Алтын қайырымды жан құрбым

Менің алтын қайырымды жан құрбым Тілеубектегі Анарбекқызы Жүсіпнемересі Гүлсананың бойындағы ең бір ерекше ұнайтын қасиеті – оның ақкөңілділігі мен асқан мейірімділігі. Әрқашан күліп жүретін ол досқа адал, ағайынға бауырмал, адам біткенге қайырымды қыз. Ешқашан ешкімге жоқ демейтін, қолындағы барын беруге даяр, ол имандылықты өз өміріне ту етіп, адамгершілікті берік ұстанған. Мен Гүлсананың әрдайым күліп жүретін көңілді мінезін, өміршеңдік қасиетін жоғары бағалаймын. Әсіресе, жоқшылықтан жүдеген отбасыларын үнемі қолпаштап жүреді. Айта өтсем, Павлодар қаласындағы 4 баласымен қалған жалғызбасты әке Кайр Кошелековке, Алматы қаласында 4 бірдей мүгедекті бағып, ыстық-суығына төзіп отырған жігіт Данияр Губайдуллинге, Алматы қаласындағы бір қызымен қалған жалғыз басты анаға, үш кісінің жүрек отасына, қос бүйрегінен айрылған .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ана тілім қазақ тілі

(Мектеп шәкірті үшін жазылған).

Халқымыздың бойында жинақталған асыл мұраларымызды еске алып отырсақ, олардың бізге қымбат әрі қастерлі екендігін ұға түскендей боламыз. Сондай қасиетті ұғымдар ол өз халқыңның тілі, тарихы, салт-дәстүрі тағы басқалар болмақ.

Менің ана тілім – қазақ тілі. Оның ғасырдан ғасырларға жасап келе жатқан бай мұрасы бар екендігі бізге белгілі. Халқымыз – ежелден-ақ тіл өнеріне аса ден қойған халық. Тіпті ұлтымызда асыл ана тілімізге арналған мақал-мәтел, түрлі нақыл сөздер де көптеп кездеседі. Халқымыз, мысалы, «Өнер алды – қызыл тіл» деп, тіл өнерін аса жоғары бағалады. Сондықтан да сол кезеңде тіл өнерін биік меңгерген адамдарды шешен деп құрметтеген еді. Тарихымызда мұндай би-шешен тұлғаларымыз аз болмаған. .....
Әңгімелер
Толық

Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы саласының болашағы бар ма

Маңғыстау өңірі Қазақстандағы бірден бір жер үсті су көздері жоқ, қатал табиғатымен ерекшеленетін, экономиканың дамуының негізгі салалары мұнай мен газ өндіру болып табылатын, шөл және шөлейт аймақ. Сол себепті Маңғыстау облысын аграрлық өңірге жатқызу мүмкіндігі шектеулі. Дейтұрғанмен, аграрлық секторды облыс экономикасының дамуының драйверіне айналдыру мақсатында ата кәсіп - мал шаруашылығын қарқынды дамытумен қатар, егін шаруашылығын дамыту іске асырылып келеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Берішбаев мәлімдеді.

Айта кету керек, бірінші жарты жылдықта 2658,5 тонна ет, 3000 тонна сүт, 808,6 мың дана жұмыртқа, 4708,6 тонна ұн, оның ішінде 4513,3 тонна бірінші сұрыпты ұн өндірілген. Жалпы мал шаруашылығы саласында ілгерілеу жоқ емес. Ароөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында, мал шаруашылығында тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру негізгі екі бағыт бойынша айқындалған. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Менің халқым


Әрбір адамның ана тілімен қатар туған жері, туған ұясы болады. Туған жер ұғымын екі тұрғыда алып қарастыруға болар еді. Біріншісі – адамның өзінің кіндік қаны тамған жері, екіншісі – Отан деген қасиетті сөз мағынасында қарастырылады. Бірақ екеуі де – бір-біріне жақын, сабақтас ұғымдар. Анығында, адамның Отанға деген махаббаты өзінің кішкентай ғана шағын елді мекенінен бастау алып жатуы әбден мүмкін. Адам сол туған жерін сүю арқылы Отанын сүюді үйренеді.

Менің Отаным – Қазақстан. Бірнеше мемлекеттермен шектесіп жатқан ұлан-байтақ территориясында қазақ халқымен бірге сандаған ұлттың өкілдері тату-тәтті тіршілік етуде. Қазақстан бұл күнде әлемге танылған мемлекет болып саналады. Әлемдік өркенді елдердің қатарынан орын алуды мақсат тұтқан тәуелсіз, жас мемлекеттің экономикасы жыл сайын өрістеуде және осы мақсатта мемлекеттің білім саласына ерекше көңіл бөлінеді. .....
Әңгімелер
Толық

Нұрбол Бимұрзаев | Теледидар және балалар

Франциялық балалар психологы профессор Марсель Руфо: «Теледидар кереметтей қылмыс мектебі. Теледидар электрлік тыныштандырғыш болуы себепті, үнемі теледидар алдынан шықпайтын балаларда есірткі және тыныштандырғыш дәрі тәуелділігін жеңілдететіні анықталды. Теледидарды шамадан тым артық көретін балалардың тамақ жемей, ұйықтау қиындығы, жаман түс көру, сабақ оқуға немқұрайлық, қиялшаң өмір сүру, теледидардағы кейіпкерлерге еліктеу, тұйық болу, әлеуметтік қарым-қатынастарда сәтсіздік секілді келеңсіздіктерге тап болып жатқандығы көрінуде» дейді.

Соңғы жылдары жасалып жатқан ғылыми зерттеулер нәтижесінде теледидардың ми функцияларына зиянды әсер ететіндігі анықталуда. Бұл зерттеулерден шығарылған нәтиже миымыз үшін теледидар көрумен, дуалға қарап отырудың айтарлықтай айырмашылығы болмауында. Бұл нәтиже бір қарағанда қисынға сай келмейтіндей көрінеді, алайда теледидар алдында миымыз автопилот режиміне еніп кетеді екен. Мұны бір тұтам азықты шайнамастан жұтып жібергенмен тең десе болады. Едәуір мөлшердегі ақпараттар талқыланбай, өңделмей миға тола береді. Бір сценарийге, шытырман оқиғаға ден қойылса да нәтиже осындай. Ми теледидар көре бастағаннан 60 секундтан кейін белсенділігін жоғалтады. Теледидардың бұл қасиеті ең көп жарнамашылар тарапынан қолданылуда. Жарнама көрсетіліміндегі ескертулер тез өзгеретіні соншалық, миымыз бұл жылдам өзгерісті ұстап қалу үшін бүкіл зейінін экранға бағыттайды. Ми гипнозға түскендей белсенділігін жоғалтып, жарнамасы жасалған өнімге талап қалыптастырылған болады. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Әнші Шақтай Айдындағы аққулар

Көршіміз, Шақтай ақсақал,әлдене толы көнетоз сөмкесін арбаға салып жатып шешеме:

— Бәйбіше, ақсақалың бүгін түске қарай келіп қалар,- деп ескертті.

— Өзіңіз жол жүріп...

— Иә, жұмыс қой фермаларға барамын,- деп арбасына отырып, қыр асып бара жатты. Араға 3-4 күн салып оралды. Ал бұл тұста Қатынкөлге жайлауға көшіп келген құлағалы тұрған балағандарға жайғасқан. Қойлы ауылдың адамдары кәдімгідей-ақ ен жайлауда серпіліп, сергіп қалғандай еді. Әкем кешкі шай үстінде: «Шақаң ертең қозы суарам дейді. Сен де көмектес»,- деген.

Ертеңгісінде құлқын сәріден ауылдың үлкендері де, кішілері де осында еді. Тек олардың арасында Шақаң көрінбеді. Бірер сағаттан соң қозыларды бөліп те болдық. Отар өріске беттеді. Қойлар да, қозылар да жақ жаппай маңырап, айнала төңіректі азан-қазан етіп жіберді. Ауыл әйелдерінің бірі Шақаңа хабар салуға кетті. Әлден соң әлгі әйел екі шелекке құйылған суға араласқан дәріні алып, Шақаңды ертіп келді. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Тек ақылмен

(Әңгіме)

— Өй, мынаның терлеп-тепшіп ұйықтап жатқанына қарағанда, келгеніне біраз уақыт болған-ау, шамасы,— деп бұл жатқан кереуетке қарай беттеген. Ақаштың даусын естіп жатса да, ол әлі де мең-зең ұйқы құшағында еді. Анау мұны жұлқылап оята бастады.

Мен ауылдың орта тұсына жете бергенде-ақ интернат маңында жүрген иттердің абалап үріп, артынан әр тарапқа бытырай қаңсылап, қашқандарынан-ақ дәу де болса жынды қара келген болар деп ойлаған едім. Өйткені үрген иттерді қынадай қырып, таспен атып, «бүйідей тиіп, шылдай тоздыратын, сен едің» деумен болған. Бұл сәтте Акаша жынды қара атаған бала басын көтеріп, кереует үстінде отыр еді. Оның аты – Сәмен. .....
Әңгімелер
Толық

Сенім

Сан-Франциско қаласы. Мектеп директоры 3 мұғалімді кабинетіне шақырып:

— Құрметті ұстаздар, сіздерді осы мектептің ең таңдаулы және ең үздік шығармашыл ұстаздары деп сіздерге жауапкершілігі зор жүк артпақпыз. Мектебіміздің ең үздік, ең ақылды деген 90 оқушысын келер жылға дейін жақсылап оқытып үйретуге тапсырма бермекпіз. Оларға білмегендерін үйретіп, амалдарды жылдам орындауға дағдыландырады, деген сенімдеміз,- дейді. Сөйтіп, ұстаздар мен оқушылар, оқушылардың ата-аналары да бұл ұсынысқа қуана-қуана келіседі. Осылайша қызу оқу жылы басталып, соңы табысты да жемісті жылға айналады. Оқу жылы аяқталғанда бұл мектеп оқушылары Сан-Франциско қаласындағы үлгерімі мен білім сапасы жөнінен басқа мектеп оқушыларын басып озып, үздік нәтижелерге қол жеткізеді. Сонда директор тапсырма берген 3 мұғалімді шақырып алып, былай дейді: .....
Әңгімелер
Толық

Нұрбол Бимұрзаев | Тым балажандық

Ата-ананың ең үлкен уайымы, ең негізгі мақсаты баласын ең жақсы түрде жетілдіру болып табылады. Бірақ кейде жақсылық жасайын деп отырып зиян тигізуі де мүмкін. Бұған мысал ретінде «Кезінде біз көрмедік осылар көрсін, біз қиналдық осылар қиналмасын» деген көзқарастағы тым қорғаушыл, тым балажан, баланың сұрағанын дереу орындап, шектеу, қағида қоймай, баланы еркін жіберетін ата-аналарды атауға болады. .....
Әңгімелер
Толық

Ұстазға деген махаббат

Қолым боста студент кезде арнаған қойын дәптерімді ашып оқыдым…Ішінде талай–талай естеліктер жазылыпты. Өткен күндердің қызықты сәттері көз алдыңа тізіліп еске түседі. Парақтап отырып, ішінен ерекше бір жазылған естелікке көзім түсті. Иә, нағыз естелік деген осы болар! Мектеп бітіргенімізге 2 жыл толғанда ұстазымның маған арнап жазған естелігі екен. Ал, мектепті бітіргенімізге 14 жыл өтіп, арамыз алшақтаса да ұстазыммен әлі күнге дейін хабарласып, кездесіп тұрамыз.

Мен үшін шын жүректен жазылған сол бір ізгі тілектердің арқасында оқуымды қызыл дипломмен аяқтап, мамандық иесі болып, білімнің биік шыңына өрмелеп, өмірдегі асқар таудай армандарымды орындауға тырысып келемін.

Сол ұстазым - Маханбетова Гүлайым қазіргі таңда Панфилов мектебінің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 5-сыныпта жетекшілікке алғаш келген күннен бастап, өте қарапайым, ақылдылығымен, жүріс-тұрысымен мені өзіне бірден баурап алған еді. Қазақ тілінен олимпиадаға сен барасың деген күнінен бастап арамыз жақындай түсті. Ұстазға деген сүйіспеншілігім арта түсіп, айнымас достарға айналдық. .....
Әңгімелер
Толық