Азия кіндігінде алаулап тағы бір таң атты. Сол таң нұрымен бірге ұлы ел оянды. Бөркін аспанға атып алпыс екі тамыры бусанып, шер мен налаға толы көкірегі қуаныштан бүр жарып, ақ түиенің қарыны жарылған, дүлдүл тұяқтың дүбіріне от беріп, көбеңсіп жеткен тәуелсіздік атты алтын бақ қазақтың басына қонды. Оң иығына күн сүйген қыранын көтеріп, сол иығына құл сүйген құранын ұстап бодандықтың уысынан шығандап барып еркіндікке қол жеткізді. Тілі, діні, ділі азат ел болды. Сүйтіп Қазақстан аты күллі әлемге жорғадай тайпала жөнелді. Желтоқсан желімен жарысып...
Маңдайына жаңадан қонған бұл тәуелсіздік бақыты аспаннан тегін май шелпек секілді жауа салмады. Жанға-жан, қанға-қан берген, елі үшін, жері үшін еркек тоқты құрбандық деп басын бәйгеге тіккен рухы өр алдаспан жарқылындай асылдардың қызыл қанымен келді. Алғашқы оттың тұтануы «1986 жылы желтоқсан оқиғасы» болып жүрегінде оты бар, ұлтын езіле, емірене сүйген қазақ жастары бүкіл комунизм дүниесіне қарсы наразылығын көрсетіп, дұшпанына жасын ойнатып, азуын айға біледі. Арыстандай айбар шегіп, барыстай атылды. Бірлігін көрсетті. Қасының десін басып көңіліне күдік орнатып жүрегіне қорқыныш атты ұя салды. Алқағаны ел, қарғағаны жер боларын ұғындырды. Шешінген судан тайынбай Қайрат Рысқұлбеков бастап ерліктің құрбаны болды. Соңғы демі таусылғанша шындық жырын шырқады. Көп ұзамай ақиқаттың ақ таңы туып соңы егемендікке ұласты. Елі тау мінезді ұлдары мен намысы алдаспан жүзіндей қыздарының ерлігін адақтап еске алып ұлықтады. Тәуелсіздіктен кейін боздақтарды еске алу күнін әр жыл сайын салтанатты әрі айбынды күллі қазақ жерінде тойлау дәстүрге айналды. Тәуелсіздік таңында туылған жас ұрпақтар ерліктеріне сүйіне қарап, таңдана жырлайтын, еске алып бой түзеп рухын оятып үлгі тұтар аңыздар тіліндей желтоқсан құрбандарының мәңгілік асқақ рухы қалды.
Көріп отын тарихтан сан бүліктің, "Азаттық" деп сонан соң жаңғырыппын. Өз тілінің болғаны қандай жақсы Мекендеген жер бетін әрбір ұлттың!
Бірде Тараздағы колледжіде сабақ беретін өзінің бұрынғы оқушысы мектепте бірге оқыған өз сыныптасы жайында айтып, сіздің сол жазған өлеңіңізді ол сұрап жатыр деді мұның ілгеріде жазылып, еш жерге жарияламаған бір өлеңі туралы. Ол да мұның оқушысы еді. Қазір Алматыда медициналық бір мекемеде бас бухгалтер болып жұмыс істейді екен. Бұлар сол кезде екеуі екі сыныпта оқыған оқушы қыздар еді. "А", "Ә" сыныптарында оқыған. Мектепті 2000 жылы бітіріп кеткен. Ол оқушысының сұрайтын себебі, ол бұл өлеңді мектепте оқушы болып жүргенінде ауылдық мәдениет Үйінің сахнасында көркемсөз ретінде оқыған еді. 22 қыркүйекке арналған "Ана тілім - ардағым" деген кеште оқылған өлең болатын. Бірақ содан кейін де 18 жыл уақыт өтіп кетсе де, есінен шығармапты. Өйткені ауылдың мәдениет Үйіндегі "Ана тілім - ардағым" деген кештің өткен уақыты - 1998 жыл. Өлең соның қарсаңында жазылып, сонда оқылған. .....
Жүрдек қаламды сергек ойлы журналистер қашанда кез келген газеттің айдынын асырып, абыройын асқақтатқан. Бұл кеше де, бүгін де солай. Солай болып қала да бермек.
Тек кеше газеттегі билік басындағылар қарамағындағы қалам ұстаған жас журналистерге: «Сендер газеттің партиялық орган екенін, цензура барын неге ұмытасыңдар осы», – деп тілші байғұстың айтпақ ойын өзінше шұбарлап, бірін- бірі сәулелендіріп тұрған сөз тіркестерін сызып тастайтын.
Әдеби тіл, көркем ой, олардың бағамдауларынша, сол кездегі «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде ғана орын алуға хақылы болатын. Бұл күнде сол тәртіп келмеске кеткен. Оған біз өзіміздің «Сарыарқа самалы» газетінің әр санында тұрақты берілетін «Оқшау ой» және де басқа да айдарларындағы материалдарды оқу арқылы көз жеткізіп отырмыз. .....
Қымбатты Әке! Сіз қазір 80 жастық өмір асуының биігіне көтеріліп, біз үшін бұрынғыдан да асқақтай, бұрынғыдан да мәртебелі бола түскендей көріндіңіз. Сіз осынау жүріп өткен ұлағатты жолыңызда перзенттеріңіз бен жақындарыңыз үшін әрдайым да тәрбие мектебі бола алдыңыз. Біз сіздің өнегелі істеріңізден жарқын сәуле, әкелік жүрегіңізден жылы мейірім сезініп ер жеттік. Тәлімі көп істеріңізден үлгі ала отырып, Сіздің асқар таудай болмысыңызға еліктеп өстік. Сізді перзенттік жүрекпен жақсы көрдік. Енді, міне, 80 жасқа толып отырған сәтіңізде де осынау Әке көңілден дарыған мейірім мен тәлім-тәрбиені еске түсіріп, біздің өзіміз де өз-өзімізге қайта бір есеп бергендей күй кештік. Ата-ана алдындағы парызымыз бен қарызымыз ұшан-теңіз екенін сезінгендей болдық. Ата мен ананың еңбегі үшін олардың өз перзенттері қандай құрмет көрсетсе де артық емес екен.