Сарапшылардың сөзінше алда банк секторының тұрақтылығын тексеретін сынақ болуы мүмкін. Осыған байланысты олар ең сенімді банктердің үштігін жариялады, деп хабарлайды 7күн.кз сайты.
“БЖЗҚ” АҚ өңірлік желілерді дамыту департаментінің директоры Наталья Павловскаяның айтуынша, зейненақы қорындағы қаражатты тек ерікті түрде салған азаматтар ғана шешіп ала алады.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі мұғалімдердің жалақысы артатыны белгілі. Ол үшін ел үкіметі 200 млрд теңге қаражат бөліп отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов педагогтардың кәсіби мерекеге арналған шарада мәлім етті-деп хабарлайды baq.kz.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зейнетақы қорындағы қаражатты Үкімет тек бюджеттің тапшылығына қарай қолданады. Бүгін ағымдағы жылды қорытындылап, журналистерге берген сұхбатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
Қазақстанда Start-up жобаларды қолдау қоры пайда болады. Қорды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрады. Бұл туралы «АЛМЭКС» Холдингілік тобы» АҚ Басқарма Төрағасы Мәжит Есенбаев баспасөз-конференциясы барысында хабарлады.
«Біз start-up жобаларды қолдау жөніндегі қор қалыптастырмақшымыз. Жиынтықтап алғанда бұл қор шамамен 10 миллион доллар болмақшы. Өздерінің арынды идея-тілектері бар, алайда оларды жүзеге асыратын қаражаты жоқ жастарды қолдағымыз келеді. Мұндай қаражат болады, және ол қаражатты жастарға беруге дайынбыз», – деп мәлімдеді Мәжит Есенбаев.....