Сортаңданған топырақ деп, кескінінде өсімдіктер үшін зиянды мөлшерде жеңіл еритін тұздары бар табиғи жарандыны айтады. Оның сор, сортаң типтері мен сортаңды, сортаңдау түрлері мен кейбір және кермекті типшелері бөлінеді. Бұл жарандылар кең құрғақ және шөл дала мен шөлді, шамалы орманды дала мен орманды аймақтарында кездеседі. Бұрынғы КСРО да сортаңданған топырақтар алабы 52,3 млн га, яғни 2,4 процентке тең. Жалпы ТМД жерінің 35 млн га кебір топырақтар, 70 млн га кебірленген көшенді аймақтық тоыпырақтар жиындысына кіреді. Сортаң және сортаңды жарандылар кешендерінің көлемі КСРО-ның 5,4 процентіне тең. Сортаңданған топырақтар жері орталық және төменгі Украинаның оңтүстігіне, Кавказдың солтүстік шығыс беткейіне, Қазақстан мен Орта Азия республикаларына келеді. Тұздардың топырақта жиналуы мен жиналу жағдайлары, сортаңданған топырақ қалыптасуы, тұздардың ыза және топыраққұраушы жыныстар тұздылығы мен тұздардың топырақ кескінінде шоғырлануына байланысты. Тұздар негізінен тау жыныстары бұзылуы нәтижесінде ерімтал күйінде пайда болады. Көптеген тұздар жанартау шөгінділерінде пайда болады. Тұздардың құрылықта қарқынды жинақталуы климат жағдайына, қар мен жауын суы булану мөлшеріне, суда еритін және топырақтың су өткізгіштік қабілетіне байланысты. Ылғалды климатта, шайылымды су құбылымы бар топырақ кескінінде тұздар терең шайылып, тіпті жынысқа өтіп кетеді. Құрғақ климатта, өте-мөте шөлейт және шөлді аймақтарда, құрылыққа түскен жауын суы түгел қайта ауаға буланып кететін жағдайда, тұздар ызамен келіп, жыныстарда мол шоғырланады, керісінше ыза суы жоғары көтеріліп буланғанда, тұздар да тұрақты көтеріліп, сортаңданған топырақ қалыптасуына себептеседі. Геобиохимиялық жағдайға байланысты орманды дала мен дала аймақтарында жалпы тұздар мөлшері аз болса да, топырақта және ызада шамалы карбонат пен екі карбонатты натрий, күкірт, сондай-ақ содалы, содалы-күкірт типтес сортаңдану қалыптасқан. Соңғыларға себеп: соданың күкірт пен хлор тұздарына қарағанда аздау ерімталдығы. Ал шөлейт және шөлді аймақтарда күкірт пен хлорлы натрий тұздары шоғырлануына жағдай ыңғайлы (аз атмосфералық түсім, тұзды жыныс т.б.). ....
Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді. Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жыл келді о, міне, Далама, қалама, жеріме Шаттыққа бөлеп әр үйді, Шыға ғой менің төріме. (Сиқыршы шығады) Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін? Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған.....
Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп: – Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті. – Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, – депті күшік. Қасқыр: – Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті. Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап: – Маған қарашы, менің көздерім, құлақтарым, ауызым, құйрығым қандай екен? – депті. – Сенің екі көзің шоқтай қызарып....
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін.......