Ақынның қолына қалам алғызып, шабыт беретін ару қыздарымыздың сұлулығы, еркелігі мен наздығы екені рас. Ал сол әдемі шумақтарға композиторлар кереметтей әуендер жазып, орындаушылар қазақ қыздарының сұлулығын жұрт арасында насихаттап жүр. Бүгінде қыздарға арналған әндер аз емес. 8 наурыз қарсаңында сол әндердің бірегейін жинақтадық.