Аюбай аға, алты ұл немесе "ұялам"

-Осы күні жезөкше қыз деген қыз шығыпты,-деді Аюбай аға темекісін шырт еткізіп тұтатып жатып,-кірпік қақпай қарайды тіпті,қымсынып тұрған жоқ.Осыны айтқанда Аюбай ағаның көздерінде сұп-суық жарқыл білінді,сонан-соң темекісін сорғыштап,есіне әлдене түскендей үнсіз отырып қалды,сәлден кейін әңгімесін жалғастырды:
-Баяғыда кеш батса,холодильниктің есігін сыртынан бекітіп жатушы ек.
-Ау,ол неге? Тамақтарыңызды біреу үптеп кете ме?
-Қайдағы?-Аюбай аға қолын сілтеді.Ит басына....

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Жұмбақтар: ең қиын және миыңызды шынықтыратын 9 жұмбақ

Жұмбақ шешу – бір сәтке болсын күнделікті қарабайыр тіршіліктен алыстатып, зейініңізді, есте сақтау қабілетіңізді арттырады. Ұсынылып отырған қызықты жұмбақтар топтамасы арқылы миыңызды шынықтырып, ой-өрісіңізді тереңдете түсіңіз.

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Араға ерсең балдан татарсың, Қоңызға ерсең қиға батарсың

Мына тіршілікте аралардың өмір сүру тәртібі өте ерекше көрінеді. Олардың ортасында жалқау аралар болса, олар оны қатты жазалап, тіптім
өлтіріп тастайды екен. Аралар тынбай гүлден нәр тасып, еңбек етеді. «Араға ерсең» дегенде адамның араға ермейтіні – түсінікті. Ара сияқты еңбекқор адаммен бірге жүрсең, бірге еңбек етсең деген мағынада айтылып тұр. Қоңыз да еңбекқор ғой дерсіз. Бірақ қоңыз әрекеті өз қарабасының игілігі үшін. Ол бал арасы сияқты адамдарға тамақ әзірлемейді.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Қадір түні оқылатын таңдаулы дұға-тілектер жинағы!

(Қарыздан құтылу, берекелі ризық, қайырлы жұмыс, салиқалы жар, ізгі ұрпақ, қиындықтан шығар жол, аурудан шипа сұрайтын дұғалар)

 

Ислам ғұламалары: «Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла Тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің өмірге келетінін, кімнің ажалы жететінін, кімге қанша  ризық-несібе бөлінетінін белгілейді. Содан соң барлығын төрт періштеге: Жәбірәйіл, Исрафил, Микәйіл және Өлім періштесіне тапсырады», ‒ деген. 

Ал, атақты сахаба Абдулла Ибн Аббас (Алла әкесі екеуінен разы болсын): «Сол түні кітаптың анасынан, яғни Ләухул Махфуздан (тағдыр жазылған кітап) бір жылдың ішінде кімге қанша ризық (байлық, табыс) бөлінетіні, жер бетіне қашан, қанша жаңбыр жауатыны, кімнің дүниеге келетіні, кімнің дүние салатыны, кімнің қажылыққа баратыны да жазылады», ‒ деген. 

Яғни, бұл – тілектер қабыл болатын түн. Әрине, әр адамның жүрек төрінде орындалмай жүрген арманы, қажеттіліктері бар. Алла Тағала тілектерді әр адамның өз тілінде де естиді. Дегенмен, Құран мен Сүннетте келетін дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі жоғары болғандықтан ең таңдаулы дұғаларды топтастырдық. Қағазға шығарып, Рамазанның аспаннан періштелер жауатын соңғы түндерін дұға жасаумен өткізіңіз.  

Дұғалар
Толық

Өмір жайлы 7 ақиқат!

Өмір жайлы аитар болсам ақиқат
Ендеше мен баяндайын насихат
7 ақиқат бар екен мына өмірде
Ой саларлық , тәкаппарлау көңілге


Ақиқаттың біріншісін аитайын,
Өзгелерді жазғырма....

Өлеңдер
Толық

Марапат

Бұрынғы замандарда 3 кісі жолда жаңбырдың астында қалып бір үңгірге кіріп тығылады. Сол сәтте үлкен бір тас құлап үңгірдің аузын жауып қалады. Іштерінен біреуі мынадай ұсыныс жасайды: 
   “Келіңдер бәріміз ең жақсы әрекеттерімізді айтайық. Раббымыз осы жақсылықтарымыздың берекетімен бәлкім бізді бұл бәледен құтқарар.”
   Сөйтіп біреуі былай деп бастайды: 
    “Менің бір жеке кәсібім, қолымда бірнеше жұмысшым бар. Бір жұмысшым түске таман келіп басқалар істегендей мөлшерде істеді. Оған да басқаларға бергендей ақша бердім. Бір жұмысшым бұған ашуланып ақшасын алмай кетіп қалды. Мен оның ақшасымен бір ұрғашы бұзау сатып алып бақтым. Біраз жылдардан...

Оқиғалар
Толық

7-сыныптағы геометрия курсын қайталау: Екі түзуді қиюшымен қиғандағы бұрыштар (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Түзулердің параллельдігі
Сабақ тақырыбы: 7-сыныптағы геометрия курсын қайталау: Екі түзуді қиюшымен қиғандағы бұрыштар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: екі түзу мен қиюшы қиылысқандағы бұрыштарды танып біледі (айқыш, ішкі тұстас, сәйкес бұрыштар);
есептер шығаруда параллель түзулердің қасиеттерін қолданады.
Сабақ мақсаттары: Сабақ соңында оқушылар:
- параллель түзулердің белгілерін қолданып есептер шығарады;
- есептер шығаруда параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштардың қасиеттерін қолданады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Коронавирус

Коронавирус келді деп,
Ел-жұртымыз дүрлікті.
“Талай жанды алды” деп,
Халық талай қынжылды.

Тақпақтар
Толық