Экономика | Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу

АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Франция сияқты нарықтық экономикалы алдыңғы қатарлы елдердегі аудиторлық қызмет дамуының озық тәжірбиесі көрсеткендей, кеңес берушілік, зерттеушілік және басқа ілеспе қызметтерінің мөлшерінің өсуі қарқын алып келеді. Аса ірі халықаралық аудиторлық фирмалар, оның ішінде «Үлкен төрттік» те кіреді, олардың өз «ассартиметтерінде» кәсіби аудиторлық қызмет көрсету және әр қилы көмек түрлерінің 50-ден де көп атау бар.
Аудиторлық кеңес беру қызметтің әлемдік нарығы үлкен өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал.Көптеген елдерде «Үлкен төрттік» қызметінің ауқымы кеңейгеніне және «күштеуіне» наразылық анғарылады. Батыстық іскер топтарының пікірінше, аса ірі халықаралық фирмалардың қызметін шоғырландыру, олардың одан ары біріктіруі немесе бөлу арқылы аудиторлық қызметтің сапасы төмендемесе, артпайды екен. Аудит саласындағы оқиғаларды дамытатын басқа нұсқалардың ішінен әлемдік ауқымда аудиторлық және консалтингтік бизнестің бөлінуі, растаушы аудиттің, сәйкестікке орай аудит пен қаржылық есеп берулер аудиті көлемдерінің кемуі ықтимал екенін айта кету керек.
Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Мынандай негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады.
• Аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және тәуекелге негізделген;
• Құқықтық негізде: міндетті, бастамашыл, келісуші, реттемеленген және келісімшарттық;
• Қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;
• Толықтығы: кешенді, тақырыптық, функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы;
• әдістемелік тәсілдермен: есепшіліктік, тестілік, обьекті және циклдік бойынша;
• жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын, ескертпелері, перманенті, ретроспективтік және стратегиялық;
• қызмет түрлерімен: экономикалық, техникалық, технологиялық, ресурстық, сыртқы экономикалық;
• аудит жүргізілетін субьектілермен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік, ведомствалық, қоғамдық;
• тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық аудит, қаржылық есептеме аудиті, талапқа сәйкестік аудиті, басқарушылық аудит, маркетингтік аудит, кеңес беру және басқадай ілеспелі аудиторлық қызметтер. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | АРЫС ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ҚАЛАСЫ

Осынау атаның жырын, ананың әлдиін ұрпақтан ұрпаққа аманаттып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан Обласаның батысында, ұзіндіғі Шымкенттен Қызылдың Құмына дейінгі, ені Қаратаудан Сарыағашқа дейінгі құс қанаты талатын байтақ атапты кезінде Арыс ауданы бауырына басып жатқанын екінің бірі, әсіресе жастар жағы біле бермейді. Тқос дария – Арыс пен Сыр ананың тел емген қабырғалы қалың тағдыры қазақ деген көне де жаңа жұрттың тағдыры мен қамшы таспасындай өзектес.
Арыстықтар ежелден қалыптасып бүгінге жалғасқан және ертеңге ұласатын ата-бабалар мен аға үрпақтың елдік, еңбек және ерлік дәстүрлеріне адалдық таныта отырып, мақтана да біледі.
Арыстықтар ұлтымыз үшін қасиетті де киелі. «Арыс» атты кұтты мекенде өмір сүргендерін, өмір сүріп жатқандарын және жақын-алыс болашақтарда да өмір сүре беретіндерін мақтаныш етеді.
Арыс стансасы, Арыс темір жол торабы, Арыс қаласы, Арыс ауданы, Арыс өзені, Арыс елі...
Арыстықтар «Ұлтымыз барыс болсын десек, ұл-қызымыз арыс болсын» деп мақалдайды.
Арыс елі қашаннан - намыстың елі.
Арыстықтар еліміз тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден өзінің төл тарихын түгелдеуге кірісті. Бұл бағытта көптеген игі шаралар жүзеге асырылды. Ең алдымен қалалық мұрағат пен қалалық мұражай кұрылып, олардың тарихымызға қатысты материалдар жинақтауына жағдай жасалды. Оның алғашқы қарлығаштары-Арыс қаласы әкімшілігінің демеушілігімен Алматы қаласындағы «Мұраттас» ғылыміл-зерттеу және баға орталығы шығарған «Арыс өңірінің тарихы» (авторы Мәдіахмет Аяпүлы) кітабы мен Арыс қаласының қырық бес жылдығына арналған «Арыс-Орталық Азия қақпасы» атты түрлі-түсті суретті кітапша (авторы Әбдімәлік Ағыбай) болды. Екеуі де 2001 жылы жарық көрді.
Кітаптың алғашқы тарауында Арыс өңірінің, мұның ішінде Арыс ауданының тарихына қысқаша шолу жасағанды мақұл көріп отырмыз. Тарихи деректерге қарағанда, Арыс өңірінде, мұның ішінде Арыс ауданы аумағында патшалық Ресей өкіметінің «Далалық ереже» (1881 жыл) Заңына сәйкес бірнеше болыстық болғаны белгілі....
Рефераттар
Толық

Экология | Алматы қаласының экологиялық болмысы

Алматының қазіргі экологиялық болмысы ілкідегідей көрініс байқата алмай отыр. Кезінде бүкіл Кеңес Одағы бойынша ең жасыл қалалардың бірі саналған. Кейін келе Алматының сол сұлулығы мен әдемілігі уысымыздан қалай сырғытып алғанымызды өзіміз де байқамай қалған сияқтымыз. «Себепсіз салдар жоқ ». Олай болса, қала экологиясының күрт төмендеуінің себептері де жоқ емес. Бірінші, қала көшелеріндегі көліктерінің жыл санап ұлғаюы, ал бұл көліктерден бөлінген лас заттар қоршаған ортаға өз деңгейінде зиянын тигізеді. Сондай – ақ қалаға жылу тарататын ірі орталықтардың да бөліп жатқан түтіндері “тақияға тар келмейді“. Мұның сыртында кез келген қиылыстағы жанар жағар май станцияларының іс - әрекеттері өз алдына. Мысалы қазір жерден “тас алып лақтырсаң “ жанар май станцияларына тиеді. Қала ішіндегі алаңқайларға орналасқан ірі демалыс бақтарының тал теректеріне көптеген зиян келтіріп жатырмыз. Осының өзі экологияның бір қадам ілгері басуына әкеліп соғылды. Жалпы осылай тізбектей берсең көптеген мәселені айтуға болады. Қоғамның көлеңкелі тұстарнын суреттеуге шетімізден шеберміз. Он сын айтып аузыңды ауыртқанша нақты бір іс атқарып, нәтижеге қол жеткізгенге жетпейді ғой. Мұндай жүйелі жұмыстарды басталды және қоршаған ортаны қорғауға тек тиісті орындар ғана емес қаланың «еңкейген қарты мен еңбектеген баласына» дейін ат салысу қажет.
Жалпы, Алматы – адамдардың еркін өмір сүруіне жағдайы мол жер. Экономикалық өмірдің өзгеруі, қалалардың ұлғаюы – дүние жүзілік тенденсия. Сондықтан соңғы кездері қаламыз үлкейіп, көліктер саны өсуде. Мысалы, 90-жылдармен салыстырғанда үш есе көбейген. Осы жағдайларға және қоршаған орта мәселесіне алаңдаушылық танытып Елбасымыз 1998 жылдың қарашы айында қала активтерімен кездесті. Соның негізінде қала әкімі В.Храпунов мырза өзі бас болып Алматы экологиясына байлансты «таза ауа – жанға дауа». деген ұзақ мерзімді бағдарлама жасаған болатын.
Қаладағы 70-ке жуық ғылыми орталықтар мен басқа да бақылау органдарының өзара кеңесуінен туындаған бұл бағдарламаның мерзімі 2015 жылға дейін жоспарланған, яғни белгіленген мерзім ішінде Алматының экологиялық жағдайы бір ретке келіп қалар деген ойдамыз.....
Рефераттар
Толық

Экология | Алматы қаласы экологиясы

Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Сонымен қатар қалада көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түсуде. Осындай жағдайларды ескере отырып жақында бірқатар шаралар белгіленді. Соларға тоқталып өтсек:
27 желтоқсанда Алматы қалалық әкімшілігі ғимаратында қалалық құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2005 жылды қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Олар өз салалары бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар жайында әңгімелеп, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2005 жылдан бастап тұрғын үйлер мен мектеп аулаларын ретке келтіріп, жақсартуға, көлікпен тасымалдау қызметін жетілдіруге, қаланы көгалдандыру мен жарықтандыруға, арықтар мен фонтандарды реконструкциялауға, энергетикалық кешенді жетілдіруге, мәдениет пен туризмді өркендетуге, қаланың тазалығын сақтау қызметтерінің жұмысын жақсартуға арналған қалалық 10 даму бағдарламасы табысты іске асырылуда.
Райымбек даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында автокөпір құрылысы жүргізіліп, оның толықтай пайдалануға берілуі қаладағы көліктердің жүріп-тұруын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді. Оның ел аумағында салынған алғашқы ірі автокөпір екендігін атап өткен жөн.
Алматы қаласында "бір терезе" қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы жедел қызмет көрсету барысындағы алғашқы қадамдардың бірі. Бұл орталықтардың негізгі мақсаты - халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, қызмет көрсетуді барынша жеделдету, бюрократиялық кедергілерді азайту. Алдағы уақытта жоғары технологияға негізделген осындай игі жаңалықтар қатары көбейе бермек.
Қала әкімі жанынан қала құрылысы жөніндегі кеңестің құрылуы қаладағы құрылыс жұмыстарының барысын бағдарлап, қызметін үйлестіріп, сапасын қадағалап отыруға мол мүмкіндіктер ашты. Қала әкімінің Әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағына, тау баурайына алты қабаттан асатын үйлер салуға шектеу қойған шешімі қала экологиясы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған игі қадам болды.
170 километрден астам жол күрделі жөндеуден өткізіліп, 600-ден астам аула, 9 парк пен 67 гүлзар, 30 су бұрқақ ретке келтіріліп, реконструкцияланды.....
Рефераттар
Толық

Ауылға келін болып түскен қалалық ару жан сырымен бөлісті (фото)

Шымкенттік Айдана Ыбырайдың қаладан ауылға келін болып түскеніне жеті жылдан астам уақыт өткен. Бүгінде үлгілі келін атанып отырған ол, NUR.KZ тілшісіне қайын жұрттың тілін тауып, қалай үлгілі келін атану керектігін айтып берді.
Жаңалықтар
Толық

Менің қалауым

Мақсаты: Балалардың ой - өрісін, сана – сезімін, тілін, ойлау, әңгімелеу қабілетін дамыту. Дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаны аялауға қамқоршы бола білуге, табиғат
сұлулығын сезіне білуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Көктем көрінісін елестете отырып табиғат құбылыстарының қасиетін танып білумен қатар, олардан әлде бір зат жасай білуге үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің көрнекілігі: Жаңғақ, қоға, құс бейнесі, ағаштар, құм, ермексаз, түрлі – түсті қағаз, шөп, саз.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдісі - тәсілі: Сұрақ - жауап, әңгімелесу, құрастыру, жапсыру, жалғастыру.
Сөздік жұмыс: Түлеу, түлейді.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Аралас.
Алдын - ала жұмыс: Көктем мезгілі туралы әңгімелер айтып, тақпақтар жаттату, сурет, жапсыру, мүсіндеу оқу іс - әрекеттерінде көктем туралы айту. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Міне қандай аққала

Сабақтың мақсаты: Табиғат ерекшеліктерін, оның әсемдігін байқау. Жапсыру сабағы арқылы бейне жасап үйрету.
Білімділігі: Балаларға аққала құра білуді (қыс пен жаз) үйрету. Қыс пен жаздың, суық және жылы түстердің айырмашылығын ажырату, түс ерекшеліктерін байқау. Желіммен дұрыс жұмыс істеу дағдысын пысықтау. Аққала қандай түсте болатынын анықтау және бекіту.
Дамытушылығы: Балалардың ой қиялын дамыту, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Қайшымен қию арқылы қол, саусақ ұсақ моторикасын дамыту. Табиғат сұлулығын сезіне білу, аялай білу.
Тәрбиелігі: Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікті, әсемдікті көре білуге, ұжым болып жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Қажетті материалдар: Желім, көк түсті қатырма қағаз, түрлі - түсті қағаздар, қайшы, әртүрлі жанрда салынған суреттер. Үнтаспа, сүлгі, сандық, Аққаланың суреті, доптар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ойын элементтері, сұрақ - жауап, көрнекілік
Сабақтың барысы:
Балалар, бүгін тағы бір жаңа күн келді. Ол бізге бар жылуымен «Қайырлы күн!» дейді. Қане, бізде сәлемдесейік. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ата-баба аманатын арқалаған халқының ұлы перзенті

«Көшпенділер» трилогиясын оқып отырып, біздің бабаларымыз Əбілқайыр, Абылай, Кенесары хандардың, Наурызбай, Бөгенбай батырлардың, Төле би, Асан қайғы, Бұқар жырау сияқты даналардың Қазақстанның егемендігін алу ісіне зор үлес қосқанын түсінесің.
Осы бабаларымыздың, олардың серіктері, ізбасарлары өз Отанын шексіз сүйген, оның болашағына сенген жəне осы мақсатқа жету жолында күш-жігерін жұмсауға аянбаған.
Нұрсұлтан Назарбаев
Біз қазақ халқының сонау тарихына үңілетін болсақ, əр уақытта да ата-бабамыз академик В.В.Радлов айтқандай, қазақ халқы көшіп-қонып жүрсе де, өнегесі мол небір тамаша ерлік істерін ұрпақтан-ұрпаққа тəрбиелік мұра етіп қалдырған.
Халық қазыналарын ақтаратын болсақ, оның бірсыпырасы бүкіл қауымды əдемі болуға, əділетсіздікпен күресуге, кейбіреулері батыл болуға, Отанын, елін, жерін сүюге, жауларға мейірімсіз болуға баулиды.......
Шығармалар
Толық

Менің қалам

Бүркіт ұстап басыңа шығар едім,
Көзіме бір көрінші,Ерейментау.
Иманжүсіп
Менің туған қалам Ерейментау деп аталады. Ерейментау қаласы Ақмола облысында орналасқан. Бұл қала 1948 жылы салынған. Қаланың атауы неден шыққан дейсіз ғой? Ерейментау атауы туралы деректер көп. Бір дерек былай дейді. Ерттеулі ат тау ішінде қашып,оны тауып алғандар қуанып: «Табылды, ерімен,ерімен жүр екен»,- ......
Шығармалар
Толық

Елбасымен - болашақтың іргесін бірге қалаймыз!

Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Қазақстан өз тәуелсіздігін көптеген жастардың өмірлерінің құнымен алды. Кім біледі, егер сол ызғарлы желтоқсанда жастарымыз көтеріліске шықпаса, бүгінгі күніміз не болар еді. Мүмкін тағдырымызда солай жазылған шығар, жастар өз дегеніне жетті. Мемлекетіміздің кұрылуының бірінші сатысы осылай аяқталды. Уақыт өтіп, қазақ халқы тұңғыш рет өз Елбасын қолдады. Ел тәуелсіздігі мерекесінің қарсаңында Елбасы Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Бұл Жолдау Қазақстан халқының болашақтан күтетін нәтижелерін анықтаумен ерекшеленді. «Қазақстан – 2030» Стратегиясы отыз үш жылдың ішінде емес, он бес жылдың ішінде орындалғанына бүгін куә болып отырмыз. Елбасы атап өткендей, Қазақстан Республикасы әлемдік деңгейде қалыптасып үлгерді. Енді Елбасы дамыған 30 елдің қатарынан көрінетін Қазақстан қандай болуы керек, қандай басымдықтар жүзеге асырылуы тиіс деген сұрақтарға жауап іздеп, ел алдына жоғары міндеттер қойды. ......
Шығармалар
Толық