Жақсылық жасау әр адамның қолында

Әр пенденің керемет көзге көрінер қасиетті-жақсылық жасау. Ол адам сырт көзге сыпайы,мейрімді әрі өте керемет болып көрінеді онысы рас. Біреулер құмарлықпен,мастықпен өмірдің өлшеулі ғана уақыттын қызықты әрі пайдасыз өткізуде,біз бұл тараптың адамдары болмаумыз керек. Өз ойымды ашық айтайын күнделікті тіршілікте,қоғамда,адамдар арасында жақсылық жасауға тырысамын. Осы тұрғыда ойыма бір оқиға келіп тұр:

Күндердін бір күнінде кедей отбасы болған екен,әйелі жүн иіріп,ал күйеуі базарға апарып сатумен айналысады. Бір күні жіптерін сатып ,үйіне азық-түлік әкелер жолда,бір кісіні біреу ұрып жатқанын көреді. Жанына дереу барып арашалап ,себебін сұрайды сонда ұрған адам әлгі кісінің қарыз екенін айтады. Жомарт әлгі жіп сатушы:Қарызын мен төлейін қалтамдағы бар ақшамды ал деп,бір күндік табысын қолына ұстатады. Әлгі кісі бұл ақша аз ,бірвқ мейлі деп жөніне кетеді. Жақсылық жасаған әлгі кедей үйіне барып бар жағдайды жұбайына түсіндіреді. Әйелі,мейлі бір қайыры болар деп ертенгі күннің жібін иіреді. Ертеңіне тағы базарға шығып,жұмысын атқарады бірақ бұл күні ешқандай жібі өтпейді екен. Кеш батта үйіне келер жолда балық сатып тұрған кісіні көреді екеуінінде саудасы өтпегендіктен келісіммен ауыстырып алады......
Эсселер
Толық

Ел болашағы - жастар қолында

Отан! Қандай құдіретті сөз! Өмірімнің бар мақсаты осы сөздің ауқымына сыйып кетерліктей-ақ. Бұл «елім», «жерім», «ұям», «Қазақстан Республикасы» деген сөз. Отаным деп соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді айдай асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр еткен заманға жеткен елімді мақтаныш етемін.
Менің Отаным – Алтайдан сонау Атырауға дейін көсілген, Батыста Жайық, шығыста Ертіс есілген, Тарихын шертсе тұсауы тілдің шешілген, Жұртының ыстық жүрегінен жұлдыз тұтанған Отаным осы – Қазақстан болып атанған!– деп ақындар жырлағандай, Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата жұрт.......
Шығармалар
Толық

Ұлы түркі елінің қара шаңырағы – бүгінгі ұрпақ қолында

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» - деп дана халқымыз айтқандай, керегесі кең, шаңырағы көк күмбезді аспанмен жарасқан, келешегі кемел ел болу үшін, алдымен, тәрбие керек. Ел болдық, бірақ бесігімізді әлі де түзей алмай жүргеніміз ащы да болса шындық. Тал бесіктен басталатын тәрбиенің бұлағынан сусындаған әр жеткіншек ұлтжандылық деген ұғымды бойына сіңіріп өсуі қажет. Ұлттық құндылықтарды құрметтеп, елінің ертеңіне алаңдап, өркендеуіне үлес қосатын азаматты ұлтжанды азамат деу орынды. Бірақ Абайлар мен Мағжандардың толқынынан туған толқындар саусақпен санарлық. Бүгін біз кез келген келеңсіз жайттарға «Е-е, заман солай болғасын...» немесе «Бұған біз емес , заман кінәлы» деген сияқты сөздермен өзімізді жұбататын болдық. Ал шын мәнісінде бұған кінәлы заман емес, адам. Өйткені заманды адам құрайды.......
Шығармалар
Толық

Қазақстандық ер азаматтар әйелдеріне отбасы бюджетін сеніп тапсыра алмайды

Отбасылық бюджетті бір адамның басқаруы тиіс немесе ортақ қаржыны сақтау керек деген бірыңғай ереже жоқ. Әрбір отбасы бұл мәселені өздері шешеді. Отбасындағы қаржы мәселесін әйел әлде ер адамның басқарғаны дұрыс па? Осыған қатысты nur.kz тілшісі қазақстандықтардың жеке пікірін біліп көрді.
Жаңалықтар
Толық