Мен, шығыстану факультетінің студентімін, менің студенттік өмірімнің кішкене бір бөлігі жайлы айтқым келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - бұл біздің еліміздің ғана емес, сонымен қатар шетелдік азаматтардың да студенттік өмірі. Біздің университетте 14 факультет бар, оның бірі - шығыстану факультеті. Біздің факультет - бұл Шығыс елдерінің мәдениетімен айналысатын адамдардың жеке шағын әлемі. Біздің әрқайсымызды бір-бірімізбен толықтыратын құпия күш бар бұл бізді сондағы басқа факультеттерден ерекшелендіреді.
Біздің студенттік өмір ең есте қаларлық және көңілді. Біздің факультетте үнемі семинарлар, танымал адамдармен және дипломаттармен кездесулер, тренингтер және жай ойын-сауық....
Орындаған: Мукашева Аружан ИнФил, Қытай тілі 3-топ Тексерген: Шарыпқазы Нүртәліп Бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру бағдарламалары бойынша 401-450 дәрежеге енді. Университетте еліміздің барлық аймағынан....
Осындай тәуелсіз қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Білім алуға деген мүмкіндіктеріміз бен қол жеткізе алатын армандарымыз бар. Осының құрметіне білім алып жатқан оқу орныма мақала....
Еліміздің тұңғыш университеті Әл-Фараби атындағы білім ордасының құрылғанына биыл 83 жыл толып отыр. Осы кезеңде ҚазҰУ Қазақстан экономикасының, мәдениетінің, ғылымы мен білім саласының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосып, Отанымыздың барлық жоғары мектеп жүйесінің тірегіне, барлық ортаазиялық аймақ бойынша кадрлардың ірі кәсіби білім беру орталығына айналды. Жоғары білім сапасы, халықаралық танымалдылық, ғылыми және зерттеу қызметтерінің, инновацияның белсенділігі, мықты оқытушы-профессорлар құрамы және талантты түлектер – бүгінде, ҚазҰУ-дың мақтанышы болып табылады.
Еуропалық одақ жоғары рангы сарапшыларының бағалауынша, ҚазҰУ ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуеті Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында теңдесіз көшбасшы делінеді. Бүгінде ҚазҰУ әлемнің технологиялық дамыған үздік 50 білім ордасының ішінде 31-орынды иеленді. Соның негізінде ҚазҰУ қалашығының аймағында ҚазҰУ технологиялық паркі 1994 жылдан бастап қызметін атқарып келеді. Жаңа инновациялар мен мүмкіншіліктер мекені болып табылатын бұл парктің мақсаты – жаңа идеяларды жүзеге асыруға қолайлы шарттар құру, университеттің зиялы және жас зерттеушілерінің ғылыми-зерттеулері және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарының нәтижелері негізде белсенді түрде ғылымды қажет ететін өндіріс саласын дамыту болып табылады. "ҒТП" басты міндеттерінің бірі - бұл инновациялық кәсіпкерлікті орнату мен дамыту үшін, ықтимал іскерлік серіктес ізденісінде, инвесторларды инновациялық ғылыми-техникалық жобаны жүзеге асыру және сапалық консалтинг қызметін ұсыну. Ендеше, ҚазҰУ технологиялық паркінде индустриялық-инновациялық қызметтен бөлек, оқыту семинарлары, тренингтер, курстар мен консультациялар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, студенттерге өте төмен бағада ағылшын, түрік, орыс тілдерінің курстары бар. Жаңа мүмкіншіліктерге жол ашатын технопарктің технологиялар трансфертінде жәрдем көрсетіледі. Негізгі қызметі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру болып табылатын ҚазҰУ технопаркі заңды тұлғаларды құруда айтарлықтай маңызға ие. ҚазҰУ технопаркі әрбір студентімен, әр жобаға үлкен акцент қоя отырып жұмыс жасайды. Оларға қажетті жағдай жасап, барынша бизнес-жобалардың іс жүзінде жүзеге асуына мән береді. Технопарк зерттеу аясында бірнеше жобалар жүзеге асырылады. Соның бірі 2013-2015 жылдар арасында ҚазҰУ ректоры Г.М.Мутановтың «Наноспутник үлгісінің ғылыми тәжірибесі мен бағдарламалық техникалық кешен жасап шығару» ғылыми-зерттеу еңбегі, Темирбаев А.А. «Сымды және сымсыз байланыс желілерін синхрондау», Дергунов С.А. «Кеуек полимерлі нанокапсулалардың негізінде жасалған тұрақты көпфункционалды бағдарлама» сияқты ірі ғылыми жобалар инновациялық жаңа ойларды алып келді. Инновациялар негізіндегі индустрияландыру біздің қоғамымыздың жаңа, құнды өзегіне айналып келе жатыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Табысты университеттер дегеніміз, бірінші кезекте автономдық мәртебесі, академиялық еркіндігі бар және ғылыми-зерттеу қызметіне бағдар ұстанған ЖОО-лар» деп бір сөзінде айтып өткен еді. Соның негізінде бүгінгі таңда ҚазҰУ технопаркі ғылыми қызметкерлер мен ЖОО-ның ғалымдарымен орындалатын инновациялық өнiмдердi енгiзу, ҒЗЖ және НИОКР орындауда қызметкерлер мен университет оқытушыларының қатысуымен бюджеттiк, шаруашылық келiсiм құрал-жабдықтар, әр түрлi инновациялық қорлардың құрал-жабдықтарын тарту, инновациялық салада шағын кәсiпкерлiктiң танымалдығы, сонымен қатар Технопарктің жетістіктері мен мүмкіндіктерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы баяндау, университет жүзеге асыратын оқу процесiн қамтамасыз етуге білім аймағындағы әлемдік стандартта жауап беретін деңгейде алып шығуға мүмкіндік беруіне қатысу бойынша шаралар жүргізіп отыр.
Балалық шақтан болашаққа жетелеп,маман иесі атану үшін,яғни білім алу мақсатымен Атырау қаласындағы Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжіне шет тілі екі шет тілі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2013-2014 жылы аяқтап, 2014-2015 оқу жылында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 1 курс студенті болып оқуға қабылдандым.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бұл мектеп бітіруші түлектің, білім нәрімен сусындаймын деген әрбір жастың білім алғысы келетін еліміздегі беделді оқу орындарының бірі. Осындай университетті таңдағаныма және оқып жатқаныма өте қуаныштымын және мақтан тұтамын.Мен Бимағамбетова Іңкар Жұмажанқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Екі шет тілі және Еуропа тілдер кафедрасында 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша білім алудамын. Университет қабырғасында үш жыл өмірімдегі ең бақытты, ең қызықты сәттер болды. Әрине қызығымен қиындығы қатар жүрді. Білім инемен құдық қазғандай демей ме? Әрбір студенттің мақсаты университет берген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жеткілікті деңгейде білім алып, өз саласының маманы болу. Қазіргі таңда Атырау қаласындағы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия мектебінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтудемін. Осы мақсатқа жетуімен жол сілтеген , өзінің ақыл-кеңесімен тек мені ғана емес біраз студентті өзінің артына жетелеген Екі шет тілі және Еуропа тілдер кафедрасы мұғалімдері мен оқытушыларына айтар алғысым шекcіз. Қазіргі таңда Атырау қаласындағы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия мектебінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтудемін.Кафедра бойынша тәжірибе жетекшісі Алиакбарова Айгерім Тілесбекқызына үлкен алғысымды білдіргім келеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті атану – асқақ арман,зор мәртебе және үлкен бақыт.Алдағы уақытта университетті үздікке аяқтап, өз саламның жақсы маманы болсам деймін. Мен де өз оқытушыларым секілді артымнан еріп келе жатқан іні-сіңілілеріме білгенімді үйретіп, Қазақстан Республикасының білім саласында өзімнің айтарлықтай орнымды қалдырғым келеді. Сондықтан мен үшін осы оқу орнында білім алу – үлкен мақтаныш,зор қуаныш. Мәңгілікке жасай бер,өркендей бер,гүлдене бер, ҚазҰУ-ым
Бимағамбетова Іңкар Жұмажанқызы ҚазҰУ-дың 3 курс студенті .....
Ән мен жырдың бесігі саналатын киелі Жаңаарқа өңірінің дарабоз дарындар мен толағай таланттардың басын қосқан мерейлі мекен екені баршаға мәлім. Жаңаарқа- бұл Сарыарқаның саңлағы болған Сәкендей серінің, одан кейінгі Арқаның аяулы әншілері И.Омаров, Қ.Байбосыновтардың, қазақтың дара ......
Білім беру жүйесі бұл әлемдік деңгейдегі ең бір қуатты күш болып табылады. Білім, ғылымды өзге елден іздеп, ой-өрісін кеңейтіп, ғылыми жаңалық ашқан ірі ғұламаларды тарихтан білеміз. Қазақтың даласынан шығысқа және батысқа қарай білім алуға ұмтылу ертеден қалыптасқан үрдіс. Оған өзге елде білім алған ертедегі Анахарсис философ, орта ғасырдағы.....