Менің таңдаған тақырыбым кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру. Кәсіпкерлік - ел экономикасының жандануы мен адам әрі қарай дамып, тұрақты өсуінің қамтамасыз етуін іске қосушы тұтқасы ретінде бизнестің әр алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын нарықтық шаруашылықты қалыптастыруы мен оны іске асыруында үлкен маңызға ие. Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Әр бөліміне түсініктеме бере кетсек, 1 - бөлімінде кәсіпкерлік қызметінің даму тарихы (эволюциясы), жалпы кәсіпкерлік туралы теориялық тұжырымдамалар, ғалымдар мен экономистердің еңбегі жайлы, ой пікірлері баяндалып айтылған. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шаралар, нақты дамыту бағыттары кәсіпкерліктің түрлері, қызмет мәні, субьектілері берілген. 2 –бөлімі кәсіпорын қызметін талдау, бұл бөлімінде АО «ЮТЕКС» мекемесінің жалпы сипаттамасы, шаруашылық қызметі, кәсіпорынның негізгі құралдарына түсінік. Сондай-ақ қызметкерлердің жалақы жөніндегі мәліметтер, тікелей есептеу әдістері берілген. Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген нақты іс-шаралар қарастырылып кеткен. Ал 3-бөліміне келсек кәсіпорынға әкелетін кедергілер әсер ететін факторлар. Кедергіні болдырмау шаралары көрсетіліп айтылған. ....
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңнін басынан өткеріп жатыр. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезінде негізгі құрамдарының бірі - маркетинг жүйесі. Қазақстанның маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік басқарудың теориясы мен практикасының тенденцияларымен анықталады. Қазақстанда маркетинг жүйесінің қалыптасуы бағыттары мен мүмкіндіктерін, шарттарын анықтау мақсатында маркетингтің дамуының теориялық тұжырымдамаларын құру және оның тәжірибесін талдау маңызды мәселелердің бірі. Нарықтық эканомиканың эвалюциялық жолына түскен Қазақстандағы маркетингтің дамуы нарық заңдары мен қағйдаларынан туындайды.Маркетингті игеру және оның кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық эканомиканың даму деңгейін көрсетеді. Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем қабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым құралдарының жеткіліксіздігі,өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсеке қабілеттілігін төмендетіп,өткізуді қиындатуда.Осы және басқа да проблемаларды шешу нарықты дамытатын қозғаушы күштер мен әдіс-тәсіл құралдарды түсінуге бағытталған ұйымның қазіргі бизнес филасофиясы-маркетингті творчестволық тұрғыда паидалануына байланысты. Бүгінгі таңда қалыптасқан экономикалық жағдайларда кәсіпорындар алдында тұрған жаңа мәселелерді пайымды шешу маркетинг принциптері мен әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыда маркетинг өндіруші көзқарасындағы тиімді шығын мен пайда кезінде сұранысты табу, болжау және оны қанағаттандыруға байланысты тұтынушыға негізделген тауар өндіру және басқару жүйесі ретінде сипатталады. Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көпшілігі бойынша тұтынушылар мұқтаждығының қанағаттандырылуы деңгейі әлі де төмен, осы кезде өндіріс құралдары мен жекелей түрлерінің дамуы әр түрлі қарқынды жүруі салдарынан айтарлықтай ішкі салалық және аймақтық диспропорциялардың болуына әкелді. Қазақстан Республикасы экономикасында болып жатқан құнсыздану үрдісі, жалпы өндірістік қуаттылықтар құнының қымбаттауы, сонымен қатар кәсіпорындардың қалыптасқан қаржылық жағдайындағы өз қоры есебінен дамыту және жаңғырту айтарлықтай ауыртпалықтар туғызады. Осындай көптеген ауыртпалықтарды жеңуде маркетинг ғылым, кәсіпкерлік және нақты уақытпен тексерілген тәжірибелік әдістердің қоспасы ретінде рынок шарттарында кәсіпорындардың іс-әрекетін жетілдіру мен өндірістік, өткізу, қаржылық және тағы да баска сол сияқты кең аумағында көптеген қателіктерден құтылуға көмектесуге қолайлы жағдайлар құратын әмбебап жүйе болып табылады.....
Бүгінгі қоғамызда Қазақстанның даму қарқыны жылдан-жылға екпінді серпін алып келе жатқаны өз елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде ашық айтылып отыр. Бұл тарапта ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдауында бәсекеге қабілетті озық елу елдің қатарына қосылу жайындағы стратегиялық міндетті нақты қоюының өзі де мемлекетіміздің қазіргі кезеңдегі қарым-қатынас қабілет мүмкіндігін жан-жақты елеп-екшеп, айқындағаннан туындап отыр. Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену киелі келешектің мағызды сатысы. Ал, басты мақсаттың одан биік болуы заңдылық. Межені бағындыру негізгі мақсатқа барынша жақындай түсу бағытындағы жұмыстар өміріміздің барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан көрініс табуда. Оларды жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеу қоғамының міндетінің бірі болып табылдаы. Жасөспірімдердің тағдыры мемлекетіміздің алдында, бүкіл қоғамының, мектеп, ата-ана, ұстаздардың келешек ұрпаққа білім беру, өз құқығын білуге үйрету, кері әрекеттерін алдын-алу қажет. Қазақстан ғалымдарының жалпы кәмелетке толмағандар қылмысының нақты материалдарға сүйене отырыпжазғанК.А.Бегалиев,К.А.Вайсберг,Ө.С.Жекебаев,С.Х.Жадбаев,Е.І.Қайыржанов,М.С.Нарықбаев,С.А.Шапинова және басқада көрнекті ғалымдар еңбектерінде баса көңіл бөлінген.Сонымен қатар белгілі педагогтар:А.С.Макаренко,А.В.Сухомлинский.т.б. ....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Жарнама тұтынушының тауар мен оның қызметі туралы алатын ақпаратын жарнама деуге боладыю Белгілі бір мөлшерде жарнама осы қызметті атқарады, бірақ бұл жарнаманың толық қызметі емес. Жарнама деген түсінікке біз бұдан да кең ұғым беруімізге болады. Жарнаманы жасауда көп шебірлікті талап ететін жұмыс. Жарнама – қазіргі заманға сай, барлық жерді қамтитын, кәсіптік жағынан жетілдірілген ақпарат. Қазақстан Республикасы сауда-өнеркәсіп палатасының одағы тауарлық белгілерді, фирмалық стилін және логотипін әзіреу бойынша қызметтер көрсетеді, тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін тіркеуге көмектеседі. Тауарлық белгілер және қызмет көрсету белгілері интеллектуалдық меншік болып табылады және кәсіпорынның материалдық емес активтерінің құрамына енгізілуі мүмкін. Тауарлық белгілерді әзірлеуде өзінің ерекшелігі, ал эмблемаларды және коммерциялық емес символикаларды әзірлеуде айырмашылығы бар және «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шыққан жерінің атаулары туралы» ҚР Заңымен реттеліп отырады. ....
К І Р І С П Е Жарнама жарнамалық өнімді (ақпаратты) өндірумен, таратумен және тұтынумен байланысты ерекше қызмет түрі болып табылады. Жарнамалаудың объектісі әр түрлі тауарлар, іс-әрекет (қызметтер, жеке және заңды тұлғалар, белгілі бір құбылыстар, идеялар және тағы басқалар болуы мүмкін. Нарық жағдайларында көптеген фирмалар (кәсіпорындар) мен ұйымдар мынадай мәселені шешеді: өзінің жарнамалық қызметін құру немесе жарнама агенттіктерінің қызметтерін пайдалану. Өзіндік жарнамалық қызметті ұйымдастыру мүмкін болатын жұмыстардың көлеміне, мамандану бағыттары мен жарнамалық мақсаттарға бөлінген ақша қаражаттарына байланысты болады. Бірақ айта кететін жайт, фирмада жарнамалық қызметтің болуына қарамастан жарнама агенттіктерінің қызметтерін қолданбау мүмкін емес. Бұл жарнамамен байланысты жұмыстар көп жағдайда арнайы тәжірибені немесе арнайы құрал-жабдықтардың түрлерін қажет ететіндігімен түсіндіріледі, мысалы, радио және телероликтерді, стендтерді жасау және т.б. Тәжірибе көрсеткендей, жарнама агенттіктері жарнама берушілерге уақытты және ақша қаражаттарын үнемдеуге мүмкіндік береді. 1. Жарнама агенттіктері және олардың атқаратын қызметтері Жарнама агенттіктерінің құрылуы жарнамалық қызметтің тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды. Олар жарнамалық қызметті жоғары кәсіпқойлық деңгейде жүргізеді, ақша қаражаттарын рационалды пайдаланады және жарнаманың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді. Жарнама агенттіктері нарықты кешенді түрде зерттеуді және конъюнктураны бағалауды жүргізеді, олар алынған ақпараттарды тез және дұрыс өндеуге мүмкіндік беретін есептегіш техникамен жабдықталған.....
Кіріспе Журналист мамандығы дүние жүзіндегі ең қауіпті мамандықтың бірі ретінде белгілі. Қоғамның жоғын жоқтайтын, түсін түстейтін, қоғамдық пікір қалыптастыратын журналистер. Елге араша түсіп, халықтың жан ашыры болатын да журналистер. Бірақ күнделікті осы жан ашырлардың құқықтары белден басылып, өмірлері мен шығармашылықтарына түрлі қауіп-қатер төніп тұрады. Осыған орай «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қордың жұмысын қарай келе, Қазақстандағы рөлі мен қызметіне тоқталып өттім. «Әділ сөздің» негізгі мақсаты мен міндеті қандай, журналистердің құқығын қалай қорғайды, сондай-ақ, өзге елдердегі баспасөз өкілдерінің құқығы қалай қорғалатыны сияқты тақырыптарды көтердім. «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры өз жұмысын 1999 жылдың 12 сәуір күні бастады. Аталған қордың басты мақсаты – елімізде еркін, объективті, прогрессивті журналистиканы қалыптастыру. Ал жұмысының негізгі бағыты – заңымызды одан әрі жетілдіріп, БАҚ және журналистердің құқығын қорғау мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін заң жағынан сауаттандыру. ....
Кіріспе Банк қызметін мемлекеттік реттеу аясында банктерді қадағалаудың орталықтандырылған жүйесінің құрылуы, банктік қызметті ішкі және сыртқы тексеру үшін қадағалау тәртібінің ережелері мен нақты процедураларын анықтады және банктерді тәуекел дәрежесіне қарай жіктелуді қамтамасыз етті. Осы кезде банктік қызметке қадағалау жүргізу жолдары өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер келесі нормативтік актілерде көрініс тапты: «Банкке бақылау жасау құқығын сатып алу мен жүзеге асыру шарттары туралы Ереже», «Теріс капиталы бар банктердің акцияларын мәжбүрлі түрде сату және сатып алу тәртібі туралы ереже». Жалпы 1996 жыл ішінде ҚР ҰБ 104 нормативтік акті дайындап, бекітті. ҰБ қызметті реттеу және әлемдік стандарттарға неғұрлым жақын банк секторын құру аясындағы негізгі мақсаттары: банк жүйесіне сенімділікті көтеру (05.11.99 ж. ҚР ҰБ БҚ №340 «Екінші деңгейлі банктер жеке тұлғалардың салымдарын міндетті сақтандыру ережелерін бекіту туралы»), банктерге қадағалау мен бақылау жүйесін жетілдіру, банктік бизнес ерекшеліктерін есепке ала отырып салық заңдарын жетілдіру, нақты секторды несие аясында банктің белсенділігін көтеру болады. 2004 жылы 1 желтоқсаннан бастап ҚР реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі (ҚҚА) Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеуші және қадағалаушы өкілетті орган болып саналды. Ол өз қызметінде тәуелсіз, тікелей Президентке бағынады, сондай-ақ ҚР Президенті бекіткен Ереже негізінде қызмет етеді.....
Қазақстан Республикасында кеден ісі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдарды алмастыру реті мен шарттарынан тұрады, олар кедендік өңдеуден және кедендік бақылаудан, кедендік реттерді қолдану, кедендік төлемдер мен салықтарды өтеу, кеден ісінің ортасында құқық бұзушылықпен күресу және кедендік саясатты жүзеге асырудың басқа да құралдарынан тұрады, олар ішкі экономикалық және басқа да қызметтерді жүзеге асыратын мемелекет және тұлға аралық қатынастарға негізделген. Қазіргі уақытта кез–келген экономикалық жүйе адам қызметінің түрлі ортасында басқарудың ақпараттық қамтамасыздандырылуы мәселесіне көп мән береді. Жаңа экономикалық модельдермен байланысты сыртқы сауданың таралуы, Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі және ақпараттық технологиялардың пайда болуы, мемлекеттің кеден қызметтерінің сипатында түбірлі өзгерістерін, кедендік басқармалардың жетілдірілуін, кедендік–есептеу амалдарын қажет етті. Кеден органы – бұл кеден ісі ортасында туындайтын, өзгертілетін және аяқталатын құқық қатынастарын реттеуші мемлекеттік орган. Кеден ісінің ортасы – Қазақстан Республикасының кедендік саясатын жүзеге асыру барысындағы кеден ісі бойынша мемлекеттік реттеулер аймағы [1, б.56]. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отыр. Қазақстан Республикасында мынадай кедендiк төлемдер қолданылады: кедендiк баж, кедендiк алымдар, алымдар, алдын ала шешiм үшiн төлемақы. Кеден органдары демпингке қарсы, қорғау және өтемдiк баждарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда алады. Төлеушiлер, салықтарды есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады. Жеке тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткiзу кезiнде кедендiк төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жиынтық кедендiк төлем түрiнде төленуi мүмкiн. Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына еркiн айналыс үшiн шығарған кезде кеден бажы мен акциз Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жиынтық төлем түрiнде төленуi мүмкiн. Кедендiк төлемдердiң ставкалары мынадай түрлерге: 1) салық салынатын тауарлардың кедендiк құнына процентпен есептелетiн – адвалорлық 2) салық салынатын тауарлардың бiрлiгi үшiн белгiленген мөлшерде есептелетiн - ерекшелiктi; ....
Консалтинг – жұмыс орынын ауыстырғысы келетін жас мамандардың, жоғары оқу орыны түлектерінің және тәжірибелі кәсіпқойлардың арасындағы қызметтің ең танымал түрлерінің бірі. Электрондық бизнес пен жоғары технологиялық компаниялардың тартымдылығының төмендеуімен байланысты, көптеген университеттер мен бизнес-мектептердің түлектері, оны мансаптық өсу жоспарындағы жұмысорынының келешектілерінің бірі (мүмкін, ең келешекті) деп есептейді. Бұл сала өте жылдам дамуда, оған ықпал етушілер: консалтингілік қызметке сұранымның өсуі және кеңес берушілер қызметіне талапкерлер санының артуы. Жыл сайын мыңдаған ізденушілер, он мыңдаған өзінің қарсыластарын бәсекелестік күресте жеңіп шығып, ашылып жатырған бос орындарға ие болады. Мұндай қатаң бәсекелестік, кандидаттарды әңгіме өткізудің әрбір кезеңіне шындап дайындалуға мәжбүр етеді. Бұл кітап, басқарушы консалтингтің осындай ерекше қызық және динамикалық әлеміне кіргісі келетіндерге пайдалы болады деп үміттенеміз. Студенттерге кеңес берушінің жылдам мансаптық өсу мүмкіншілігі ерекше ұнайды, сондықтан бұл кәсіп, бірінші жұмыс орынын таңдау алдында тұрған бастаушы мамандар арасында ең беделділердің бірі болып саналады. Жоғарғы оқу орындарының экономикалық факультетін бітірушілердің жуық шамамен 40 % консалтингілік қызметпен айналысуға тырысады, бірақ олардың 30—35% ғана оған қол жеткізе алады. Талапкерлергеде бұл сала өте қызықтырарлықтай көрінеді, оларға оқу орынына түсу кезінің өзінде-ақ қатаң бәсекелестіктен өтуге тура келеді. Консалтинг алдарынан ашатын келешекке қызыққан, құқықтану, гуманитарлық, жаратылыс тану және техникалық ғылымдар бойынша магистрлік, докторлық және басқа ңылыми дәрежесі барлардың өзі, өте жиі жұмысқа қабылдау туралы өтініш жасайды. Тіпті танылған мамандардың өзі консалтингіден өзінің кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін, ал кейде қызмет аясын түбегейлі өзгерту үшін мүмкіндіктер іздейді. Консалтингілік қызмет көрсетуші фирмалардың санының өсуі мен жоғарылау шамасына қарай, тапсырыс беруші компаниялардың ең ақылға сыймайтын проблемаларын шығармашылықты шешуге қабілетті, тәжірибелі мамандарға сұранымда артуда. Дегенмен тағыда ескертуге тұрады, үміткерлер саны бос орындар санынан асып кетеді, бұл өз кезегінде бәсекелестікті өте қатаң етеді. Фирмалар түйіндемелерге көміліп қалды десе болғандай. Сондықтан олар ең жақсы мамандарды іріктеудің әртүрлі әдістемелерін әзірледі. Соңғы кездеріі ерекше танырман болғаны – жағдайлық тапсырмаларды орындаумен өтетін әңгіме жүргізу. Бұл, шындығында, сұхбаттың ең күрделі (кандидаттар үшін) және түсініксіз нысандары. Үміткерлердің ең қатты қиналатындары абстрактілі сұрақтар, әсіресе техникалық егжей-тегжейлікпен байланысты. Тіпті сіздің жолыңыз болды және сөз әңгіме өткізуге шақырылдыңыз делік, дегенмен, келесідей жалғыз сұрақты беріп-ақ, сізді тез арада «сұрыптайды»: " авиа¬лайнер Boeing 747 салмағы қандай?" немесе "Amtrak компаниясы Бостоннан Вашингтонға дейінгі темір жол билетіне бағаны қалай белгілейді?" ....
“Дипломатия” сөзі АҚШ тарихында маңызды орын алады. Ол сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде АҚШ-тың бет-бейнесін көрсетеді немесе дипломатияның жүрегі АҚШ-та орналасқан деуге де болады. АҚШ-тың саясаткерлері мен мемлекет басшылары кез-келген мәселені дипломатиялық әдіспен шешуге болатынына кәміл сенген және олар бұл әдісті, қазіргі таңда, кемелдендіріп отыр. АҚШ-тың барлық саясаткерлері ерекше дипломаттар болып табылады. Бұл термин, АҚШ өз тәуелсіздігін алған жылдардан бастап, шетел мемлекеттерімен барлық салада қарым-қатынас орнату негізінде өзінің биік шыңына шыға бастады. Тәуелсіздігін алған АҚШ, ендігі жерде басқа мемлекеттермен ашық сыртқы саясатын жүргізе бастайды, ал бұл өз кезегінде, бастапқы кезеңдерде, басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнату негізінде ғана іске асады. Орнына нық тұрып, күш жинаған АҚШ, ендігі сыртқы саясатында басқа мемлекеттерге өз гегемониясын орнатуға ұмтылады. Сөйтіп, АҚШ, тез арада бүкіл әлемді жаулап алатындығы белгілі. АҚШ-тың әлемді билеуі – оның жүргізіп отырған керемет сыртқы саясатына байланысты болды. АҚШ-тың сыртқы саясатын жүргізуші мемлекеттік басшылар (қайсысы болмасын) әрқашан басқа мемлекеттерге өз билігін орнатып, АҚШ туралы сол мемлекеттерде маңызды ой тудырып, сол мемлекетті саяси жаулап алуға тырысты және бұл кей-кездерде АҚШ-тың тікелей бұйрығы да болып отырды. Қалай десек те, АҚШ-тың бұрын жүргізген және бүгінгі таңда жүргізіп отырған саясаты әрқашан да өзінің кең көлемді стратегиялық мағынасына ие болған және солай болмақ та. ....