КІРІСПЕ Класикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ойпікірдің прогрессивті сатысы болды. Касикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады. А. Смит клаксикалық саяси экономия методологиясын дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Ғылым ретінде саяси экономия екі мәселені шешуі тиіс экономикалық шындықты обьективті талдап, оның даму заңдылығын ашу, мемлекет пен фирмалардың экономикалық саясаты үшін нақты ұсыныстар беру. Смиттің келесі бір жаңалығы-логикалық абстракцияны одан әрі дамытып, тереңдетеді. Ол экономиканы зерттеу барысында процестердегі ең басты, негізгі, заңды анықтаушы белгілерді атап көрсетіп, кездейсоқ, жеке, жай элементтерден ойды алшақтатты. Осылай Смит құбылыстардың ішкі заңдылықтарды көргісі ашқысы келді. Алайда Смиттің методологиясының осындай ондыжақтарымен қатар,кемшіліктері де болды. Ең басты кешілігі адам табиғатын тарихтан бөліп, қараукапитализмді табиғи және мәңгілік құбылыс санау. А. Смиттің экономикалық жуйесі екі жақты қайшылықта болды.....