Шерхан Мұртаза | Қасқырдың тарамысы

Ауылы жақындар сенбі күні түс ауа үйлеріне барып, содан дорбаларын арқалап, жексенбінің кешіне қарай интернатқа қайта оралып жатқан кез.

Менің ауылым қаладан қашық. Қала мен алыстағы ауылымның арасын Қара маржан тауы бөліп жатады. Басқалар сияқты үйіме барып келе алмаймын. Демалыс күндері көбінесе интернатта жалғыз қаламын. Дәлірек айтқанда, жалғыз емеспін, Нарбота деген бала да бар. Менің серігім сол. Дардай атының алғашқы буынын, яғни «нарын» алып тастаса, оған со да жетер еді. Нар қайда-а-а! Тұрған бойы жаңа туған ботаның сықпытындай нәп-нәзік. Аяқ-қолы шидей. Бірақ басы ботаның басындай үрпек, үлкен екені рас. Жанары да ботаның көзіндей жәудіреп, сәл-сәл жасаурап тұрады.

Нарбота — тақыр жетім. Әкесі соғыста опат болған. Шешесі қырық үшінші жылы өкпесіне суық тиіп, кешікпей күйеуінің соңынан жөнеп берген. Оннан жаңа-жаңа асқан баланы ағайындары жетімдер үйіне өткізсе керек. Содан биыл оқу басталарда, біздің интернатқа ауыстырылды. .....
Әңгімелер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Әріппай мен көкжал қасқыр


— О, Әрекеңнің басынан не кешпеген. Бәрі де кешкен. Әй, Әреке, Әреке - тай, мына балаларға жас кезіңізде өзіңіздің басыңыздан кешкен қызғылықты уақиғалардың бірін әңгімелеп, айтып беріңізші?

Әрекен бәлсінбейді. Электр ұстарамен күнара тықырлап қырып жүретін көктұқыл сақалын күлімсірей сипалап, сәл ойланып отырады да:

— Жарайды, айтсам, айтып берейін — дейді.

— Қай әңгімеңізді айтасыз?

— Жапан дүзде көкжал. қасқырға кездесіп, қалай аман қалғанымды айтып бepeйін.

— Дұрыс, соны айтыңыз.

— Біріншіде оқимын ол кезде, кішкентаймын, — дейді Әрекең.— Әке-шешем колхоздың қойын бағады. Поселкеде өзімнің Күлімхан дейтін жеңгемнің үйінде жүрем.

Күлімханды сен білесің, мінезі күрт, тілі ащы адам еді ғой. Бірақ оған да кінә жоқ. Күн бойы колхоздың жұмысын істеп, шаршап келеді. Оны күтіп, бітпей жатқан үй ішінің тіршілігі және көп. Міне соның арасында қитығына біз де тиіп қоямыз. Сосын ол қалай ашуланшақ болмасын.

Бір күні ойынның қызығымен жүріп, қызыл бұзауды байлауды тарс ұмытыппын да кетіппін. Бір қарасам қоңыр сиыр түк білмегендей үйдің қасына маңқиып келіп тұр. Қызыл бұзау құдай тілеуін беріп, оны рақаттанып еміп тұр. Ойынды тастай салып ұмтылдым. Дәл сол кезде ар жақтан аюдай ақырған Күлімхан қоса көрінді.

Бұзауға қабат жеттік ол екеуміз.

Жеткенмен не пайда. Қызыл бұзау өз шаруасын тындырған. Қоңыр сиырдың желініндегі күні бойы сыздықтап жиналған, бүкіл үй ішіміз боп үміт артып отырған бар сүтті қарнына қотарып құйып алған. Сиырдың желіні ішінен желі шыққан допқа ұқсап боп-бос. Ызасы қайнаған Күлімхан бір қолымен қызыл бұзауды бұйдасынан сүйрей - мүйрей, маған ұмтылды.

— Ойында басың қалғыр, жүгірмек!

«Жүгірмекте» кінә мол. Мойнын ішіне тығып, жасқанғанды ғана білді ол. Күлімханның жұдырығы балғадай ауыр келетіні және мәлім. Шойын жұдырықтар көк желкемнен аямай түйіп - түйіп етті.

Және ұрады екен деп, құламасам да әлгі араға құлай кетіп бақырдым. Ойындас жолдастарым анадайдан бұның бәрін көріп тұр. Жоқ, жатқан үстімнен төмпештеп ұрған жоқ жеңгем, Бірақ зәрі ұрғанға бергісіз ащы сездерін аямай айтып, енді қызыл бұзауды түйгіштеп кетіп бара жатты.

Ал таяқ еттен, сөз сүйектен өтетіні белгілі. .....
Әңгімелер
Толық

Түйе арыстан қасқыр түлкі

Бір түлкі жортып келе жатып, қаңғып бара жатқан бір түйеге кездеседі.
— Түйем, түйем, қайда барасың? — дейді.
Түйе:
— Оты мол, суы мол жер іздеп барамын, — дейді. Түлкі:
— Ендеше, екеуміз жолдас болайық! — дейді.
Түйе:
— Болсақ болайық, - дейді. Екеуі келе жатса, бір қасқыр келіп жолығады.
— Е, қайда барасыңдар? — дейді. Түйе мен түлкі:
— Оты мол, суы мол жерге барамыз, — дейді. Қасқыр:
— Ендеше, үшеуміз жолдас болайық! — дейді. Бұл үшеуі жолдас болып, жүріп келе жатса, бір арыстан келіп кездеседі.......

Ертегілер
Толық

Қой мен қасқыр

  Өрісте бір арық қой жалғыз қалыпты. Қалың шілік арасынан шыққан қасқыр жалпақ даланы аралап келе жатып, әлгі қойға тап болады. Қуанып кетіп:
— Ее-е, жерік асым, қайдан жүрсің? Іздеп таба алмаушы едім. Бұйырған асым екенсің, аузыма өзің келіп түсіп тұрсың. Енді асықпай бір тояйын, – дейді.
— Ажалым жетсе, амал бар ма? – дейді қой мұңайып. –Бірақ өзің де мал танығыш едің ғой, қарашы түріме. Аузың толар етім жоқ, тұла бойым шандыр. Мені қайтесің, босат. Қойға барып, қозымды әкеліп берейін....... 

Ертегілер
Толық

Түйе арыстан қасқыр және түлкі

Бір түлкі жортып келе жатып, лағып бара жатқан бір түйеге кездеседі.
— Түйем, қайда барасың? – дейді түлкі.
Түйе:
— Оты мол, суы мол жер іздеп барамын, – дейді.
Түлкі:
— Ендеше, екеуіміз жолдас болайық, – дейді.
Түйе:
— Болсақ болайық, – дейді.
Екеуі келе жатса, бір қасқыр келіп жолығады.......
Ертегілер
Толық

Қанатты қара қасқа ат

Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде бір қарт болыпты. Әкесі атын Жанбай деп қойыпты. Өсе келе, әйел алып, өз алдына үй болыпты, бай қолында жұмыс істепті. Бірнеше жыл еңбек, етіп еңбегіне бір қара бұзау алыпты. Жанбай ол бұзауын «қотыр баспағым», «қоңыр баспағым», «бес жылдық еңбекке алған баспағым» дейді екен. Жанбай бірнеше жыл аянбай еңбек етсе де байдың бергені - бір бұзау. Жанбай тамақ асырай алмай дағдарыпты. Осы кезде бұзауы өсіп, бұзаулы сиыр болыпты. Сиырдың ерте......
Ертегілер
Толық

Қасқыр мен қозы

Қасқыр судың жоғарғы жағында, қозы төменгі жағында тұрып, су ішеді. Қасқыр қозыны жегісі келіп, бір айла іздей бастайды. Қасқыр қозыға айғайлап:
— Мен ішетін суды неге былғайсың! – дейді.
Қозы:
— Қасеке, мен қалай сен ішетін суды былғаймын? Сен судың жоғарғы жағында, мен төменгі жағындамын, мен ішкен су саған бармайды ғой, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Ақ тиін мен қасқыр

Ақтиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды.Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып:
— Мені жеме, жібер? – дейді.
— Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?
Сонда ақ тиін.....
Ертегілер
Толық

Қасқыр неге ұлиды

Ертеде Халық деген бір кедей өмір сүріпті. Мал дегенде он шақты ешкісі, жалғыз аты және алтын қауырсынды қоразы болыпты. Ол кезде қораз айғай салып, ешкі де бақырмайды екен.

Күндердің бір күнінде ақсиған тісі бар, адам қорқар түсі бар бір аң келіп, кедейдің екі ешкісін алып кетеді.

— Өзі барып тұрған қаскүнем екен, қырды да кетті, – дейді Халық күйініп кемпірі мен баласына.......
Ертегілер
Толық

Қасқыр мен кірпі

Орман шетінде домаланып бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас салады. Сол кезде кірпінің инелері қанжардай қадалып, қасқырдың тұмсығы мен тамағы қанға боялады. Өзінің озбырлығын, қомағайлығын сездіргісі келмеген қасқыр:

— Бетіңнен сүйейін деп едім. Сен-ақ түрпілеріңді тастамай жүреді екенсің өмірі, – деп, сылтауратады.......
Ертегілер
Толық