Қобыланды батыр

...Ұйықтап жатып Құртқа түс көрді, Қиыншылық іс көрді.

Тұрып Құртқа жылады, Айтпаған нәрсе қалмады. Қайдағы нәрсе қозғалды, Көзінің жасы төгіліп.

Жағасының бауы сөгіліп, Өзінің туған анасы Ақзарбапқа барады, Барады да жылады.

Жылады да толғады:

—Бүгін түнде түс көрдім, Түсімде жаман іс көрдім. Кешегі кеткен балаңның Қанатына қаз қонып, Қайрыла алмай барады. Мұртынан мұз жауып, Бұрыла алмай барады.

Қараша таудай нас басып, Көтеріле....

Түс жору
Толық

Қобыланды (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кешегі өткен заманда,
Он екі баулы ноғайда
Қыдырбай деген бай болған
(Ақшахан деген хан болған)
Байлығы асқан жан екен,
Малы жерге сыймаған
Дұшманның тілін тыймаған,
Сол секілді жан екен
Қыдырбайдың алғаны
Меңдісұлу жар екен
Сексенге жасы келгенше,
Ұл менен қызға зар екен
«Осыған қайғы салсам деп,
Осының малын алсам» деп,
Ақшахан деген ханының
Еліндегі билердің
Ойлаған ойы бар екен
Бір күні билер ойлады,
Ұлы жыйын-той қылып,
Ат шаптырды қалаға....
Өлеңдер
Толық

Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну Тайбурылдың шабысы (Қобыланды батыр жырынан үзінді) (4 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра
Сабақ тақырыбы: Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну Тайбурылдың шабысы (Қобыланды батыр жырынан үзінді)
Оқу мақсаттары: 4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану
4.3.3.1 шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, презентация түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды мұғалімнің көмегімен табады, шығармашылық жұмысты сызба түрінде ұсынады;
Көптеген оқушылар:шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды сызба арқылы табады, шығармашылық жұмысты сызба түрінде ұсынады;
Кейбір оқушылар: шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды өздігінен табады, шығармашылық жұмысты сызба түрінде ұсынады;.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Батыр туса-ел ырысы Қобыланды батыр (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Батыр туса-ел ырысы Қобыланды батыр
Оқу мақсаттары: 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау
3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді;
Көпшілік оқушылар: кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтай алады, шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады;
Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептеріне баға береді, сөйлеу барысында көркем- бейнелі сөздерді қолданады, шығармашылық жұмысын түрлі формада ұсынады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

«Қобыланды батыр» жыры 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Бөлім атауы: Таза, мінсіз асыл сөз
Сабақтың тақырыбы: «Қобыланды батыр» жыры 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И3. Көркем шығарманың тілі Б/С3.Әдеби эссе
Сабақтың мақсаттары: Б/С3.Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.
А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтайды. ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

«Қобыланды батыр» жыры (5 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Бөлім атауы: Таза, мінсіз асыл сөз
Сабақтың тақырыбы: «Қобыланды батыр» жыры
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ
Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
Сабақтың мақсаттары: Т/Ж4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады
Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қобыланды батыр

Қазақ халқының эпосында батырлар жыры – ең бір мол сала. Бұл дастандар көбінесе сонау бір бағы заманда Орта Азияны, Қырым мен Еділ бойын жайлаған көшпелі тайпалар бастан кешірген нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық көрінісі болып табылады. Батырлар жырының кейіпкерлері – Қобыланды, Қамбар, Тарғын сияқты аға батырлар мен Алпамыс, Сайын тәрізді іні батырлардың есімдері тарихи оқиғаларға.....
Рефераттар
Толық

Дәуітәлі Стамбекұлы (Қобыланды)

Ауылымыз желге беріп желкені,
Мекендейтін таулы қуыс өлкені.
Біз ертекті шертетінбіз қыс бойы
Қыс та ұзарта беретін-ді ертегі.

Бірдей еді жасымыз бен шамамыз,
«Еңіреуден екі ат шапқан» баламыз.
Ертегіні қанша білсек...
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Әуезов Қобыландының | Тайбурылы туралы


Батырлар жырының тағы бір үлкені — Қара қыпшақ Қобыланды батыр жайындағы жыр. Сол жырдың ішінде сипатталған Тайбурыл деген аттың жайын ғана айтамыз.

Тайбурыл - Қобыландыдай ірі батырдың аты. Оны батырға тәрбиелеп, өсіріп берген Құртқа. Батырдың ақылды, мінезді серігі Құртқа Тайбурылды өзі баптап, Қазан сапарына батыр аттанарда ғана әкеп береді. Сол Тайбурыл бір жағынан Қобыландыдай үлкен батырдың аты. Екінші — өзін Құртқа тәрбиелеп өсірген, сондықтан ол жырдың қиял етіп, көтеріп, ертегідей ұлғайтып, мақтап айтатын аты болады. Тайбурыл шапқанда:

Көл жағалай отырған

Көкқұтан мен қарабай,

Көтеріліп ұшқанша,

Белінен кесе басады... — дейді.

Бұл "алты айлықты алты-ақ аттайды" дейтін, алысты жақын ететін, нағыз, қиялдай жүйрік ат. Шапқанда сондай болған. Тайбурыл иесі қысылған жерде тілге келіп, ақыл да қосады. Көлік қана емес, серік те, дос та өзі деген жайды білдіреді. Батыр жалғыз өз басымен ғана батыр емес, осындай қанаты сияқты болған атымен батыр. Қобыланды бұрынғы қазақ елі сияқты әрі көшпелі, әрі бақташы болған елдің батыры. Кәсібі осындай болған елге - ат ең қымбат, ең жақын серіктің бірі боп саналады. Тайбурылдың бар сипаты сол себепті үлкен сипат боп, тіпті адам сипатындай боп, ұлғайтылып айтылады. Бұрынғы ескі тарихта: "жағалай шабыс", "құба қалмақ" деген замандар болған. Онда біреуге біреу шабуыл жасау, күшсізді күшті жем қылу заң болған. Сондайда, қап қыл ық-қуғылықта қашса құтылып, қуса жетіп отыратын ат ең қымбат дос болады......
Әңгімелер
Толық

Қазақ әдебиеті | Тоқтарбайұлы Қобыланды

Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.
Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының .....
Рефераттар
Толық