Тарих | Қазақтар

Қазақтар— ұлт, Қазақстан Республикасының байырғы және негiзгi халқы. Қ-дың ҚР-дағы саны 8,3 млн. (1999), әлемде 12,4 млн. Түркi тiлдерiнiң солт.-батыс қыпшақ тiлдерi тобына жататын қазақ тiлiнде сөйлейдi. Ислам дiнiнiң сүнниттiк бағытын қабылдаған. Оған дейiн шаман дiнiнiң негiзi болған тәңiрге, аруаққа сиыну нанымдары орын алды. Қ. тұрантектес расаның негiзгi өкiлi. Өз алдына тұтас халық болып қалыптасқанға дейiнгi этн. тарихы аса күрделi. Қазақ даласын қоныстанған әр түрлi тайпалар Қазақстан жерiн ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орт. және Шығ. Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш к. маңынан ұшырасады. Археол. жұмыстар нәтижесiнде палеолит дәуiрiне жататын 500-дей ескерткiш орындары анықталып, олардың саны жылма-жыл артып келедi. Мезолит дәуiрiнде садақ пен жебенiң пайда болуына орай кезбе аңшылар тобы бөлшектенiп кеткендiктен, бұл дәуiр тұрақтарының (жалпы саны 50 шақты) зерттелуi мардымсыз.

Қазақстанның неолит (тұрақтар мен қоныстарының жалпы саны 800-дей), қола дәуiрiнен қалған ескерткiш мұралар аса бай, алғашқы аталық тайпалардың көбейiп, өркендей бастағанын және ол тайпалардың көршiлес Сiбiр, Орал, Едiл бойы, Орт. Азия халықтарымен тығыз байланыста болғанын көрсететiн археол., антропол., этнол. дәлелдер көп (қ. Дала өркениетi; Көшпелiлiк; Қазақстанның көне заман мен орта ғасырдағы тұрғындарының антропологиялық сипаттамалары). Б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан аумағында өмiр сүрген ежелгi тайпалар көшпелi тұрмысқа ауысып, олардың өзара бiрнеше тайпалық бiрлестiктерi құрыла бастады. Солардың ең iрiлерiнiң бiрi — сақтар. Олар Сыр бойы, Қаратау, Талас өлкесiнен бастап Тянь-Шань тауларына дейiнгi оңт.-шығыс беткейдi мекендедi. Арал т. мен Сырдарияның сағасын, Әмудария бойын мекендеген тайпалар массагеттер одағына бiрiктi. Сақ тайпалары Солт. Қара т. өңiрi мен Днепр бойын мекендеген скифтердiң және төм. Едiл бойы мен Оңт. Орал өңiрiндегi савроматтардың, Кир мен Дарий I және Александр Македонский дәуiрiндегi гректердiң тұсында өмiр сүрген. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ТУРАЛЫ

Ұлыбританиядағы қазақтардың саны
Түркиядан біраз қазақтар 1980 жылдың басынан бастап Ұлыбританияға жұмыс бабымен қоныс аудара бастаған. Олардың барлығы дерлік бұл күнде Лондонда өмір сүріп жатыр. Бұдан басқа соңғы жылдары Қытай және Ауғанстан сияқты елдерден Ұлыбританияға келіп баспана сұрап тұрып қалған біраз қазақ тағы бар. Бірақ олардың саны көп емес. Жалпы алғанда, Түркиядан Ұлыбританияға көшіп келіп тұрып жатқан қазақтардың саны 200 адам шамасында......
Рефераттар
Толық

Темір құс ауырып қалды

Еуропалық ұшқыш, бір бай адамға тиесілі жеке ұшақ апатқа ұшырап, Африканың ну ормандарының біріне құлапты. Әзер жаны қалған ұшқыш жергілікті тайпаның адамдарымен жолығып қалады.
Ұшқыш: Мен ана жерде жатқан үлкен темір құспен....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

5 сом тауып алған Зақырбай

Бір күні Жетібай деген ауылдың Зақырбай деген малшы шалы болыпты. Бірде келе жатып жерден 5 сом тауып алыпты. Қатты қуанған ол Мәскеуге аттаныпты. Мәскеуде жүріп ол әжетханаға кірсе, алдында «Ж», «М» деген жазу тұр екен. Зақырбай «Ж» дегенге Жетібайдың адамдары, ал «М» дегенге Мәскеудің адамдары баратын шығар деп ойлайды. Зақырбай....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Жарымаған қазақ

Денсаулық министрінің квазиреформасы күшіне ене сала, ауылдағы бір қазақ Аццсотононың клиникасына апыл-ғұпыл тіркеледі.

– Қайдансыз? Мамандығыңыз?
– “Аралсульфаттан”. Тұз тасушымын.
– Денсаулығыңызға не....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық