8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі)

Сценарий тақырыбы: «Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі»
Әйелдің табиғи сұлулығы ешқашан өзгермейтіні белгілі, бірақ біздің заманымыздың қыздары өзінің сұлулығымен бірге жан сұлулығын және тән сұлулығын сақтауы тиіс. Өз мамандығын құрметтеу, эстетикалық сезімін ұғындырып, жетілдіру.

Кеш барысы:
Ән - орындайтын Жанболат.
Жүргізуші: «Гүл өссе - жердің көркі Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!

Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Қыз өссе - елдің көркі)

Тәрбие сағат тақырыбы: «Қыз өссе - елдің көркі»
Тәрбие сағат мақсаты:
а) Қыздарымызды сайыстыра отырып өнерлерін арттыру. Ізденушілік қабілеттерін, ой - өрісін, қызығушылықтарын арттыру.
ә) Балалардың өзінің ата - тегін ұғынып білуге, бойына ұлттық сананы сіңіруге, бір - бірін сыйлауға, жеті аталарын білуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
б) салт - дәстүрді құрметтеуге ақыл - ойларын, әдет - ғұрпын, ауыз - әдебиеті шығармаларын оқу арқылы рухани жан дүниесін байыту.
Көрнекілігі: Қыз баласының тәрбиесіне байланысты мақал - мәтелдер, магнитофон, шар, плакаттар.
Тәрбие сағаттар
Толық