы тарылған кезде, әдетте бронх демікпесі кезінде пайда болады.
Сырқат ентігі бастаған кезде мейіркеш ол жөнінде дереу дәрігерге хабарлауы және оның тыныс алуын жеңілдету үшін шұғыл шаралар қолдануы қажет: оның басын көтеріпнемесе жауырынынабірнеше жастық қойып, әйтпесе арнайы кереуеттің жоғарғы жағын көтеріп тастап қысып тұрған киімдерін ағытып шешуі, терезені немесе әйнекті ашыпкөбірек таза ауа келуінқамтамасыз етіп, сондай –ақ сырқаттқа оттегі жастығын жіберу тиіс. ....
Рефераттар
Толық

Месяц рамадан 2017. Расписание уразы и время намазов на 2017 г. хиджри 1438

Толық

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Б әрпі бойынша ат қою)

БАҒИЛА - араб тілінен алынған бахи - мәңгілік, өмірлік, берік, тұрақты, мәңгі жасаушы.

БАҒЫМША - араб тілінен алынған бақ , бах — бақыт, ырыс, құт, яғни менің бағым, ырысым деген сөз.

БАЗАРАЙЫМ - иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі айым - менің қуанышым, базарым, айша жарқыраған аппағым.

БАЗАРГҮЛ - иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған қуанышым, базарым деген мағынада қойылған есім.

БАҚТЫГҮЛ - араб тілінен алынған бақыт + қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған бақытты бала деген мағына беретін есім.

Алфавит бойынша қыздар есімдері жинағы :
А, Ә, Б, Г, Ғ, Д, Е, Ж, З, И, К, Қ, Л, М, Н, О, Ө, П, Р, С, Т, У, Ұ, Ү, Ф, Х, Ш, Ы, І
Алфавит бойынша ерлер (ұлдар, ер бала) есімдері жинағы :
А, Ә, Б, Ғ, Д, Е, Ж, З, И, К, Қ, Л, М, Н, О, Ө, П, Р, С, Т, У, Ұ, Ү, Ф, Х, Ш, Ы, І
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Д әрпі бойынша ат қою)

ДАЙАНА - латын тілінен алынған Диана — пәктік пен ай құдайының аты.

ЖАЗИРА - араб тілінен - ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЕРКЕ - айтқанын істететін шолжың, еркін.

ЗАЙДА - иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Г әрпі бойынша ат қою)

Гауһар - Гүлшаш

ГАУҺАР - иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар.

ГАЯНА - грек тілінен — жерге тән, жерден шыққан.

ГҮЛАЖАР - көркі гүлдей жайнаған қыз.

ГҮЛАЙ – қазақ есімі— гүлдей сұлу, айдай көркем қыз.

ГҮЛАЙЫМ - иран тілінен — гүлдей сүлу менін гүлім, айым.

ГҮЛБАНАТ - тәжік тілінен - қыздардың гүлі, сұлуы, әдемісі.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Л әрпі бойынша ат қою)

ЛАЗЫМ - араб тілінен алынған — қажет, міндетті, көректі.

МАҒРИПА - араб тілінен алынған магрифет — білім, таным, өнер, сауаттылық яки солардың иесі.

НЕСІПЖАН - араб тілінен алынған насиб - үлес, сыбаға; бақыт, тағдыр.
Есімдер мағынасы
Толық

Қыз, әйел заты

Қыз - қонақ.

Қыз - әкесіне жұлдыз, шешесіне күн.

Қыз бала - өріс.

Қыз - ауылдың көркі,
Құндыз болса, бөркі.
Мақал-мәтелдер
Толық