Әжетханада оқылатын дұғалар

Мұсылман адам әжетханаға кірерде мына дұғаны айтады:
«Бисмилләһи, Аллаһумма, иний аъузубикә минәл хубсй уәл-хәбәийс». Яғни, «Аллаһым, ластықтан және лас нәрселерден саған сиынамын» деген. Өйткені, әжетхана жын-шайтандар мекені болғандықтан, бұл жоғарыдағы дұғаны оқып кірсек, еш зияны тимес.
Ал әжетханадан сыртқа шыққанда: «Ғуфранәкә» делінеді. Ол «Кешір» деген мағына, өйткені, әжетхана, моншада Аллаһты зікір етуге тыйым салынған. Мұсылман кісі әжетхана ережелерін білген дұрыс:
1. Сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу;
2. Жоғарыда аталған дұғаларды оқу;....
Дұғалар
Толық

Көлікке мінгенде айтылатын дұға

«Бисмилләһ, әлхамдулилләһ». Яғни, Аллаһтың атымен бастаймын, Құдайға шүкір деген мағына. Мұнымен қатар, Аллаһқа тәуеп етіп, бәлекеттен аман-есен сақтай гөр, деп сиынып шығу.....
Дұғалар
Толық

Жолға шыққанда оқылатын дұға

Әуелі лажы болса жол жүрерде «Сапар намазын» оқып, «Ей, Аллаһ, өзіңе өзімді тапсырдым, түрлі қауіп-қатерден сақтай гөр. Тәуекел еттім» деп ниет етіледі. Содан соң мына дұғаны оқысын:
«Бисмилләһи, тәуәккәлту ъалал-лаһу уә лә һаулә уә лә қууатә иллә билләһи» делінеді және де мүмкіндік болса, әрдайым жол жүрерде садақа беріп шыққан пайдалы. Өйткені садақа адам басына төніп келе жатқан бәлекетті қайтарады.....
Дұғалар
Толық

Қораз шақырғанда және есек ақырғанда айтылатын дұға

Пайғамбарымыз былай деген: «Егер қораздың шақырғанын естісеңіздер, Аллаһтан оның кеңшілігін сұраңыздар, өйткені ол (қораз) періштелерді көрген болады. Егер есектің ақырғанын естісеңіздер, Аллаһқа шайтаннан сыйыныңыздар, өйткені ол (есек) шайтанды көрген болады». Осы жағдайларда «Аъузубиләһи минәш-шайтанир ражйм»-ді оқу керек.....
Дұғалар
Толық

Базарға кіргенде оқылатын дұға

Бұл дұға базарға кірерде оқылады: «Лә иләһә иллә-лаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул хамду, юхй уә юмийту уә һууә хайюн лә ямуту, биядиһил-хайр, уә һууә ъала куллй шәиинқадир».....
Дұғалар
Толық

Экология | Арал қасіреті

Арал теңізі экологиялық апатқа дейін құрылық ішіндегі айдын су еді. Тереңдігі 53м дейін баратын теңіз бетінің аумағы 64,5 мың шаршы шақырымға дейін жететін. Ұзындығы 428, ені 235 шақырымға дейін созылып жататын. Суының көлемі 1060 текше шақырым болды.
Аралдың өзіне тән ерекшеліктері аз емес. Академик Л.С. Берг осы ғасырдың басында Арал теңізін зерттеп жүріп, оны «Керіағысты теңіз» деп атаған. Оның мәнісі мынада: Солтүстік жарты шарда барлық денелер жердің айналу бағытының әсерімен оңға қарай қозғалады. Гольфстрим ағысы да солай. Ал, Арал бұл заңға «бағынбайды», солға қарай ағады.
Экологиялық апатқа дейін Арал суының тұздануы әлдеқайда кем болатын. Сырдария мен Әмудария жылына 33 миллион тонна тұз әкелетін. Бірақ, теңіздің тұз мөлшері 11 млрд тоннадан асқан емес. Ол өзендердің бірнеше мың жылдар бойы құйғанын есепке алсақ, олар әкелген басқа тұздардың қайда кеткені жұмбақ.
Арал мен Каспий егіз болғанмен, «мінездері» кереғар. Каспийде су көбейсе, Аралда азаяды. Аралда су көбейсе, Каспий шегінеді. Әлімсақтан бері солай болып келеді. Бұл екі теңіз өзара тұтасып жатқан жоқ па деген сауал да алға тартылады.
Теңіз біткен тұмансыз болмайды. Аралда ол атымен болған емес. Аралдың бұл да бір «кереметі». Басқа теңіздерде тереңдеген сайын оттегі азая беретін болса, Аралда керісінше көбейе береді. Теңіздің су жағдайын зерттеген ғалымдар тағы бір жаңалық ашты. Арал жылына 5 млрд текше метр суды жер астынан алатын көрінеді.
Облыстың, оның ішінде Арал теңізінің ерекше бір аймағы – Барскелмес аралы. Экологиялық апатқа дейін Барсакелместе өсімдіктің 165 түрі өскен. Сегізсай жоны мен Қарақақ сайы, үлкен және кіші тұз көлдері, тұщы құдық маңы көктем мен жаз басында көркемдігімен көз тартады. Барсакелместе құлан, ақбөкен паналайды, сексеуіл мен басқа да бұталар осы жерде өседі. Үй хайуанаттары да осында жайылған. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Асқазан ауруымен науқастарды жүргізу тәсілдері

• Созылмалы гастритке анықтама бер.

Созылмалы гастрит- асқазан клегейлі қабығының жасушалық инфильтрациясымен, регенерациясының бұзылысымен жүретін және үнемі меңдеуімен бездік эпителийдің атрофиясына, кілегей қабықтың іштік метоплазиясына алып келіп, асқазанның секрециялық моторикалық инрекциялық функцияларының жетіспеушілігін туғызатын, асқазан кілегей қабығының созылмалы қабыну ауруы.

• Созылмалы гастриттің эпидемиологиясы қандай?

Асқазанның барлық ауруларының 85% құрайтын, кең тараған аурулардың бірі, ересек жастағы адамдардың 50% -да анықталады және адамның жасы ұлғая келе осы ауруға шалдығу мүмкіндігі жоғарлай түседі. Бірақ науқастардың көбі ауруына мән бермеуінен дәрігерге қаралатындардың саны 10-15%-тен аспайды.


• Созылмалы гастриттің этиологиясы қандай?

Созылмалы гастрит – полиэтиологиялық ауру. Дамуына алып келетін себептер:
• Хеликобактерлік инфекция (95% )
• Аутоиммундық факторлар (15-18% )
• Дуеденогастральдік рефлюкс
• Ұзақ қолданған дәрі дәрмек әсері, мәселен стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектердің, калий хлоридінің, резерпиннің, туберкулезге қарсы дәрмектердің т.б.
• Алиментарлы факторлар ( уақтылы тамақтанбау; тамақты шайнамастан асығыс жұту; аса өткір , ыстық немесе салқын тағамдарға әуесқойлық.
• Зиянды әдеттер (ішімдікке салыну, темекі тарту)
• Өзге ағзалардың аурулары: анемия, өкпенің, жүректің, бүйректің жетіспеушілігі; созылмалы холецистит, панкреатит, дуеденит т.б.).

Созылмалы гатриттің дамуының ең басты себебі- хеликобактерлік инфекция 90-95% , ал қалған 5-10% өзге себептерден болады.
• Созылмалы гастриттің патогенезін түсіндір?
Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазан эпителийінің регенерациялық қасиеті төмендейді, қабыну процессі дамиды, жүре келе қалыпты эпителий мен бездер жойылып, асқазанның кілегей қабығында атрофиялық және ішектік метоплазия процестері туындайды. Кілегей қабықтың атрофиясы ақырында асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі.....
Рефераттар
Толық

Қатты қорыққан кезде және оны біреу ұрсып жатқанда және Құран оқудан алдын оқылатын дұға

«Аъузубиләһи минәш-шайтанир ражйм. Бисмил-ләһир рахманир рахим»-ді қайталап айтып жүру керек. Сонда әлгі ұрсып жатқан адамның шайтанына бұл сөз кісен болып, азғыра алмай қалады. Немесе сәлемді жуандау етіп беру керек. Сәлем сөзі Аллаһтың бір есімі. Аллаһтың есімі аталған жерден шайтан қашады.....
Дұғалар
Толық