file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы

Фундук (Орман жаңғағы)
Фундук дәннің құрамында А және Е витамині бар. Бұл адамның ми қызметін жоғарылататын қасиетке ие. Шикі күйінде тұтынғанда пайдасы көп деп есептеледі екен.
Құрамы: Фундук калория жағынан наннан бірнеше.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Назарбаев заңсыз иемденген баспананы банк қызметкерлерінен тартып алуды тапсырды

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" басшылары Президенттің сынына ілікті.

Фото: total.kz
Фото: total.kz

Ақордада "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің" басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев банкте тәртіп орнатуды тапсырды. Сондай-ақ, "басшылар иемденіп кеткен пәтерлер қайтарылсын" деп қадап тапсырды.

Өз кезегінде Қуандық Бишімбаев "Бәйтерек" холдингін құрудың мемлекетке келтіретін пайдасы жайлы баяндады.

Айтуынша, қаржы ресурстарын басқарудағы синергия есебінен жыл сайын 15 миллиардқа жуық теңге үнемдеуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ, Президент "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық барысын саралады.

Бұл жайлы есеп берген Премьер-министр Серік Ахметов тапсырмалардың жоспарға сай жүргізіліп жатқанын және үнемі бақылауда екенін айтты. Президент "ЭКСПО-2017" көрмесіне қаржыландырудың қосымша көздерін тартуды ұсынды. Алаңның әр азаматқа қолжетімді болып, оны аралап шығуға мүмкіндік жасалуы тиіс деді.

Жаңалықтар
Толық

"Эйр Астана" әуе компаниясының қызметкерін ұрған Дархан Ботабаев кешірім сұрады

"Эйр Астана" әуе компаниясының қызметкеріне жұдырық ала жүгірген Дархан Ботабаев бүгін көптің алдында жариялы түрде кешірім сұрады.

Фото: Асем Касенова
Фото: Асем Касенова

Өз қателігін түсініп, жәбір көрген әуекомпания қызметкері Нұркенжегүлге бір құшақ раушан гүлін сыйлады. Нұркенжегүл Байғазиева өз кезегінде Дархан Ботабаевты кешіргенін және арызын да қайтарып алатынын айтты. Тіпті, моральдық шығынды өндіруден де бас тартып отыр.

Ал, "Эйр Астана" әуе компаниясы Дархан Ботабаевты өз ұшақтарына отырғызбау туралы шешімін жойды. Дегенмен, ол әзірше сұр тізімде тұрмақ. Бұл тізімге жіті бақылауда болатындар жазылады екен.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің....

Жаңалықтар
Толық

Қазақстанда айына 1 млн теңге жалақы алатын қызметтер анықталды

2013 жылдың шілдесінде 4 338 вакансияның ішінде сыйақысы ең жоғарысы (жұмыс берушілердің барлық ұсыныстарының 32%-ын құраған) сауда саласында екені белгілі болды.

Фото: ok-inform.ru
Фото: ok-inform.ru

Оған сәйкес, бас директор қызметі үшін айына бір миллион теңге және компания табысынан жылдық бонус ұсынылған, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстандағы HeadHunter компаниясына сілтеме жасап.

Аталмыш топ-менеджердің қызметіне сатылымдарды басқару, баға белгілеу жүйесін жасау міндеттері кіреді. Зерттелген аумақта жалақысы жоғары мамандықтар "Құрылыс және жылжымайтын мүлік" (500-ден 800 мыңға дейін) және "Өндіріс" салаларына тиесілі (3 мың мен 4 мың доллар арасында).

Ал ең төменгі жалақы ІТ-салада (15 мың теңгеге дейін) және банк құрылымында (18 мыңнан 35 мың теңгеге дейін) екен.

Көп жағдайда бұл тағлымдамадан.....

Жаңалықтар
Толық

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан жапа шеккендер не істеуі тиіс?

Құқық қорғау органдарының негізгі қызметі заң мен тәртіптің сақталуын қадағалау, қылмыспен күресу, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Дегенмен, азаматтардың құқық қорғау органдары қызметкерлерінен жапа шегетін жағдайлары да кездесіп жататыны белгілі жағдай.
Кеңестер
Толық

Қазақ тілі пәнінен қазақша реферат: Қайталама сөздөр мен бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі

Сөйлемдердің, стильдік кескінін сөз еткенде, олардың құрамын-дағы мүшелердің тек санына қарамаймыз,— сапасына қараймыз. Әдетте сөйлемдердің сөздері барынша сығымдалған, аз сөзбен көп мағына беретіндей болмай, шұбалаңқы болса, не бір сөзді бір және іргелес сөйлемдерде қайта-қайта айтыла берсе, ондайды стильдік қате, тіл жарлылыгы деп білеміз.
Рефераттар
Толық