Ата-ананың парызын, өтеу - сенің қарызың

Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.
Ғ.Мұстафин



Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан.....
Шығармалар
Толық

Ұяда не көрсе

Бәрі де қарыз сұраудан басталады. Ақша жүрген жерде, ұят сынға түседі. Қарызды алған адам емес, қарызды берген адам ұялып жүреді.
- Кешіріңіз, - дейді қарызын сұрап келуші қысыла тұрып. - сіздерде алашағымыз бар еді.
- Алашағың болса неғыл дейсің енді?! - дейді үй иесі әйел шаптыға сөйлеп. - Былтыр ғой алғанымыз, әлі толық бір жыл да болған жоқ.
- Сіздер бір айдан кейін қайтарамыз дегенсіздер.
- Бір айдан кейін қайтарамыз десек, ақша болмай жатқан жоқ па?! - дейді үй иесі әйел одан әрі шаптығып.
- Сіздерден ыңғайсыз болды-ау, - дейді қарызын сұрап келуші қысыла түсіп. - Қайта-қайта ақшамды сұрап келе бергенім ұят болды-ау.
- Оның несіне қысыласың, шырағым, - дейді үй иесі әйел........
kz
Толық