Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басьшан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды. ....
Сүт - малдың желінінде (сүт безінде) қаннан түзілетін күрделі, құрамында жүзден астам заты бар физиологиялық ерітінді. Оның құрамында су, белок, сүт майы, сүт қанты, минералды заттар (оның ішінде микроэлементтер) витаминдер, ферменттер, гормондар, газдар, пигменттер, иммундық заттар, микроорганизмдер, т.б. болады. Сүт осы айтылған заттардың кездейсоқ қосындысы емес, бір бірімен тығыз байланысты коллоидты құрылым. Сондықтан да сүтті- полидисперсиялық система деп те атайды. Себебі оның кейбір қосындылары ионды немесе молекулалық (тұздар, сүт қанты) түрде кездессе, басқалары (майлар) ірі дисперсия түзеді. Жұмыстың мақсаты: Қой сүтінің құрамы мен қасиеттерін зерттеу. Жұмыстың міндеті: -Қой сүтінің физико-химиялық құрамын зерттеу; - Қой сүтінің жыл мезгіліне байланысты физико-химиялық құрамын зерттеу; - Қой сүтінің физико- химиялық құрамын сиыр сүтінің физико-химиялық құрамымен салыстыру Ерте кезден бастап адамдар сүттің емдік қасиеті барын анықтаған болатын, сол себептен медициналық емдік зат ретінде қолданған. Авиценна өзінің «Канон врачебной науки» еңбегінде: сүт- балалар мен қарт адамдарға ең жақсы тағам деп жазған болатын. Мыңдаған жылдардан бері сүт пен оның емдік қасиеттері туралы белгілі. Алайда, қазіргі күннің өзінде сүт туралы барлығын білеміз деп нақты айта алмаймыз. ....
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Зерттеуге өзек болған қазақ әдебиетіндегі Н. В. Гоголь шығыармаларының аудармаларында әлі де көп зерттеуді қажет ететін,басы ашылмай келе жатқан мәселелер баршылық. Жазушы еңбектері түгелдей ана тілімізге тәржімаланғанымен,арасында аударма теориясының негізіне сай келмейтін кемшіліктер мен түсінбеушіліктер бар. Осыларды негізге ала отырып,жазушының «Өлі жандар» туындысының екі мезгілде аударылған осы шығармасының аударылу нұсқасымен салыстырылып саралануы және романның құрылымдық жүйесінің екі тілдегі мазмұн ерекшелігін қарастыру жұмыстың өзектілігін аша түседі. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Н. В. Гоголь шығармашылығы қазақ халық әдебиетіне ықпалы мен қазақ әдебиетіне әсері көп тиді. Гогольдің шығармаларының қазақ тіліне аударылуы яғни,оның аудармаларының тарихи өсіп-өрбу жолдары осы ықпал мен әсерден туған. Осылай ,бір елдің әдебиеті екінші елге әсер етеді де,ой-өрісі кеңіп,өмір тану жолы тар шеңберден шығып,үлгі-өнеге алу арқылы есейіп,ер жете береді. Аударма әдебиеті төл әдебиетпен жедел өседі. Төл әдебиет аударманы кемелдендіреді. Еліміздегі аударма жұмысының қарқынды дамуының арқасында көркем аудармадағы Гоголь сынды жазушының аудармаларының тарихы мен аударма ерекшеліктерін және де әдіс-тәсілдерін зерттеп көрсету. Аударманың ерекшекліктеріне көңіл бөле отырып,Н. В. Гогольдің «Өлі жандар»туындысының екі жылдардағы аударма нұсқасымен салыстыру арқылы,романның құрылымдық жүйесін,образдар жүйесінің яғни,кейіпкерлер есімдерінің аударылу ерекшелігіне көңіл бөлу. Сондай-ақ аударма нұсқаларын салыстыра отырып талдау. Жұмыстың әдістемелік негізі. Көркем аудармадағы Н. В. Гогольдің «Өлі жандар»туындысының аударма нұсқаларын зерттей отырып салыстырмалы әдіс,сызба әдіс,талдау әдістері негізінде жұмыстың барысы айқыдалады. Гогольдің қанжардай өткір, алтындай асыл сөзін жеткізе білу керек Қазіргі кезде қарым-қатынасқа деген ұмтылыстың дамуы,елдер мен халықтар арасындағы экономикалық саяси,мәдени байланыстардың ауқымының кеңеюі тек қана аударма ісінің ілгерілеуі мен білікті мамандарды ғана қажет етіп қоймай,сонымен қатар тәржіма қызметінің көптеген мәселелерін күн тәртібіне қойып отыр. Аударма деген сөздің ауқымы кең. Бір тілден екінші тілге өлең,көркем проза,ғылыми және ғылыми көпшілікке арналған әр түрлі еңбектер, дипломатиялық іс-қағаздары,саяси қайраткерлердің мақалалары мен шешендердің сөздері тағы басқа сол сияқты толып жатқан дүниелер аударылуы мүмкін. Тәуелсіз Қазақстаның әлемдік деңгейде нығаюы ақпарат алмасуға, тілдік,мәдени ауыс-түйісті арттыруға да тәуелді. Осы орайда,заман талап етіп отырған тәржіма ісінің көкейкесті мәселелерін арнайы зерттеп оқытудың және де талқылаудың маңызы зор. Осының барлығы да аудармашыға қойылатын талапты аударма теоретигі А. В. Феодоровтың айтуынша екі түрде көруімізге болады. 1/ Аударманың мақсаты-түп нұсқа мәтінін тіл білмейтіндерге таныстыру. 2/ Ал аудару дегеніміз-өзге тілдің құралдарымен баяндалған мәтінді екінші тілдің,құралдарымен толық,дәл жеткізу деген сөз. /1.15/ Аударма осы заманның өз мұқтаждығына сай туған өнер. Оның мәселелерін қарастыру деген сөз-дүние жүзі халықтарының ынтымақ, бірлігінің жаршысы болу деген сөз. Өйткені,халықтардың өзара қарым-қатынасының күшеюі,бір-брімен жақындасуы заманымыздың жарқын белгілерінің бірі саналмақ. Дархан мәдениетіміздің бір ұшы аудармаға ойысып жатады. Мәдени өміріміздің қандай бірсаласын алсаңыз да,аударма араласпаған түрін табу қиын.....
Бидай дәні биологиялық жүйе болып табылады. Ол анатомиялық бөлшектерінің күрделі құрылысымен және микроқұрылымымен, ал сыртқы түрі бойынша – дақылдардың әрбір тобы үшін ерекше болып келетін пішінімен ерекшеленеді. Химиялық заттар дәннің анатомиялық бөліктері мен қимасы бойынша өте-мөте бірқалыпсыз бөлінген. Биологиялық маңызды қосылыстар (витаминдер, ақуыздар, ферменттер) ең алдымен ұрықта және қалыпты дәнде клеткалары өмірге қабілеттілігін сақтап қалатын алейрон қабатында шоғырланған; эндоспермнің түпкіріне тереңдеген сайын осы қосылыстардың үлесі біртіндеп төмендей береді. Тотықтары дәнді жаққан кезде күл түзетін органикалық емес заттардың, сонымен бірге жоғары нәрлілікке ие, әрі сондықтан дәннің өсіп-өнуінің ерте кезеңдерінде-ақ ұрықтың қалыпты дамуы үшін өте-мөте қажет липидтердің бөлінуі де осындай заңдылыққа бағынған. Тірі организмдер үшін олардың жағдайының, күйінің факторлардың көптеген санына және көптеген ішкі өзара байланыстарға тәуелділігі тән болып табылады. Дәннің күйін анықтайтын негізгі факторлар болып оның ылғал мөлшері және температурасы, сонымен қатар олардың шамаларының қоршаған орта күйінің параметрлерімен анықталатын тепе-теңдік мәндерінен ауытқу дәрежесі табылады. Бидай, оның қасиеттері және сақтау мен өңдеу ерекшеліктері туралы ғылымның көп ғасырлық тарихы бар. Әсіресе ол ғылым ХХ ғасырда қауырт даму алды, бұған ең алдымен дәл ғылымдардың жан-жақты дамуы және осының негізінде нақты материалдарды зерттеу әдістерінің жетілдірілуі мен дәлдігінің артуы себепші болды. Дәнді бағалау, оның технологиялық ерекшеліктерін танып білу, сақталу және өңделу жағдайларын, сондай-ақ режимін анықтау үшін қасиеттер, сапа, сапа көрсеткіштері, сапаның бірлі-жарым көрсеткіші, сапаның кешенді көрсеткіші, сапаның базалық көрсеткіші, сапа деңгейі, ақыр соңында, күйі түсініктері қолданылады.....
Асқабақтың денсаулыққа пайдалы қасиеттері барлығына жақсы белгілі. Көкөністер мен жемістердің шырынының пайдасы дәлелденген, асқабақ шырыны дәрілік препаратқа теңестіріледі. Оның құрамында көп мөлшерде бето-каротин, ол біздің ағзамызда ретинолға айналады (А дәрумені), сондай-ақ В, Е, К және С (аскорбин қышқылы) бар. Асқабақ шырынының минералды құрамы өте алуан түрлі; калий, мырыш, темір, кальций, магний. Асқабақ шырынында тағы майлар, белоктар және минералды тұздар бар. Асқабақ шырынындағы ағзаға үлкен пайдасын тигізетін пектин болып табылады. Ол зат алмасуды реттеп, асқазан-ішек жұмыстарын қалыпқа келтіреді. Қандағы холестеринді төмендетіп, перифериялық қан айналымын жақсартады. Пектин біздің ағзамызда жиналып қалған токсин, пестициндерден құтылуға көмектеседі. Сондай-ақ, ол бауыр тазалауда жақсы құрал болып табылады. Жүрек-қан тамырлары ауруларында асқабақ шырынының ерекше құнды, пайдалы қасиеттері бар. Бұл сусынмен атеросклероздың алдын алуға болады. Сондай-ақ магний миокард, бұлшық ет талшықтарын нығайтып, қан құрамын жақсартады. ......
Киелі Ертіс-Баян өңірінің табиғаты қаншалықты сұлу болса, осы елде өсіп-өнген ақындары да соншалықты сырлы болып келеді. Баянтау баурайындағы қарапайым малшылар отбасында өмірге келіп, туа біткен табиғи талантымен әдебиет әлемінен өзінің орнын тапқан ақын, журналист, сатирик Сүлеймен Баязитовтің есімі жұртшылыққа жақсы таныс. Оның журналистік жолдағы еңбегі алғаш Баянауыл аудандық «Баянтау» газетінде басталды.
Одан соң облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде қызмет істеп, кейін ұстаздық жолға түскен. «Жасыбай батыр», «Хан ием», «Құдіреті күшті бір Алла» сынды он шақты кітаптың авторы. Сонымен қоса, үстіміздегі жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Қазақмыс» корпорациясының бірлескен жобасы – республикалық «Балауса» жыр мүшәйрасының үшінші орын иегері. Ақын ағамыз биыл асқаралы 70 жасқа толып, ұрпағының қызығын көріп отыр. Осыған орай жерлес жазушымен жүздесіп, сұхбаттасып қайтқан едік.
- Ассалаумағалейкум, Сүлеймен аға! Алдымен балалық шағыңызға бір сәт саяхат жасасақ?
- Мен 1944 жылы Баянауыл ауданына қарасты Ж.Шанин атындағы елді мекенде колхоздың малшысы Баязит ақсақалдың отбасында өмірге келіппін. Мен туғанда қар аралас жаңбыр жауып, тас балағанның төбесінен су ағып тұрыпты. Ол кезде қойшылар қандай жөні дұрыс үйде тұрды дейсің? Әйтеуір баспана деген аты болмаса...
Ал балалық шағың қалай өтті дейтін болсаң, өмірдің соқпағына ерте түстім, кішкентайымнан қара шаруаға жегіліп өстім. Өзім өмірге келген жердегі жеті жылдық мектепті тәмамдадым. Мектеп бітірген соң біраз уақыт қой бағып, сиыр өсіріп, малшыларға көмекші болдым. Бұл сол тұстағы кез келген баланың өмірінен өтетін үлкен сындардың бірі еді. Сол арқылы көндігіп, өмірдің сырын ұқтық, қиындыққа төзуді үйрендік. .....
Ертеде өмірі өкінішпен, өксікпен өтіп жатқан Айдарбек атты кедей болыпты. Кедей болғанда да байғұстың өмір бойы табағы майланбаған. Тақымы атқа тимей, нағыз сіңірі шыққан кедей болса керек. Жан дегенде жалғыз жары Қатшадан басқа оның қараша үйіне кіріп-шығып, сырласып мұңдасатын да ешкімі болмаған екен. Қыстың ұзақ, жаздың қысқа түндерінде: «Құдай бізді өмірден баз кешіп, ұрпақсыз өтуге жазған ғой, әйтпесе...» – деп ол жары Қатшаға мұң шағатын. Мұндайда Қатша: «Олай демеңіз, отағасы, Құдай жазса, біздің отбасымызда да қуанышты күндер болар. Біз де ел қатарлы сәби сүйіп, шаттыққа бөленерміз», –дейтін.
Тек сол бақыт, шіркін, жыл өткен сайын бұлардан жырақтап бара жатқандай көрінетін. Бір күні ол қолына қармағын, садағын алып, өзін сандаған жылдар бойы асырап келе жатқан Ақкөлге қарай аяңдап келе жатты. Сәті түссе, балық аулап, құс атып қайтпақ. Кенет оның ойын әлдекімнің: «Ай-дар-беек, Ай-дар-беек!» – деп шақырған даусы бөлді. Ол айнала төңірекке жіті құлақ түріп, бажайлай көз тастады. «Мен мұндамын, мен мұндамын», – деген дауыс, қарсы алдында өсіп тұрған қалың қарағанның арасынан шығып жатты. Айдарбек жүгіре басып, қарағанның арасында тырбаңдап жатқан қызыл шақа бүркіттің балапанына көзі түсті. Өлдім-талдым деп әрең алып шыққан Айдарбек балапанның қатты жарақаттанғанын байқады. .....
Екібастұз қалалық “Отарқа” газетінің 1998 жылғы 31 шілдедегі № 31,32 сандары “Дархан даланың данышпан ұлы Мәшһүр Жүсіп Көпеев 140 жаста” деген айдармен жарық көрді. Газеттің сол сандарында белгілі журналист Амангелді Қаңтарбайұлының “Ескелді естеліктері” басылды. “Күтпеген қонақтар”, “Өртке оранған өңір”, “Қой қырғыны” атты үш әңгімеден тұратын естеліктер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ерекше қасиетін айшықтауға арналған құнды дүниелер. Автор өзінің балалық шағында үйлерінің Мәшекеңнің зират үйімен көрші қоныстанғанын баяндайды. “Әлі есімде өте кедей едік, тістеуік жирен биеміз, екі лағы бар қара қасқа ешкіміз болды. Неге екенін кім білсін, біздің үйде ыдыс- аяқ та жетімсіз болатын.
Балта да жоқтын. Оның бәрі есімде қалғаны жолаушылап біреу- міреу келе қалса, шешем мені Мәшекеңдікіне жұмсайтын .” Осы жолдарды оқығанда еріксіз ойға қаласың. “Апырай, Мәшекеңдікіне жұмсайтын”- деуіне қарағанда, айнала төңірегін мекендеген тірі адамдар Мәшекең аруағын қастерлеумен одан тура мағынасында қолқайыр да көрген екен- ау. Мәшекеңнің бейіт үйінен ағаш жаруға балта, үйге келген қонаққа ыдыс- аяқ алулары соның айғағы емес пе?! .....
Кешкі түгендеуден кейін рота командирі: «Ертең, яғни жексенбі күні театрға барамыз», –дей келіп рота старшинасына театрға баратын әр жауынгерден билетке қанша ақша алатынын айтып пысықтаған. Қойылым атауы «Куба, любовь моя!» екендігі оны сахналайтын Одаққа, тіпті әлемге белгілі Ленинградтың Опера және балет театры екенін еске салуды ұмытпаған.
Таңғы астан кейін театрға баруға әзірлік басталып кеткен еді. Әр жауынгер каптеркадағы парадтық киімдерін алып үтіктеп, түйме тағып, ақ жағасын ауыстырып, қарбалас үстінде. Қалтамдағы азғантай тиын- тебенім театрға билет алуға жетпейтінін байқаған мен кереуетімнің қасындағы тумбочканың жанында кітап оқып отырдым. Кенет аты-жөнімді атаған рота командирінің дауысын естіп, орнымнан апалақтап атып тұрдым. Ол маған: .....