Гүлденген менің тәуелсіз, нұрлы Қазақстаным!

Біздің Тәуелсіздігімізге жиырма бес жыл толды, жирма бес жыл аз уақыт сияқты, бірақ Қазақстан сол аз уақыттың ішінде көп жетістіктерге қол жеткізді және көптеген жоспарларды іске асырды. Өз мемлекетімен, мемлекет қайраткерлерімен мақтана білу – ол әр қазақстандықтың міндеті, алайда біздің қазақстандықтардың ішінде ерекше бір тұлға бар ол – Елбасы. Біздің Елбасымыз өте мықты және қажырлы адам, ол Қазақстанды көтеру үшін көп жұмыс істеді, көп жоспар жасады, бәрін қазақстандықтар үшін тиімді жасауға күш салуда. Н.Ә.Назарбаев – Қазақстанның алғашқы Президенті, президентік билікті қалыптастырған адам, ол Парламент басшысын сайлайды және және көптеген билікке ие. Біздің билік жүйеміз өзгерген, сана-сезіміміз де 25 жылда көп өзгерді. Біздің Парламентімыз екіге бөлінеді: Жоғары палатасы (Сенат) және Төменге палата (Мәжіліс) деп аталады. Қазақстанда биліктің жаңа түрі қалыптасты.
Қазақстанды жиырма бес жылдың ішінде көп үйлер, көп ғимараттар салынады, адам айтса нанғысыз талай істер жүзеге асырылды. Тарихи санамызға да көптеген өзгерістер енгізілді. Мысалы, біз Алашорданың ерлігін, көптеген жазушылардың еңбектерін жарыққа шығардық, ғалымдардың тамаша жұмыстары бүкіл әлемге танымал болды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болу арқылы сыртқы саясатқа белсенді түрде араласып келеді. 1991 жыл тәуелсіздік алып, қазақ халқының қуанышында шек жоқ. Біз басқа мемлекеттер сияқты тәуелсіз, дамыған, өз валютасы, конституциясы, Президенті, Қарулы күштері, ел басқару күші бар қуатты мемлетке айналдық. Қазақстан тәуелсіздіктен алғаннан кейін қарқынды дамыды. Мысалы: 1993 жылы ұлттық валютамыз теңге пайда болды,1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз қайтадан қабылданды, Парламент және мемлекет басқару жоспары құрылды. Қазақстан мемлекетінің жерінің шекарасы айқындалды. .....
Шығармалар
Толық

Менің Отаным – Қазақстан!

Отан!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем.
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Мұқағали Мақатаев
Отан... Неткен киелі де құдіретті сөз! Бұл сөздің астары аса терең. Себебі, Отан – бар ұлттың басына бұйырмаған бақыт. Жер бетінде Отансыз ғұмыр кешіп жүрген сан ұлттар бар. Кез келген халықтың елдігінің, егемендігінің, тәуелсіз ұлт екендігінің айғағы – өз Отанының болуы. Біздің Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – асқар шыңдары алыстан көз тартатын, өсімдіктері емдік қасиетімен ерекшеленетін, өзен – көлдері мөлдір, қойнауы қазынаға, табиғаты тамашаға толы құтты мекен. Ол – менің, Қазақстанды мекен ететін әрбір жанның сүйікті Отаны! Отанымыздың әрбір тауы мен тасы үшін, өзені мен көлі үшін ата – бабаларымыз ұзақ жылдар бойы сыртқы жаулармен айқасып, бірі жанын, бірі жастығын құрбан етіп, біздерге бүгінгі байтақ даланы аманаттап кетті. Біздің бүгінгі ең үлкен байлығымыз – Тәуелсіздік! Ең құнды қазынамыз – ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан дархан Даламыз! Аталған байлығымыз бен қазынамыз, яғни Тәуелсіздік пен Жер – біздің мемлекетіміздің негізгі тірегі.
1991 жылдың 16 желтоқсаны... Бұл кез келген ел азаматы үшін айтулы күн. Көптен күткен Тәуелсіздікке ие болған күн. Егер қазақ тәу етер жалғыз кие болса, ол Тәуелсіздік дер едім. Міне, еліміз сол тәуелсіздікке қол жеткізгелі жиырма бес жыл уақыт өтті. Бүгінде Қазақстан айқын мақсат – мүддесі бар, болашаққа үлкен жоспарлар артқан дербес те дамушы мемлекетке айналды. Ширек ғасыр аралығында Қазақстан көптеген мемлекеттермен достық қарым – қатынас орнатып, ішкі – сыртқы байланыстары нығайып, өзгелермен иық тірестіре алатын, әлемдік аренадан орын алған өзіндік үні бар ел болды. .....
Шығармалар
Толық

Мен-тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағымын

Тәуелсіз 25 жыл! Туыңды биік ұстадың.
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
Иә, осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялап, өз тарихымызбен алғаш рет, жалпақ дүниеге танылдық. Демократиялық, құқықтық мемлекет атанып, нарықтық эканомика жолына түстік.
Осы жылдарда халқымыз қазақ екендігін түсінді. Қазақ қазақты таныды. Ең әуелі өзімізді өзіміз таныдық. Аламан дүниедегі есімізді, еншімізді, несібемізді білдік. Тәуелсіздік қазақ ұлтының өзін, ата-дәстүрін, салтын табуына жол ашты.
Қазақстан тәуелсіздігі дегенде, тарихтың бәрі ойға оралады. Сол кезде көз алдымызға ғасырлар бойы бодандықтың бұғауынан құтыла алмай жанталасқан еліміз, «Абылай», «Алаш» деп жауға қарсы шапқан батырлары келеді.
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз.
Күдіреден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екенбіз! деп Ақтамберді жырау «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды аңсаған екен. Бірақ сол бостандыққа қазақ елінің ұзақ уақыт қолы жетпеді. Өйткені, азаттық үшін күрес ғасырлардан жалғасып, тіпті, кешегі кеңестік билік заманның сұрқия саясаты кезінде де жүріп жатты. Қазақтың бас көтерер азаматтарын баудай түсірген сол бір қысылтаяң шақта «ұлтым» деген азаматтар қара басын қорғамай, халқы үшін күресе білді. Ұзаққа созылған отаршылдық құрсауын бұзып, орталық алаңына шыққан қазақ жастары бұдан әрі ұлт намысын аяққа таптатпайтынын әлемге айғақтап, ұлтымыздың мақтанышына айналды. 1986 жылы 16 желтоқсанда тоталитарлық режимге үнсіз шыдап келген халқымыздың қарсылығы лықсып келіп, жастар қозғалысына ұласты. Желтоқсан оқиғасы – қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы саналы күресі болып танылды.
Сонау бір өткен күндерде еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алып, жолбарыстай жортқан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз егенмендік үшін күресті.
Аз ғұмырын ой мен арманға толтырып, қазақ аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен жас Шоқан мен осынау байтақ өлкеде оқу-білімді шырақтай маздап жандырған Ыбырай халықтың келешегі емес пе еді!
Атадан ұл туса-игі
Ата жолын қуса игі, - деген Төле би бабамыз. ХV ғасырда алғашқы хандарымыз Жәнібек пен Керей халқымыздың ұлан-ғайыр өлкесіне сұқтана қарағандардан атабабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, ұлтарақтай жерді ұрпағына қалдыру үшін бүкіл ғұмырын ат үстінде өткізген жоқ па? Халқын соңынан ерткен ер Қасымның тұсында да ел тағдыры әрленді емес пе? Қазақты қалың малсыз қалыңдыққа, бағусыз байлыққа бағындырған, ірілік елдің басын қосып, жауын жеңген тұлға Абылай еді......
Шығармалар
Толық

Мен - Қазақстан патриотымын

Жеңіс кілті Отан сүюшілікте. Ол балаға
жергөкте жатқаннан бастап үйретілуі,
қанына ұлтын сүюшілік ұлттың дәстүрмен сіңіру керек
Бауыржан Момышұлы
Патриот - Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. Патриот - ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт - дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір - қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие,ең алдымен,әрбір жеке тұлғаның ата-анасын,туған туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім,мейлі ол жұмысшы,дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай,бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу,қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге,өз елінің тұрмыстіршілігін,салт-санасын, әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеу- нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын.Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек,жасынан жарқыраған күміс көмей әнші,жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге паш етті......
Шығармалар
Толық

Жасай бер, Қазақстаным!

Біз елімізбен мақтанамыз. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Біз тәуелсіздік алып, өсіп, өнудеміз.Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналды. Бізге әрқашан үлгі болып келген Еуропа елдеріндегі атыс-шабыс, төңкерістерге қарап еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық: осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз. Тәуелсіздіктің алғашқы кезінен бастап бүгінгі шаңырағы биіктеген, әлем таныған мезгілге дейінгі басымыздан өткерілген сан алуан оқиғаларға куә болып, қаншама құнды деректерге қанығасыз. Абылай хан дүниеден озар алдында Бұқар жыраумен қоштасып жатты: «Қанша жыл өмір сүріп, жасағанымнан не пайда, қазақтың арқасын тамға, аузын нанға сүйегенім жоқ, бұл бір. Ақбозаттың құнын ер құнына теңегенім жоқ,бұл екі.
Мылтығымның құнын екі ердің құны дегізгенім жоқ, ұста мен етікшінің құнын қатын құнымен бір бәс қылып, жарты құн дегізіп кесім кестіргенім жоқ, мұным үш. Осы үш арман бойымда кетті» деген екен. Абылайдың осы үш арманының ар жағында үлкен философиялық ой, даналық тұжырым бар. Бұл оның қазақтың басын біріктірсем, яғни «Мәңгілік Ел» етем дегенін, ел болашағын тереңімен ойлағанын пайымдатады. Осы Абылай арманы Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен Қазақстан егемендік алғаннан бері соңғы 25 жылдан астам аз уақыттың ішінде орындалып келе жатқанының куәсіміз. Кезінде түркі жұрты қағандары «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, қара терін төгіп, қызыл қанын ағызып» Мәңгілік Елдің іргесін қалап кетсе, дәл осыны жаңа дәуірде, Елбасымыз Н.Назарбаев ХХІ ғасырдағы «Мәңгілік Ел» идеясы тұрғысында, іс жүзінде тарихи сабақтастықта жалғастырып отырғанын атап өтсек артық кетпейміз. Оған Елбасының кешегі Жолдауындағы « Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары- Қазақстан -2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым» деген сөзі айшықты айғақ. Бұл –ел өміріндегі ерекше бір белес......
Шығармалар
Толық

Мен - Қазақстандықпын!

Мен-қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Иә, мен- Қазақстандықпын. Неге? Себебі менің ата-анам, арғы ата-бабам қазақ, осы Қазақстан жерінде туып-өсіп, тамырын тереңге жайған қазақтар. Осы қазақтан тараған ұрпақ болсам, мен қалайша Қазақстандық болмаймын? Оның үстіне мен биыл 16-ға толдым. Қазақстанның толыққанды азаматы атанып, куәлік алдым.Тәуелсіз, егемен еліміздің мен де бір азаматы екенімді сезінудің өзі кеудеме мақтаныш сезімін сыйлайды.
Қазір біз оқушымыз. Өз елімізге біздің дәл осы уақытта тигізе алар бірден-бір пайдамыз ол сабақты бар ынтамызбен оқу, еліміздің тарихын оқып, білу, салт-дәстүрін ұстану және құрметтеу, рәміздерді білу және қадірлеу деп білемін. Мен оқитын мектепте әрбір дүйсенбіде жаңа оқу аптасын еліміздің гимнін айтудан бастаймыз.Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін айтып тұрған сәтте менің бойымды еліме деген, Отаныма деген сүйіспеншілік, мақтаныш, патриоттық сезімдер кернеп тұрады. Бұл әрбір оқушының басындағы жай деп ойлаймын.Ендеше, осының өзі әрбір баланың бойында өз ұлтына, еліне, Қазақстанға деген патриоттық тәрбие беретінінің көрінісі.Патриот деген сөздің өзінде де терең мағына жатыр. Патриот дегеніміз – өз елін, жерін сүйетін, мақтан тұтатын, жауынан қорғайтын, тыныштығын сақтайтын адам.Мен өз елімнің патриоты болғым келеді......
Шығармалар
Толық

Гүл-гүл жайна (Қазақ ауыз әдебиеті)

Гүл-гүл жайна, күл де ойна
Қыз-бозбала шағыңда.

Өте шығар дүние қас қағымда,
Ойнап, күлген жарасар жас шағыңда-ай.
Орамыңның барында ойна да күл,
Тұра бермес бұл жастық баяғыдай-ай.....
Өлеңдер
Толық

Әгугай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ортамызда Төлеген тұрды жорға, ахау,
Сүрінбей ме, боз жорға қазған орға, әгугай, әгугай.
Қыз-Жібекті ойласаң нең кетеді, ахау,
Орамалы тұрады бес жүз жорға, әгугай,әгугай.

А-а-ай,
Айың тусын оңыңнан.
Жұлдызың тусын соңыңнан.
Хабарсыз кетсең тым ұзақ,
Сансызбай шығар соңыңнан.....
Өлеңдер
Толық

Қалқатайдың дауысы-ай! (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аралаймын аулыңды тарланменен,
Қарамайсың қасыңа барғанменен.
Ойнамаймын, күлмейін десем дағы, ахау,
Өтіп барады жас дәурен арманменен.

Қайырмасы:
Тайбурылдың шабысы-ай,
Сәйгүліктің дабысы-ай
Көкейімнен кетпейді-ай,
Қалқатайдың дауысы-ай.....
Өлеңдер
Толық

Угай-угай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай қараңғы аспанда түн емес пе, угай-ай,
Жақсы әйелдер өмірде гүл емес пе, угай-ай.
Қыздар гүл-гүл болғанда, жігіт бұлбұл, угай-ай,
Бұлбұл қонып гүліне түнемес пе, угай-ай.

Угай-угай - әніміз,
Арпа, бидай дәніміз.
Угай-ай деп ән салсаң,
Келіспей ме сәніміз.....
Өлеңдер
Толық