Әдебиет | Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы

Кезінде қазақ халқының болашақ тағдырын орыс мәдениетімен бірлікте қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы – демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды. Осы орайда, Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі мен еңбегі орасан зор. Ол мәденеит пен білімнен артта қалған ел – жұртын көрші елдің өнер – білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салады.
Ыбырай жасаған оқулықтар ең алдымен, орыстың, қала берді Еуропа оқымыстыларының педагогиколық көзқарастарымен оқыту, тәрбиелеу әдіс – тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам – талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ, керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік – танымына сәйкес етіп алды, өзіде осы талапқа орай аңыз - әңгіме, өлеңдер жазып құрастырған хрестоматиясына қосты. Сөйтіп, ұлы ағартушы – ұстаз білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойындағы бар күш – қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады.
Тұңғыш қазақ мектебін ашып оқытуға Ыбырай Алтынсарин барлық күш – қуатын жұмсайды. Бірақ ол діни мектептердегі бірыңғай жаттатып оқыту тәсіліне қарсы болады, оның орнына ғылымның әр саласынан жүйелі білім беретін оқуды жақтайды. Мұны толық іске асыру үшін ол жаңаша оқыған мұғалімдерге үлкен үміт тартты. Оларды өз қамқорлығына алып, қай жағынан болса да көмектесіп отырды.
Ұлы ағартушы орыс мектептерінің озық тәжірибесі мен жазу таңбаларын батыл алып қолданса да, оның кейбір қиыншылдықтары мен болашақтағы кері әсерін де ескере білгенін аңғарамыз. Оның ойынша, қазақ балаларына орыс тілін үйрету алдын – ала үлкен дайындықтан кейін ғана іске асырылуы керек. Ол өзінің хрестоматиясын осы талапқа сай келетіндей етіп жасады.
Ыбырай Аалтынсариннің ерекше мән берген мәселесі: оқу – білім, өнерден кенжелеп қалған қазақ елін мәдениеті озық орыс халқынан үйрене отырып, жастарға орыс тілін үйрету арқылы прогреске бастау жолы еді. Ол өзінің «Қазақтың болыстық мектептері туралы жазбалар» атты еңбегінде қазақ халқының орыс тілі мен өнер – білімін үйренуге мейілінше ықылас екенін, сол үшін қатардағы мектептермен қатар, техникалық, ауыл шаруашылық және әйелдер мектебін ашудың қажеттілігін дәлелдейді. Мұны бітіргендер өз елеінде қалатыны, оларды орыс мәдениеті мен өнеріне деген ықыласын артып, жоғары дәрежеілі оқу орындарына түсуге жол ашылатыны байыппен сөз болады.....
Курстық жұмыстар
Толық