Педагогика | Адамның басқа қасиеттері

Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басьшан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Биотехнология | Қой сүтінің құрамы мен қасиеттері

Сүт - малдың желінінде (сүт безінде) қаннан түзілетін күрделі, құрамында жүзден астам заты бар физиологиялық ерітінді. Оның құрамында су, белок, сүт майы, сүт қанты, минералды заттар (оның ішінде микроэлементтер) витаминдер, ферменттер, гормондар, газдар, пигменттер, иммундық заттар, микроорганизмдер, т.б. болады. Сүт осы айтылған заттардың кездейсоқ қосындысы емес, бір бірімен тығыз байланысты коллоидты құрылым. Сондықтан да сүтті- полидисперсиялық система деп те атайды. Себебі оның кейбір қосындылары ионды немесе молекулалық (тұздар, сүт қанты) түрде кездессе, басқалары (майлар) ірі дисперсия түзеді.
Жұмыстың мақсаты: Қой сүтінің құрамы мен қасиеттерін зерттеу.
Жұмыстың міндеті: -Қой сүтінің физико-химиялық құрамын зерттеу;
- Қой сүтінің жыл мезгіліне байланысты физико-химиялық құрамын зерттеу;
- Қой сүтінің физико- химиялық құрамын сиыр сүтінің физико-химиялық құрамымен салыстыру
Ерте кезден бастап адамдар сүттің емдік қасиеті барын анықтаған болатын, сол себептен медициналық емдік зат ретінде қолданған.
Авиценна өзінің «Канон врачебной науки» еңбегінде: сүт- балалар мен қарт адамдарға ең жақсы тағам деп жазған болатын.
Мыңдаған жылдардан бері сүт пен оның емдік қасиеттері туралы белгілі. Алайда, қазіргі күннің өзінде сүт туралы барлығын білеміз деп нақты айта алмаймыз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Қатты дәнділіктегі бидайдың құрылымдық механикалық қасиеттері

Бидай дәні биологиялық жүйе болып табылады. Ол анатомиялық бөлшектерінің күрделі құрылысымен және микроқұрылымымен, ал сыртқы түрі бойынша – дақылдардың әрбір тобы үшін ерекше болып келетін пішінімен ерекшеленеді. Химиялық заттар дәннің анатомиялық бөліктері мен қимасы бойынша өте-мөте бірқалыпсыз бөлінген. Биологиялық маңызды қосылыстар (витаминдер, ақуыздар, ферменттер) ең алдымен ұрықта және қалыпты дәнде клеткалары өмірге қабілеттілігін сақтап қалатын алейрон қабатында шоғырланған; эндоспермнің түпкіріне тереңдеген сайын осы қосылыстардың үлесі біртіндеп төмендей береді.
Тотықтары дәнді жаққан кезде күл түзетін органикалық емес заттардың, сонымен бірге жоғары нәрлілікке ие, әрі сондықтан дәннің өсіп-өнуінің ерте кезеңдерінде-ақ ұрықтың қалыпты дамуы үшін өте-мөте қажет липидтердің бөлінуі де осындай заңдылыққа бағынған.
Тірі организмдер үшін олардың жағдайының, күйінің факторлардың көптеген санына және көптеген ішкі өзара байланыстарға тәуелділігі тән болып табылады.
Дәннің күйін анықтайтын негізгі факторлар болып оның ылғал мөлшері және температурасы, сонымен қатар олардың шамаларының қоршаған орта күйінің параметрлерімен анықталатын тепе-теңдік мәндерінен ауытқу дәрежесі табылады.
Бидай, оның қасиеттері және сақтау мен өңдеу ерекшеліктері туралы ғылымның көп ғасырлық тарихы бар. Әсіресе ол ғылым ХХ ғасырда қауырт даму алды, бұған ең алдымен дәл ғылымдардың жан-жақты дамуы және осының негізінде нақты материалдарды зерттеу әдістерінің жетілдірілуі мен дәлдігінің артуы себепші болды. Дәнді бағалау, оның технологиялық ерекшеліктерін танып білу, сақталу және өңделу жағдайларын, сондай-ақ режимін анықтау үшін қасиеттер, сапа, сапа көрсеткіштері, сапаның бірлі-жарым көрсеткіші, сапаның кешенді көрсеткіші, сапаның базалық көрсеткіші, сапа деңгейі, ақыр соңында, күйі түсініктері қолданылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Асқабақ шырынының пайдалы қасиеттері

Асқабақтың денсаулыққа пайдалы қасиеттері барлығына жақсы белгілі. Көкөністер мен жемістердің шырынының пайдасы дәлелденген, асқабақ шырыны дәрілік препаратқа теңестіріледі. Оның құрамында көп мөлшерде бето-каротин, ол біздің ағзамызда ретинолға айналады (А дәрумені), сондай-ақ В, Е, К және С (аскорбин қышқылы) бар. Асқабақ шырынының минералды құрамы өте алуан түрлі; калий, мырыш, темір, кальций, магний. Асқабақ шырынында тағы майлар, белоктар және минералды тұздар бар.
Асқабақ шырынындағы ағзаға үлкен пайдасын тигізетін пектин болып табылады. Ол зат алмасуды реттеп, асқазан-ішек жұмыстарын қалыпқа келтіреді. Қандағы холестеринді төмендетіп, перифериялық қан айналымын жақсартады. Пектин біздің ағзамызда жиналып қалған токсин, пестициндерден құтылуға көмектеседі. Сондай-ақ, ол бауыр тазалауда жақсы құрал болып табылады.
Жүрек-қан тамырлары ауруларында асқабақ шырынының ерекше құнды, пайдалы қасиеттері бар. Бұл сусынмен атеросклероздың алдын алуға болады. Сондай-ақ магний миокард, бұлшық ет талшықтарын нығайтып, қан құрамын жақсартады. ......
Кеңестер
Толық

Лимонның емдік қасиеттері

Сүйелдер
Екі лимонның ұсатылған қабығын 30% сіркесудан 0,5 стақан құйыңыз, тығыз жабылған ыдыста, кезеңдеп шайқап отырып, 8 күн ашыту. Сүзіңіз. Осы тұңбада суланған тампонды, күніне бір неше рет сүйелдерге жағыңыз.

Секпілдер
100 г бал алып, бір лимонның шырынымен араластырыңыз. Осы қоспамен дәкеден.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық