Экология | Қазақстанда қалыптасқан экологиялық ақуалдар

Арал теңізі-Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі- 1066 шаршы км, тереңдігі -30-60 метр, тұздылығы-10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы байлықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңііріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілген жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түркіменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудәрия мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері-антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары дамыды.Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың метр3, су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың метр3, ал 1990 жылдары екі есе қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
-жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
-ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
-суды өте ккөп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
-жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
-табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа алып келдіБұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тартылтуда.Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстанда қонақ үйлерді жарнамалау практикасы

Жарнама сөзі латынның «reclamare» деген сөзінен шығып айқайлап шақыру, шақырғанға көңіл бөлу дегенді білдіреді. Қазақстан республикасының 19.12.03. қабылданған «Жарнама туралы» заңы жарнама туралы келесідей анықтама береді: Жарнама – бұл анықталмаған тұлғалар ортасына арналған және берілген тауарларға идеяларға және бастамаларға жеке және заңды тұлғалардың қызығушылығын аяқтауға және қалыптастыруға негізделген және тауарларды, идеяларды бастамаларды реализациялауға бағытталған кез келген формада және әр түрлі құралдар арқылы таратылатын жеке заңды тұлға, тауар идея және бастамалар туралы (жарнамалық ақпарат) ақпарат. Біз байқағандай заң жарнамаға кең ауқымды анықтама беріп отыр. Әдетте шетелдік авторлар да жарнамаға сондай ауқымды анықтама береді. Негізінен маркетингтік көзқараста. АҚШ-тың Солтүстік –Батыс үниверситетінің маркетинг профессоры әйгілі маркетолог Филип Котлер жарнамаға келесідей анықтама береді. «Жарнама нақты қаржыландыру көзі көрсетілген ақылы ақпаратты тарату құралдары арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның жеке емес формаларын көрсетеді. (Котлер Ф. Основы маркетинга – М. Прогресс 1990 511 бет).
Жарнаманың ең көп тараған саласының бірі туризмдегі жарнама болып табылады, бұл жерде жарнамалық әсер етуі – туристтік тауарлар, туристтік кәсіпорындар, сол кәсіпорындар көрсететін қызметтер. Туризмдегі жарнама- бұл тауар немесе қызмет көрсету түрлерінің атын шығаруға, тұтынушылардың назарын аударуға, тауар немесе қызметті көбейтуге бағытталған іс-шараларды және әр түрлі тауар қызметтерін, жаңалықтарды таратуға негізделген жарнама.
Жарнамалық хабарландырудың қарапайым ақпараттық хабарландырудан айырмашылығы ол адамдардың әр түрлі тауарларға деген қызығушылығын аяқтады. Жарнама нарықтық жарнаманың бір бөлігін құрайды. Жарнама тұтынушыға тауар немесе қызмет жайлы нақты және тура мәліметтер беруі керек. Жарнамалық хабарламаларда тауар сапасы тым асырып айтылып не болмаса фальсификациялы тауарды (қызметі) толық ретінде көрсетуге немесе әр түрлі кері мотивацияларды қолдануға болмайды. Жарнама құрылуы кезінде эстетикалық талаптарға жауап беруі қажет. Ал оны құрудағы шығындары рационалды шектен асп кетпеуі керек.
Бір айта кететін жай жарнама бұл әрқашан да мәлімет, ал жарнама бола бермейді. Бір жағынан жарнама тұтынушыға тауарды сатып алуға және қолдануға керекті мәліметтерді жеткізеді. Келесі бір жағынан жарнама өзінің ақпараттылығын қолданып, тауарды адамға сенімділікпен жеткізумен адамға эмоционалды психикалық әсер етеді. Осыдан қорыта айтқанда жарнама өз алдында бір уақытта жұмыс та, шеберлік те болып табылады. Бірақ басқа түрлері де адам өміріне аз әсерін тигізбейді. Бүкіл әлімде бұрынғы кезден бастап саяси жарнаманы қолданады. Жарнаманың көмегімен тұтынушы өзіне керек тауарларды жылдам және оңай жолдармен аз уақыт ішінде алуына мүмкіндігі болады....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қазақстанда ұлттық интелекцияның қалыптасу тарихы

Біздің Қазақ тарихымызда көптеген тарихи оқиғалар болып тұрса да өткенімізді ұмытпау болып табылады. Ұлттық инттелегенттеріміз турасында ол интелегенция өкілдерінің қалыптасу тарихы жаңаша интелегенция деп ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап Ресей құрамына кіріп біткенен кейін одан алдында білім іздеп елін қараңғы заманна жарық заманға жиелеу мақсатында Білім іздеп ілімді білімді елге жетуге үгіттеген насихаттары текке кетпеді деуге болады. Олар келешек ұрпаққа жол сілтеп заман талабына көпке самғауға, білім мен бірлік керектігін айтып кетсе солар салған ізді жалғастырып елдерді бірлік құшағына шақырып кетті деуге тұрады. Қазақтарға діни сауатқана емес онымен қоса Дүниауи сауаттылық та керек есеп жаратылыс тану барша барлық білімді үйрену керектігі туралы талап армандары арқылы келешек үмітінде кетті деуге болады.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстандағы 1930 жылдардағы демографиялық апат

Қазақ ұлтының тарихында 1930- жылдары ең қасіретті жылдар болып саналады. Қазақстанның демографиялық жағдайына репрессиялар, ашаршылық, эпидемиялар қатты әсер етті. Аталған жылдарда халық санақтары өтті.(1937 мен 1939 жылдары). 1937 жылғы халық санағының мәліметтері жарамсыз болып табылды. Алынған мәліметтер нақты емес қайшы болып табылады.
1931-1932 жылдары мемлекетте ашаршылық басталды. М.К.Қозыбаев Н.Е. Бекмаханова ғалымдардың пікірі бойынша эпидемия, ашаршылықтан адам шығындары 1 млн 300 мың адамды құрады, басқа мәліметтер бойынша 1 млн 750 мың қазақтар қырылды. М.Б. Тәтімов – демографтың есебі бойынша - 2 млн 300 мың адам немесе 51-52% РСФСР құрамындағы бұрынғы автономиялық республика тұрғындары осы жылдардағы эпидемиялардың нәтижесінде 250 мың адам славян халықтарының өкілдері көз жұмды, бұл тұрғындардың -8-9% құрады.
Жаппай репрессиялар мен ашаршылық тұрғындардың жылжуына себеп болды. Демограф – М.Б. Тәтімовтің есебі бойынша жер аударған қазақтардың саны 900 мың адамды (18%) құрады .
Қазақтар Ресей, Орта Азия, Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран мемлекеттеріне кетті.
А.В. Михайлов өз мақаласында Голощекиннің « Кіші Қазан » төңкерісіндегі келесі мәліметтерді келтіреді. 1930 ж- 121,2 мың адам, 1937 ж -1млн 74 мың адам келген қазақ ұлтының үштен бір бөлігі жер аударды. Б. Туленбаев және В. Осиповтың ойлары бойынша шет елдерге көшкендердің саны 400-500 мың адам болады.
1926 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындары 6 млн 62 мың 910 адам,олардың ішінде 3млн 496 мың 361 (немесе 57,6%) қазақтар 1939 ж. халық санағы бойынща республикада 6 млн 93 мың 507 адам тіркелді, олардың ішінде 2 млн 315 мың 532 (немесе 38%) қазақ ұлты. Бұл жерде:
1850-1860ж.ж.-0,9%
1860-1870ж.ж.-4,7%
1870-1897-ж.ж.-1%
1897-1917ж.ж.-0,9% құрды.
Қазақ ұлтының табиғи өсу санына сапалық баға беру әр түрлі ғалымдардың ой тұжырымдары. Н.Е. Бекмаханова және Н.В. Алексенко орта жылдық табиғи өсімі – 0,4 – 1% төмен деп санайды.
Феодалдық Патриархалдық құлдырау кезінде, таптық күресті нығайту кезінде табиғи өсімнің қарқындылығын биік деңгейде күту қиын, сонымен қатар қазақтардың үштен екі бөлігі көшпелі өміо сүрді. Қазақ ұлтының орта жылдық өсу коэффициентінің төмендігі осыған дәлел. « Ұлы ашаршылықтың » соңғы жылын 1932 немесе 1933 жылдары деп әдебиеттерде белгіленеді.
Бірақ, М.Х. Ақылбеков және А.Б. Ғалидың ойларынша бұл – 1934.
1
Олардың есебі бойынша, 1933-1934 жылдарда қазақ ұлтының кемуі - 1 млн 610 мың адамды құрады. Бұл сан келесі есеппен алынды. 1926 ж. Халық санағы бойынша қазақтардың саны 3 млн 968 мың адам болса, КСРО бойынша 3 млн 627 мың адамы қазақ автономиялық республикасында тіркелді. 1933 жылы КСРО мемлекетінде 4млн 510 мың қазақ тұру қажет еді. Бірақ, М.Б. Тәтімовтың есебі бойынша мемлекетте -2 млн 900 мың қазақ өмір сүрді. Екі санның айырымы – 1 млн 610 мың адамды құрды.
1939 халық санағы бойынша республика тұрғындарының жалпы саны 6 млн 94 мың адамды құрады. Республиканың ең ірі этностары болып қазақтар -2 млн 314 мың , орыстар- 2 млн 449 мың, украйндар – 657 мың , немістер – 93 мың, татарлар – 107 мың, өзбектер – 103 мың, белорустар -31 мың , ұйғырлар – 35 мың, кәрістер – 96 мың, әзірбайжандар –12 мың, басқа ұлтар – 197 мың адам.
1926 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындардың жалпы саны 1939 жылы – 105 мың (1,7%) адамға кеміді. Ұлттық үлес салмақ келесі түрде санақ арасындағы тұрғындардың санының тұрақтылығы және қазақ ұлтының екі санақ арасында бірдестен кеміп кетуі (1 млн 180 мың 829 адамға) байқалады. Тұрғындардың сандық тұрақтылығы республиканың индустриализациялымен түсіндіріледі, ұйымдастыру іс-шаралары нәтижесінде басқа аймақтардан жұмысшылар отбасылармен келді. Ал қазақтардың күрт кемуі – 1930 жылдардағы апаттың салдарынан болды (ашаршылық пен жер аудару нәтижесінде) көшпелі қазақ халқы көп азап шекті. Қазақтармен қатар өзге ұлттар да ашаршылыққа ұшырады.
Б.Түленбаев және В. Осипованың пікірлерінше Қазақстанда ұйғырлардың саны екі есеге, дұнғандар - 25% , өзбектер - 20,5%, ал украиндар - 3,4%-ға азайды .....
Рефераттар
Толық

Биология | Қазақстандағы кемірушілердің түрлері

Жұмбақ дүниені танып – білуіміздің табиғи көздерінің бірі – хайуанаттар әлемі. Жалпы табиғатта 2 миллионға жуық түрлері бар – микроскоп арқылы ғана көрінетін организмдерден бастап алып Піл, дене тұрқы 30 метрлік Кит сияқты хайуанаттар кездеседі. Ендеше сол хайуанаттар ішіндегі «Кемірушілерге» тоқталсақ. Кемірушілер (Rodentia) – сүт қоректілердің бір отряды. Бұған жер жүзіндегі сүт қоректілердің төрттен үш бөлігі, ал СССР-дегі сүт қоректілердің жартысы дерлік жатады. Кемірушілердің қазба қалдықтары- полеоцен дәуірінен белгілі. Кемірушілер Бор дәуірінде, сірә, насеком қоректілер мен бір ата-тектен дамыған болса керек. Кемірушілерге осы кезде туыстығы жағынан жақын топ қоянтәрізділер отряды жатады. Кемірушілердің ең ұсақ түрінің тұрқы 5 см, су шошқасы 1,25 м. Кемірушілердің тісі қатты қорек жеуге бейімделген. Күрек тістері (әр жақ сүйегінде бір жұп) күшті дамыған, доға тәрізді имек келген және үнемі өседі, әр тістерінің эмалы мен дентиннің қаттылығы әр түрлі болғандықтан, тісі өзінен-өзі қайралып, өмір бойы мұқалмайды. Кейбір кемірушілердің азу тістері де үнемі өседі. Ит тістері болмайды, күрек тістері мен азу тістері арасында тіссіз бос жер – диастема болады. Азу тістерінің беті бұдырлы, қырлы не қатпарлы. Бұл тістері де тіс эмалының қалыңдығы әр түрлі болғандықтан өзінен-өзі қайралады.
Кемірушілер жер жүзіне түгел таралған. Осы кезде тіршілік ететін 30 тұқымдасқа, 400-ден астам туысқа бөлінетін 2000-дай түрі бар. СССР-де 11 тұқымдасқа, 50 туысқа жататын 130-дан астам түрі белгілі. Бұдан басқа антропоген дәуірінен 70 түрі, оның ішінде 15-ке жуық өліп біткен туысы табылды. Кемірушілердің қазір тіршілік ететін түрлері әдетте үш отряд тармағына бөлінеді. Бұлардан тиін тәрізділердің(Sciuromorpha) осы кезде тіршілік ететін 5 тұқымдасы (құндыз,америка тау құндызы, тиін, қапшықты егеуқұйрық, гетеромитдер) және өліп біткен 5 тұқымдасы бар. Жайра тәрізділер отряд тармағына(Hystrcomorpha) осы кезде кездесетін 12 тұқымдас (кәдімгі жайра,ағаш жайрасы,теңіз ақ тышқаны,су шошқасы,агути,саз құндызы,шиншилла т.б.) және өліп біткен үш тұқымдас жатады. Тышқан тәрізділер (Myomorpha) он тұқымдасқа (қарақас тышқан,жалманқұлақ тышқан,қосаяқ,соқыр тышқан,аламан т.б.) және 3 қазба тұқымдасқа бөлінеді. ....
Рефераттар
Толық

Экология | Қазақстандағы экологиялық зерттеулер

Елбасының Қазақстан халқына 2005 жылғы Жолдауында Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен жерінде тұр, біздің міндет-осынау бірегей жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану деген еді. Еліміздің алдына Президент қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологияның жағдайына тікелей қатысы бар.
XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып түсті десе де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды.
Көптеген ғалымдар экология ғылымының мәнін, мағынасын, салдарын әр түрлі түсінеді. Көбі экология ғылымың жаңа ғылымның саласына қосады. Эрнест Геккельден бұрын да ғылымдар экология жайлы өзіндік зерттеулер жүргізген. Әйтсе де оның бастауына неміс ғалымы Эрнест Геккель биологиялық экологияға берген анықтама тұрғысынан қарайды, ал шындығында XXI ғасырдың экологиялық проблемалары қатыспайтын бірде-бір ғылым саласы жоқ. Сондықтан да экология ғылымы ғылымдардың ғылымы сипатына айналды. Себебі, олар барлық ғылым салаларының нәтижесіндегі ғылым жетістіктерінің табиғаттың тепе-теңдігінің бұзуылуына жауапты бола отырып, оның шешімін табуға ат салысу керек. Бұл ғаламдық проблема.
Қазақ халқы ежелден-ақ табағат болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көне айналдырған. Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде табиғатты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқан. Осы арқылы болашақ ұрпақ бойына табиғатпен етене жүруді сіңіріп отырған.
Қазіргі дүние жүзілік ғылыми-техникалық прогрес пен адам әрекеті табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып, болашақ ұрпақтың алдына ғаламдық экологиялық проблемаларды тудыруда. Табиғаттың байлығын қажжеттілігімізге жүйелі жаратудың орнына, кейінгі жылдары оған жаппай үлкен қауіп тудыратын, ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, ормандардың аталуы, аң мен құстардың есепсіз жойылуы, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен есерткінің таралуы осы экологиялық апаттың көзі болып табылады.
Шын мәнінде туған еліміздің экологиялық ақуалы қандай екенін көпшілік біле бермейді. Неге десеңіз, экологиялық ақпаратты игеру үшін экологиялық білім керек. Қазақстанның экологиялық ахуалына қысқаша талдау жасағанда мынаны байқауға болады.
Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің 25-30% жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиялды экологиясы айтпаса да түсінікті. Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5 млн.га жайылымдардың деградацияға ұшырауы З млн. га жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануда. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қазақ мәдениеті

Халық даналығының мерей – мақтанышы - мәдениетінің мыңдаған жылдық тарихы,бел-белестері, қалыптасу кезеңдері бар. Оларды талдап, таңып түсіну үшін алдымен, мәдениет дегеніміз не,соны анықтап алуымыз керек. Мәдениет- халқымыздың ар иманының айнасы,ұзақ жылдар ішіндегі сұрыпталып жинақталған асыл да ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі,салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, таным сенімі саналылық танытатын көз қарастар жүйесі, әлеуметтік топтың,ұлттың, халықтың өмірдегі бет бейнесі, зиялылығы, біліктілігі, басқа бір ұлттаң, халықтан, нәсілден ерекшелеп көрсететін,айырып ажырататын тыныс – тіршілігінін, ғұмыр нәрінін бұлағы.Ол әдебипетті өнерді, адамның шығармашылдық,көркемдік ,эстетикалық талғамдарын қалыптастырып дамытатын рухани өмірдің барлық салаларын қамтиды.
Қазақ халқының мәдениеті- оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі,маңызды саласы.Сондықтан оны игеру,өз алдына ғылым ретінде танып, оқып үйрену қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі.
Қазақстан жерін мекендеген халықтар, қазақ халқы өзінің көп ғасырлық тарихында,ерте заманнан күні бүгінге дейін жүріп өткен мезгіл ішінде адамзат қоғамының өсуіне әлемдік өркениеттің қанатының қатаюына, мәдениетінің дамуына үздік үлес қосты, оларды өз сана салтының игі істеріменен нәрлі нәтижелерімен байытты. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Қазақстандағы ауа қауіпті әлеуметтік мәнді аурулар

Оба, чума (латынның pestis сөзінен шыққан, «кенеттен басып кіру» деген мағынаны білдіреді) – аса қауіпті зоонозды табиғи-ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақбөкенде, мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру, бактериясы ауа не қан арқылы адамға да беріледі. Чуманың табиғатта өсіп-өніп отыратын ошақтары болады. Жануарға бүргелер арқылы беріледі. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 ж. бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато (1853-1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863-1943) (адамнан; 1897 ж. егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersinia pestis) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады.
Аурудың даму кезеңі 3 күннен 6 күнге созылады. Ауру қатаң әрі кенеттен басталады. Алғашқы белгілері: дененің қатты дірілдеуі, ыстықтың 39-40 градусқа дейін көтерілуі, бастың айналуы, дененің еттерінің ауыруы, құсу, тамырдың дірілдеп соғуы, өкпенің қабынуы /пневмония/. Аурулар есінен ажырамағанмен ессіз адамша жатады. Психикасы өзгере бастайды, орнынан ұшып тұрып, қашқысы келеді. Мастар секілді сөйлей алмайды. Қан қысымы төмендеп, жүрек-жұмысын бұзады. Тілі ісініп, тамағы құрғап, миндалі ісініп кетеді. Бауыры ісінеді. Қанды құсық құсады. Қан кетуі де мүмкін.
Оба ауруының аса қауіптілігіне байланысты бұл ауруды тараптауға үлкен күш салынады. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының қадағалауымен, ұйымдастыруымен бұл аурудың эпидемиялық түрде және жоғары деңгейде дамуына әрі тарап кетуіне жол бермеуге шара қолданылады.
Оба ауруының тарамауына қолданатын шараның негізгі бөлігі оның табиғи ошақтарында тұрақты әрі кешенді бақылау жұмыстарын жүргізіп отыру.
Егер ауру байқалған жағдайда ауырған адамдарды тез арада емханаға жатқызып, олармен қатынаста болған адамдарды дәрігерлік бақылауға екшеп алу керек. Ауруды таратып отырған көзін іздейді. Оны тапқаннан соң, ол объектіні зарарсыздандырып, сол мекеннің жалпы тұрғындарын бақылауға алады. Карантиндік шараларды анықтайды және жүргізеді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстандағы ауыл халқының қалаға көшуі

Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелдi. 1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады.
Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгерiс болды. Мысалы, қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейiп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өстi. Оның есесiне орыс ұлты өкiлдерiнiң саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кемiдi, немiстер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кемiген. 1897 ж. бүкiлресейлiк халық санағының мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 — 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебiнен 1 264,0 мың адамға көбейген.
Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткiшi мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам, 1913 ж. — 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. — 14684 мың. Кеңестiк дәуiрде, әсiресе, 1930 жылдан кейiн Қазақстан жерiне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 — 44 ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшiру науқаны жүргiзiлдi.
1937 ж. алғашқылардың бiрi болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшiрiлдi. Олар негiзiнен Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзiрбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшiрiлген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нiң 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтiң батыс облыстарынан поляктар көшiрiлiп әкелiндi. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей облыстарына iрге тептi. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Едiл бойынан немiс жұртшылығы, сонан соң 1944 — 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немiстер көшiрiлдi. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшiрiлдi.....
Рефераттар
Толық