Сәбит Мұқанов | Кер заман


1

— Қайынаға, салығыңызды кешіктіріп кеттіңіз, неге төлемейсіз? — деп қайқы мұрындау келген, денелі, томпақ көз, жұқа ерін, суық шарпыған беті қара қожалақтаның-қыраған, басында түбіт шәлісі, аяғында саптама етігі, қолында тері биялайы бар, үстінде сеңсеңмен тыстаған сары тоны бар Ұлбосын, дәреттен келе жатқан Кәдірбай хажының алдынан кес-кестей берді.

Шалбарының бауын екшей байлап, аяғымен жерді тебініп, қысықтау келген қиғаш көзін Ұлбосынға алайта қарады да:

— Қайдағы салық? — деді хажы.

— Білмейсіз бе, қандай салық төлейтініңізді, — деді Ұлбосын, даусын көтере сөйлеп.

— Нені білейін! — деп хажы бір уыс көдедей шоқталып біткен ұзын қасын көзіне түсіріп, қалың қабағын тыржитты.

— Білмесеңіз айтайын: бір ауылнайдың имамы боласыз ғой. Зекет-ғұшырдан, жаназа шығарғаннан, тағы сондай табысыңыздан 350 сом, салған егін, жылқы, сиыр, қойыңыздың салығы 86 сом. Патент алмай сауда қылғаныңыз үшін 61 сом, барлығы 607 сом.

— Келін, осы сенің-ақ маған құтың түсті-ау жарқыным. Бір жылғы табысымның бас-аяғы 100 сомға зорға толады. Әнеугүні пинәтделге осы мәнімді айтып арыз бергем. Одан жауап алмай төлемеймін. Егінді жөнді салғам жоқ. Бір-екі десятина сепкен болып едім, шықпай қалды. Сауда қылғанымды кім көрген екен? — деп хажы аппақ сақалын қолымен тарап кейіді. .....
Әңгімелер
Толық

Василий Шукшин | Микроскоп

Осыған бел байлауы керек еді. Солай істеді де. Ол үйіне келді: есі шығып, өңі қашып кеткен әйелінің бетіне қарай алмастан:

— Әлгі... Мен ақшамды жоғалтып алдым, – деді бұл мезетте оның (қисық әрі дөңес біткен) сарғыш мұрыны қып-қызыл болып кетті. – Жүз жиырма сом.

Аузын ашып аңырып қалған әйелі сенер-сенбесін де білмеді: қалжыңы шығар деп ойлады. Жоқ, бұл қисық мұрын ешқашан қалжыңдап көрген емес-ті, қалжыңның не екенін де білмейді.

— Қайда жүріп? – деді әйел тұтқиылдан. Бұл не дерін білмей, күрмеліп барып:

— Қайда қалғанын білсем, іздеп барып алмас па едім.

— Жоқ! Оның болмайды! – деп шаптықты әйелі, – Бұл тәлкегің енді ұзаққа бара қоймас! – Пештегі ұзын көсеуге қарай ұмтылды. – Табандатқан тоғыз ай толғаттырамын, жексұрын!..

Ол әйелінің соққысын тойтармақ болып төсек үстіндегі жастықты алды. (Бұрынғылар жарқ-жұрқ еткен қалқанына сиынатын еді. Бұл жастықпен жасқайды!) Екеуі бөлмені шыр айнала сайысып жүр...

— Байқа, жастықты былғайсың! Жуатын өзің!..

— Жусам, жуамын, қисық тұмсық. Екі қабырғаңды сындырамын, сындырмай тынбаймын.

— Әкел қолыңды, уәде ме!

— Шама-шарқың белгілі, қисық тұмсығым! .....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Қыз Жібек әңгімесінің мәнісі

Қазақтағы ел поэмасының екінші бір мысалы – "Қыз Жібек". Жалпы поэма атты әңгімелі өлеңдер, елдің арнаулы салтын, әдет заңын, дүниеге көз қарасын, ұғымын білдіретін әңгімелер десек, "Қыз Жібек" те сондай ел тіршілігінің көлемді айнасы болғандықтан, көңілдегідей жақсы поэма деп саналады.

Біз "Қозы Көрпешті" қарастырған уақытта, ол поэма қазақтағы көшпелі салтты білдіреді, сондай салт, сондай әдет заңының ортасында туып-өскен адамның дүниеге көзқарасы қандай, махаббат сезімін бағалау, бақыт, жақсылықты айыру қандай, сондайларын көрсетеді дегенбіз. "Қозы Көрпеш" көшпелі салт пен ру жігіне бөлінген ескі өмірдің сұлу табысы деп баға бергенбіз. Қазіргі "Қыз Жібек" те сондайлық ел салты, ел ескілігінің бір табысы. "Қыз Жібек" әңгімесінде қазақ сияқты елдің бұрынғы әйелге берген бағасы білінеді. Сондағы әйел турасындағы әдет-заң сол заман еркегі мен ұрғашысына қандай ұғым берген? Ру жігіне бөлінген тіршіліктің кезінде ру мүлкі деп саналатын әйел махаббатқа қалай қараған? Өз өмірінің мағынасын не деп түсінген? Соның өмірден күтерлік қызық сәулесі, үміт тілегі қандай күйде болып қалыптанған? "Қыз Жібек" әңгімесі осы жайларға жауап бергендей болады. Ескі заманның әйелі ескі заңның арқасында дүниеге бүгінгіден бөлек, ерекше көзбен қараса, сол заманның еркегі, сол заманның барлық қауымының да көз қарасы сол болған. "Қыз Жібек" әңгімесі жалғыз ғана әйел емес, барлық елдің дүниені түсінуі мен ұғынуын тұтас көрсетеді. "Қыз Жібек" әңгімесінде ерте бір замандағы қазақ жастарының тіршілігі, қазақ жасының жақсы деп баға берерлік бір қызықты өмірі баян етіледі. Сол әңгіменің орта жерінде тұратын адамдар: жар таңдаумен өскен, жөпшеңді жігітті менсінбей, тәкәппар болып жүрген сұлу Қыз Жібек.

Екінші адам сол қызды алыс елден іздеп келіп, сұлулық, естілігімен жеңіп алатын Төлеген.

Әңгіменің ішіндегі суреттелген қыз бен жігітті алсақ, бұл екеуі де өз заманының бел баласы. Сол өңірде өсіп, сол көшпелі салт пен ру жігіне бөлінген елдің заңын, заң ұғымын ұғым қылып тұтынған адамдар.

Осы жағынан қарағанда, Төлеген өз заманындағы қазақ ортасындағы сері мырза, ерке бұлан болып өскен жігіттің үлгісі. Бұрынғы қазақтың түсінуінше қатын алатын шақ – әрбір жігіттің жігіттік ерлік өнерін сынайтын кез болады. Баяғы замандағы ескінің айтқан: "Қатынды не ел шауып, егер қылып жаттан аларсың, не ағаңды өлтіріп, жеңгенді аларс.....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Қамбар жыры

"Қамбар" жырының қысқаша мазмұны
Қазақ елінің ескі тарихынан, халық мұрасынан қалған үлкен жырдың бірі — "Қара қасқа атты Қамбар" жыры. Мұның мән-жайын тексеруден бұрын әуелі қысқаша түрде әңгіме мазмұнын айтып өтейік.

Бұрынғы өткен заманда он екі баулы өзбекте Әзімбай деген бай болады. Мұның алты ұлы, бір сұлу қызы болады.
...Қыз Назым шықты бұраңдап,
Он сегіз толған жасына,
Кәмшат бөрік келісіп,
Бриллиант қойды басына.
Қара мен төре қайғырды:
Болса деп бізбен ашына.

Сол Назым қыз күйеу таңдайды. Әзімбай бай: "Қызымды таңдаған адамына қосамын, дәмелі адам жиылсын", — деп, жар шашты.
Айтылған күні қалың ел жиылып, көруге келісті. Қызға ешқайсысы жақпады. Назым қыздың көңіліне алған жігіті Қамбар еді — ол келмеді. .....
Әңгімелер
Толық

Шортанбай Қанайұлы | Шортанбай айтқан екен


Қатынын мақтар хас жаман,
Баласын мақтар нас жаман.
Алыстағы дұшпаннан
Андып жүрген дос жаман.

Құдыққа еңкейгенде басындағы топысы суға түсін кетеді. Шортанбай қарманып, ұстай алмай қалады. Сонда былай деген екен ойланбастан:

Басымда топым ба еді көп көргенің,
Мен бе еді осыншама жек көргенің.
Бар сенгенім сен болсаң, екі қолым,
Кәнеки, тап бергенде — ап бергенің?
* * *
Пенде жоқ тәубә қылған ісін біліп,
Төрт кісі өз жақыныңнан талап алар
Оң жаққа салғаннан соң шешіндіріп,
Қолынан қарындастың келгені сол,
Керге сап, көміп қайтар көсілдіріп. .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Жансүгіров | Шәркей

Шәутен деген бала бар еді. Оның бір әдемі ақ қозысы бар еді. Шәутен ақ қозысын жақсы көруші еді. Қозысының енесін апасына өзі саудырушы еді. Қозысын өзі көгендеп, өзі ағытушы еді.

Шәутеннің аяғында шәутиген ғана шәркейі бар еді. Ағытып жатқанда қозысы Шәутеннің аяғын басып, шәркейінің ұлтанын түсіріп, жыртып-жыртып кетті. Шәутен шәркейіне жылап жіберді.

Апасы:

— Қой, балам, жылама! Осы қозының өзінің жүнін шәркей ғып берем, онда қайтер екен, — деді.

Ақ қозы үлкен марқа болды. Кішкене күндегі әдемі ақ бұйра жүндері ұзыннан-ұзын болып кетті. Шәутен де өсті. Жамаулы жаман шәркейі кішкенеден-кішкене болып, аяғына симай қалды.

Шәутен:

— Апа, шәркейім аяғыма симай қалды, — деді. Апасы:

— Ендеше ақмарқаңды қырықтырып әкеле ғой, балам, — деді. Шәутен Сансызбайға марқасын қырықтырды.

Шәутен апасына:

— Апа, марқаны қырықтырдым, жүнін әкелдім, енді шәркейім болды ма? — деді.

Апасы: .....
Әңгімелер
Толық

Мақсат Рамазанұлы | Жердің жаназасы

Жер о дүниелік болыпты деген қаралы хабар бір сәтте он сегіз мың ғаламға тарап үлгерді. Маған да жетті. Қаралы хабарға күллі әлем күңіреніп, ащы өксікке толы өкінішпен тіл қатқанымен, бірқалыпты өмірім өзгерген емес. Жерді ойлап жанарымнан жас та шығармадым. Алып Күнді өз өсінен тоқтамастан үш жүз алпыс бес күн айналатын Жердің, әйтеуір бір тоқтайтыны мен үшін ақиқат еді. Сол сәт бүгін орындалып отыр. Негізгі қисын осы. Біз соның куәсіміз, бірақ кінәлі емес едік. Кінәлі да шығармыз, бірақ менің қатысым шамалы. Әлем болса қылмыскерді іздестіріп жатты. Ұзақ іздеу салатын шығар деп ойлағанмын, қателесіппін, олардың топшылауындағы қылмыскер сол күні кешке қарай қамауға алынды.

Бір Көріпкел ұсталыпты. Ол жайында сырттай талай сырға қанық болғаныммен, түр-түсін көрмеппін. Ал оның бар жазығын естігенімде, шыдай алмай күліп жібердім. Сонда барлығы маған жек көре қараған. Көңіліме алмадым. Дегенмен Көріпкелге тағылған айып, ойландырмай қоймады. Егер бар әңгімені бүкпей баяндасам, Көріпкел Жер қаза табатын түні аспандағы жұлдыздармен ұзақ сырласыпты-мыс. Біреулер тыңдап қалса керек. .....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов Қобыландының | Тайбурылы туралы


Батырлар жырының тағы бір үлкені — Қара қыпшақ Қобыланды батыр жайындағы жыр. Сол жырдың ішінде сипатталған Тайбурыл деген аттың жайын ғана айтамыз.

Тайбурыл - Қобыландыдай ірі батырдың аты. Оны батырға тәрбиелеп, өсіріп берген Құртқа. Батырдың ақылды, мінезді серігі Құртқа Тайбурылды өзі баптап, Қазан сапарына батыр аттанарда ғана әкеп береді. Сол Тайбурыл бір жағынан Қобыландыдай үлкен батырдың аты. Екінші — өзін Құртқа тәрбиелеп өсірген, сондықтан ол жырдың қиял етіп, көтеріп, ертегідей ұлғайтып, мақтап айтатын аты болады. Тайбурыл шапқанда:

Көл жағалай отырған

Көкқұтан мен қарабай,

Көтеріліп ұшқанша,

Белінен кесе басады... — дейді.

Бұл "алты айлықты алты-ақ аттайды" дейтін, алысты жақын ететін, нағыз, қиялдай жүйрік ат. Шапқанда сондай болған. Тайбурыл иесі қысылған жерде тілге келіп, ақыл да қосады. Көлік қана емес, серік те, дос та өзі деген жайды білдіреді. Батыр жалғыз өз басымен ғана батыр емес, осындай қанаты сияқты болған атымен батыр. Қобыланды бұрынғы қазақ елі сияқты әрі көшпелі, әрі бақташы болған елдің батыры. Кәсібі осындай болған елге - ат ең қымбат, ең жақын серіктің бірі боп саналады. Тайбурылдың бар сипаты сол себепті үлкен сипат боп, тіпті адам сипатындай боп, ұлғайтылып айтылады. Бұрынғы ескі тарихта: "жағалай шабыс", "құба қалмақ" деген замандар болған. Онда біреуге біреу шабуыл жасау, күшсізді күшті жем қылу заң болған. Сондайда, қап қыл ық-қуғылықта қашса құтылып, қуса жетіп отыратын ат ең қымбат дос болады......
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Зар заман ақындары

Зар заман деген – XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына "зар заман" ақындары деген ат қойдық. Бұл ақындардың дәуірі жоғарыда айтқан тарихи дәуірді туғызған дәуір. Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ, зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады.

Біз тарихи өлеңдерді қарастырған уақытта, осы жүз жыл қазақ тіршілігіне қандай жаңалық әкеліп, қандай күйге түсіргенін айтқанбыз. Бұрын өз бетімен еркін жүрген елдің тіршілігі осы дәуірде қайғыны да, қазаны да, толып жатқан өзгерісті де көрген. Сол ауыр күндері ел ортасынан екі алуан адамды шығарды дегенбіз. Біреуі – тарихи өлеңдерде саналған ел қаһармандары, екіншісі – ел тілегін айтып, зар, мұңын сөзбен шығарған ойшыл қария, өлеңші ақын, жырау болатын. Қазіргі қарастырғалы отырған зар заман ақындары – сол ел қамын сөзбен жоқтаған жоқшылар. Бұлардың туысы мен бағыт сарыны ел басына келген тарихи дәуірден туғандықтан, барлық ақынды тарихи көлемінде қарастыру керек. Бұларды ұғу үшін соларды туғызған ел мен шартты тарих бетінен ұғыну керек. Бірақ біз сол заманның жалпы тарихтағы нобай суретін тарихи әңгімелердің тұсында айтқандықтан, бұл бөлімде тарихи мағлұматтың дәл өзіне тоқтамаймыз. Оның орнына сол дәуірдегі өлең, жырға тарих суреті қандайлық болып түсті, зар заман деген бағыт неден басталып, немен бітті? Ақындары кім? Бұрынғы өлеңдерден басқалық жаңалығы бар ма? Кейінгі заманға қандай сарқыт қалдырды? Онан соң әдебиетте бұл дәуір қандай орын алады? Мінеки, бұл бөлімде әрбір ақынның өлең, мысалдарын көбірек көрсетіп отырып, анықтамақ болған түйінді мәселелер осылар. .....
Әңгімелер
Толық

Эдгар По | Морг көшесіндегі кісі өлімі

Сирендер шырқаған неткен ән немесе әйелдер арасында жасырын жүргенде Ахиллдың есімін қалай атады екен? — қаншама шым-шытырық сауалға толы болса да — болжам жасауға болады.

Сэр Томас Браун. Құтыға жерлеу.

Біздің ақылымыздың айырып, ажырата білу қабілетіміз талдау жасауға келгенде тым шорқақ, Біз оны тек нәтижесіне қарай бағалаймыз. Басқа да қасиеттермен бірге адам, әсіресе дарынды адам үшін талдай білу айрықша ләззат қайнары болып табылатынын біз жақсы білеміз. .....
Әңгімелер
Толық