Дарияның ар жағы сіздің ауыл...

Дарияның арғы жағы сіздің ауыл,
Бер жағы сол өзеннің біздің ауыл.
Жүруші ең жайраң қағып, араласып,
Желкенін жел қайықтың үзді дауыл.

Дарияның арғы беті шоқ қарағай,
Жамырар шоқ қарағай топ баладай.
Көңілдің көк дөнені....
Өлеңдер
Толық

Тәкаппарланған балқарағай

Кішіпейілдің - абыройы асар,
Тәкаппардың - құты қашар.

Иүгінеки Ахмед

Леонардо Да Винчиден қысқа әрі өнегелі тәмсіл: Бір бақта балқарағай өсіп тұрады. Жылдан жылға ол есейіп, биіктеп, әдемілене түседі. Оның жайқалған ұшар басы басқалардан биігірек тұрғандықтан, ол өзге ағаштарға қалың көлеңкесін түсіріп тұратын болды. Бірақ ол биікке жайылып өскен сайын менмендігі де өсе бастады. Бірде ол бәріне жоғарыдан жек көрушілікпен қарап тұрып, былай деп бұйырады: — Мына бейшара жаңғақ ағашын көз алдымнан құртыңдар! — Осылайша ағаш тамырымен шабылады. — Мына інжір ағашымен көрші болудан төзіп біттім! Өзінің сұрықсыз түрі мені зеріктіреді, — деп бұйырды бірде қыңыр балқарағай, — сөйтіп інжірмен де сол тағдыр қайталанады. Бұтақтарымен кекірейе тербеліп, өзіне разы тәкаппар сұлу мұнымен тоқтамады: — ескі алмұрт пен алма ағаштарынан айналамды тазартыңдар! — Бұл ағаштар да отынға кетеді. Осылайша тынымсыз балқарағай айналасындағы барлық ағашты бірінен кейін бірін шауып тастауды бұйырып, бақтың тек өзі билейтін жалғыз қожайыны болып қалады. Бақтың бұрынғы сұлулығынан тек түптер қалды. Бірақ бірде қатты дауыл тұрады. Дандайсыған балқарағай берік түбірімен жерді мықтап ұстап, оған бар күшімен төтеп беруге тырысады. Ал жел жолында басқа ағаштарды кездестірмегендіктен, жалғыз тұрған сұлу ағашты аяусыз сындырып, қиратып, оны төменге қарай құлатуға тырысып, тап береді. Соңында сілесі қатқан балқарағай қаһарлы соққыларға шыдай алмай, борт сынып, жерге құлайды.

.....
Әңгімелер
Толық