Ғабиден Қожахмет | Мұғалімнің қулығы

Бір әңгімеде мұғалімнің қулығы жайында айтылады. Онда сыныпқа кіріп сабаққа қатысқан директор сыныптан таңданып шығады. Себебі сынып тым белсенді болып кеткен еді. Анығында бұл сынып мектептегі ең енжар сынып болатын. Ал бүгінгі сабақ үстінде олар жүз пайыз қол көтеруден бір танған жоқ. "Ағай, мен айтайын! Мен айтайын!" Және мұғалім "ал, қане, айтып жібере ғой" деген оқушы орнынан тұрып сұрақтың жауабын айтып жіберіп жатыр. Директорды таңдандырған осы жағдай. Бәрін қойшы, ең алдымен, сынып неғып белсенді болып кеткен? Олар неғып қандай сұрақ қойылса да, бәрі түгел қол көтергіш болып алды? Оларға мұндай білімдарлық қайдан келе қалды? Директор осы сұрақтардың жауабын таба алмай басы қатады. Сөйтсе, гәп мұғалімде екен. Мектеп директорының өзінің сабағына кіргелі тұрғанын 5 минут бұрын ғана білген мұғалім дереу сыныпқа жүгіріп келеді де, былай дейді: .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Директор


Қонақтан шыққан масаң тартқан алпамсадай жігіт жолдастарымен әлі де қала түспек ойы бар еді, бірақ шынашақтай ғана жұбайы оған ерік берместен, білегіне шап етіп жабысқан күйі жігіттің жүзін басқа бағытқа қаратып үлгерді. Жігітке жұбайының әміріне еріксіз мойынсұнуына тура келді. Түн көзге түртсе көргісіз қараңғы, оның үстіне жер лайсаң батпақ еді. Нәзік жұбайының алпамсадай, әулетті жігітті сүйеп қалуға шарғасы келмей аяғы бір-екі рет тайғанақтап барып түзелген соң, әлгінде ғана өздерімен бірге қонақтан шыққан, кетіп бара жатқан топ қыздың ішінен өзінің мектептен бірге өскен жан құрбысын көмекке шақырды:

- Сәуле! Сәуле! Бері келші! Жәнібекті үйге дейін жеткізейікші!

Жан құрбы жан құрбыны жолға тастап кете алмады. Аяғы саз балшықтан сырғанай түскен күйі еңісте тұрған ерлі-зайыптылардың жанына келді. Жанына келді де, өзі де нәзік құрбы алпамсадай жігіттің екінші білегіне жармасты. Енді бағыт түзелді. Бағыт алған нысанаға қарай ақырын-ақырын жақындап келе жатыр. Бір қадым ілгері, екі қадым кейін. Жігіт әлсін-әлсін тоқтап, арт жаққа мойнын бұрып тың-тыңдайды да, жігіттердің даусы семген соң, еріксіз екі білегіндегі нәзік жандылардың қимылына бағынып, ілгері аттайды. Жігіттің жұбайы ойлап келе жатыр:

" .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Сыныпта


Мұғалім үстелі мен орындығын балаларға темір пештің жанына жылжытқызып қойдырып алды. Сөйтті де, өзі сол жерге отырып алып сабағын беріп отырды.

Осы кезде мектептің завучы сыныптарды аралап жүр еді. Кезек осы сыныпқа келді. Завуч есікті ашып көрді де, өз көзіне өзі сенбеді. Мұғалімнің үстелі мен орындығы жоқ еді. Завуч ішке бас сұқты. Сонан соң пештің жанында отырған мұғалімді көрді.

- Мұның не? - деді завуч ренжіп. - Үстел мен орындықты орнынан неге жылжытасың?

- Онда тұрған не бар? - деді мұғалім аспай-саспай тура бір завучтың қитығына тигендей. - Кластың ішінде отырмын ғой. Кластың қай жерінде отырып сабақ берсем де дауысым, әйтеуір, балаларға естіліп тұрса болды емес пе?.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Қулық


Сейсен мұғалімнің сабақ айтып тұрған баланы онша тыңдай бермейтінін байқап қалды. Ендеше, сабаққа дайындалып келмесе де болады.

Мұғалім бүгін оны тақтаға шығарды. Сейсен қулыққа көшті. Ағайдың айтылған сабаққа аса назар аудармайтынын пайдаланып: "Баяғыда поп болыпты, - деді Сейсен. - Поптың иті көп болыпты".

Ағай бұл кезде сыныптың арт жағында жүр еді. Сейсен осыны пайдаланып, әлгі сөзді қайталай берді:

"Баяғыда поп болыпты, поптың иті көп болыпты".

Мұғалім Сейсенге риза болды. "5"-тік баға қойды. Кезек Сейсеннің парталасы Әнуарға келді. Әнуар да Сейсеннің қулығын қайталап көрмек болды:

"Баяғыда поп болыпты. Поптың иті көп болыпты".

Мұғалім бұл кезде сыныптың алдыңғы жағына келіп қалған еді. Әнуардың не айтып тұрғанын естіп қалды. Жақсылап сыбағасын берді.

- Әңгіме қандай поп туралы?! - деді мұғалім айғайды салып. - Қай жерден ит көріп тұрсың?!

Сейсен қу бұл кезде кітаппен бетін бүркеп алған күйі, Әнуардың мына халіне партаның үстіне жатып алып, бүлкілдеп күліп жатыр еді.

.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мектеп

Ауылдағы баласын қаланың мектебіне оқытқысы келген еді. Оқытты да. Үйде отырып баласынан сұрады:

- Бұл кезде ауылдың мектебіне барып жататын едің. Міне, қаланың мектебіне де бардың. Өзіңе қайсысы дұрыс? Ауылдың мектебінде оқыған ба, әлде қаланың мектебінде оқыған ба?

Бірінші сыныпқа барған ұлына анасы осы сұрақты қойып, оның "қала мектебі" дейтініне сенімді еді.

- Ең дұрысы - оқымай-ақ қойған жақсы еді, - деді бала. - Жаныңызда еріп жүре берсем де болмас па еді?

.....
Әңгімелер
Толық

Сарбасова Азиза | Менің атам ардагер ұстаз


Менің үлкен атам Балғымбаев Сарбас Рысжанұлы – соғыс ардагері. Ол Жылыой ауданы Қияқ ауыл кеңесінде 1921 жылы туған. 1939–1941 жылдары сегіз жылдық Қара арна орталық мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаған. 1942 жылдың қаңтарында Совет Армиясы қатарына алынып, 1942 жылдың мамыр айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан. 648-ші атқыштар полкі 1-ші батальон пулеметшілер ротасында бөлімше командирі және сержант болған. Бұл полк 200-ші дивизия солтүстік Батыс майданы «Старый Русь» қаласының бағытында соғысқан. Соғыстағы ерлігі үшін «За отвагу» және «Бірінші дәрежелі Отан соғысы» орденімен наградталған. 1943 жылы ауыр жарақат алып елге оралған.1943 – 1946 жылдары Куйбышев атындағы 7 жылдық мектебінде мұғалім және оқу ісінің меңгерушісі болып жасаған. 1951-1952 жылдары «Бірліктаң» 7 жылдық мектебінде, 1952-1959 жылдары «Қараша» 7 жылдық мектебінде, 1959-1962 жылдары «Орджоникидзе» атындағы 8 жылдық мектепте мұғалім болып жұмыс жасаған. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Анекдотшыл күйеулер


- Не анекдот?! Не анекдот?!

- Ау, айтайық та әуелі.

- Ал, айтшы арманда қалмай!

- Бір күні Брежнев Олимпиаданы ашып жатқан ғой. Содан сөзін бастап жатып "О" дейді. Жұрт ду қол шапалақтайды. Екінші рет тағы да "О" дейді. Жұрт тағы да ду қол шапалақтайды. Үшінші рет "О" дегенде, жұрт тым-тырыс. Сол кезде көмекшілерінің бірі жүгіріп келіп: "Леонид Ильич, сіздің оқитын текстіңіз төменгі жағында. Сіз Олимпиаданың эмблемасын оқып тұрсыз", - депті.

Бірақ Қалдыгүл Нағи айтқан бұл анекдотқа күлген жоқ.

- Құдай, сол мазақ қылғаның мен болсын! - деді.

- Не, сен Брежнев пе едің?

- Сол менің оқымағандығымды бетіме басып отырсың ғой. Сен оқыдың ғой, ал! Оқығанда, бірдеңе бітіріп жатсың ба?!

- Сені біреу оқымаған деп жатыр ма?

- .....
Әңгімелер
Толық

Жастықта шалыс баспағын

ҚР-ның жас ақыны: Тілеубекова Гүлсана Анарбекқызы

Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі - жетім балалардың жай-күйі. Анығырақ айтсақ: қарыны тоқ, киімі көк желіккен жастардың қызық қуып, соңынан опық жеп, өзгені де өкіндіріп жататыны. Бұлай деуім, болашағы бұлыңғыр дүниеге ойланбай араласып, ұлтымыздың менталитетіне мүлдем жат ойын-сауық ортасында қызық қуып, намысы мен ар-ұяттан жұрдай болған өрімдей бойжеткендер тым көбейді. Сәні мен сымбаты жарасқан осы бір арулардың «күнде қызық, күнде той» осы жүрісі мені қатты қынжылтады. Алабұртқан жастық шақты соңынан ертіп, еліктіріп әкететін беймәлім әлемнің шырмауына бір шарпылсаң, өмір жолының арнасы бұзылып, теріс жолға бастай жөнеледі.

Жылап жүрсе қазақтың бір баласы,

Ішінде оның ашу, ыза наласы.

Болмас еді жетім деген сөз мүлде,

Өз баласын тастамаса анасы. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ақын және бастық

Ақын жергілікті жердегі бастықтың үйінде отырды. Бастықтың әйелі ақынға шай құйғалы жатыр еді, бастық әйеліне: "Шайыңды қоя тұр", - деді де, ақынға қарап:

- Мына балаларға бір-бір шумақтан өлең лақтырып-лақтырып жіберші, - деді.

Бастықтың балалары көп еді. Ақын сүйкектетіп жазып отырып: "Есіл ерім-ай! Азаматым-ай! Баланы да таптырған екен", - деп бастыққа іштей разы болып отырды.

- Ағаңның бөлмесіне баршы, - деді бастық тұлымшағы селтиіп тұрған кішкентай қызына. - Ағаңның бөлмесіндегі суреттердің бәрін осында алып кел.

- Мынау Алматыда оқып жатқан ұлымыз еді, - деді бастық суреттерді ақынның алдына тоса беріп. - Осыған қарап отырып та бір-екі шумақ өлеңді лақтырып-лақтырып жіберші.

- Осы ит қайда? - деді бастық әйеліне. Сосын ақынды жеңінен тартты: - Жүрші! .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ақынның шабыты


Бір кішкентай қаланың жалғыз ғана ақыны болыпты. Бір күні сол ақын 60-қа толған кезде, сол қаланың әкімі ақынына сый-сияпат көрсетеді. Жылы сөздерін арнайды. "Сіз біздің қаламыздың жалғыз ақынысыз, - дейді әкім ақынға. - 60 жасыңыз құтты болсын! Сізге әлі де толағай шығармашылық шабыттар тілеймін!"

Содан кейін біршама уақыт өтті. Бір күні осы қаладан шығатын газетке ақынның өлеңі басылып шығады. Әкім әлгі өлеңді оқып отырып, көңілі нілдей бұзылды. Оған ақынның шабыты қайтып қалған сияқты көрінді. Дереу ақынды өзіне алдыртты.

- Сіз біздің қаламыздың жалғыз ақынысыз, - деді әкім ақынға. - Мен қаланың халқы бір нәрседен таршылық көріп қалмау үшін үнемі жігіттерге тапсырма беріп отырамын. Бірақ біздің қаланың халқына өлең де керек. Ендеше, мен жұмысты жігіттермен бірдей сізден де талап етем. Неге сіздің шабытыңыз кеміп жүр? Біз сізге барлық жағдайды жасап қойған жоқпыз ба? .....
Әңгімелер
Толық