Ғұламаларымыз Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне және алдыңғы өткен ізгі кісілердің хабарларына сүйене отырып жыныстық қатынастың көптеген әдептерін көрсеткен. Солардан үзінділерді alashainasy.kz сайты назарларыңызға ұсынады.
Көпшілік білмейтін, түбіне тереңдемейтін, көп қозғалмайтын тақырыптар болады. Олар туралы айтуға бізде «тиым» салынған. Бірақ оны білу маңызды деп есептейміз. Яғни жыныстық қатынасқа байланысты ескере бермейтін дүниелерге бүгін тоқталғымыз келеді. Ол төсек ләззатының ұзағырақ созылуына ықпал етеді.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Еркектер төсек ойынын жақсы көреді, ал ол ойынды жақсы көретін әйелдерді одан да қатты жақсы көреді. Сондықтан артық ұялшақтықтың және жыныстық сауатсыздықтың қажеті жоқ. Олардың көзіне аздап ақымақ болып көрінгеніңіз жақсы. Мамандардың нәзікжандыларға арналған бірнеше кеңесіне құлақ түріңіздер.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Шариғат бойынша ерлі-зайыптылардың төсек қатынасындағы міндет пен парыздары қандай? Имамнан сұралған ақиқат - Төсек қатынасының нәтижелі болуы үшін қандай алғы шарттар бар? - Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шырын да ләззатты болу үшін сезім мүшелерінің барлығы іске қосылу керек. Бұл нәрсе еркек пен әйелдің бір-бірінің көзі үшін сәнденулері, мұрындары үшін хош иістенулері, құлақтары үшін жағымды сөздер айтулары арқылы көрініс табады.
- Әйел күйеуінің көңілін аулау үшін әдепті әйелге жараспайтын жұқа, қысқа киімдер киіп, түрлі сөздер айтып қылықтар көрсетсе бола ма? - Әлбетте. Ерлі-зайыптылардың арасында мұндай нәрселердің бәріне жол беріледі. Мұсылман әйел түзде әдепті, үйде қылықты болу керек. Еркектің көңілін жай таптырар орны – шаңырағы. Сол шаңырақтың шаттығы......
Күйеуіңіз жұмыстан кешірек келіп, жаңа көмекші қыздың пайда болғанын айтып, онымен әңгімесі тез жарасып кеткенін сөз қыла ма?
Немесе, жігітіңіз сіздің құрбыңызбен жақсы достасып кетті ме?
Мұндай жағдайда белгісіздік пен шарасыздық бір уақытта алқымыңыздан алып, тыныштығыңызды кетіріп жатыр. Сүйіктіңізді біреу алып кетердей күйдесіз. Бұл – қызғаныш.
Қызғаныш көре алмаушылыққа кішкене ұқсайды. Бұл – біреуде бар нәрсе өзіңізде жоқ болғанда қинайтын ыза мен өне бойдағы олқылықтың қосындысы. Әдетте көре алмаушылық пен қызғаныш өз-өзін төмен бағалауға, өз-өзін жек көруге алып келеді. Бұл құбылыстардан ешкім сақтана алмайды. Күндердің күнінде сізден де әдемі, сізден де ақылды біреу табылады, сонда осы сезімді бастан кешуіңіз бек мүмкін. Ол үшін ұялудың да қажеті жоқ, бәріміз тірі жанбыз. Тек қана дер кезінде тоқтата білу керек.
Қызғаныштан қалай құтылуға болады?
Біз неге қызғанамыз осы? Жеке өмірді қызғаныштың ықпалынан ғана күл-талқан етіп жататындар қаншама. Сондықтан, өзіңізді «қызғаншақпын» деп ойласаңыз, біз ұсынатын бірнеше кеңеске құлақ асыңыз.....