Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері арзандады

Ұялы байланыс операторлары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап интерконнект ставкасын 13,02-ден 11,10 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) 15% төмендетті деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері арзандады"ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің қатысуымен ұялы байланыс операторларының арасында 2012 жылдың желтоқсанында бекітілген интерконнект ставкасын төмендету жөніндегі Меморандумның шеңберінде 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап интерконнект ставкасы 13,02-ден 11,10 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілді", - делінген хабарламада.

Интерконнект – операторлар арасындағы желіаралық байланыс. Интерконнект ставкасы бір оператордың басқа операторға өз абонентінің желіден тыс қоңырау шалғанда сөйлесудің әрбір минуты үшін төлейтін соманы анықтайды.
Жаңалықтар
Толық

Кір тасын көтеруден 76 жастағы жерлесіміз Гиннестің рекордтар кітабына енді

Күш атасын танымас. 76 жастағы Алматы облысы Көксу ауылының тұрғыны кір тасын көтеруден Әмірбай Рысқұлов Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Қария зілтемір көтеруден өз мықтылығын Ресейдің Архангельск қаласында дәлелдеген. Спортшы жетпістің желкесіне шықса да, Гиннестің рекордтар кітабына енгізетін халықаралық комиссия мүшелерінің алдында 10 келілік кір тасын жарты сағат тоқтамай 750 рет көтерген. Өзінің айтуынша, бұдан да көп көтеруге мүмкіндігі болған.

Дегенмен, рекорд жасау үшін 750-ге жеткізу негізгі меже болып есептеледі. Ал әлемнің кіл мықтылары мықтылықтарын дәлелдеуге арналған бәсекеге жалпы 400-ден астам спортшы жиналған.

Қазақ елінен Әмірбай Рысқұловтан басқа тағы 4 зілтемірші қатысса, Алматы облысынан барған 55 жасар Жұмахан Құзабаев та рекорд орнатты.

Қазір Әмірбай Рысқұловтың қоржынында 105 медаль болса, оның 65-і алтын. Спортшы бұл жеңісін Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арнап отыр.

Жаңалықтар
Толық

Қазақстанда жаңа жол жабындысы сынақтан өтеді

Қазақстанның Ақмола, Атырау және Алматы облыстарының автомобиль жолдарындағы сынақ учаскелерінде "Микросюрфейсинг" түріндегі жаңа жол жабындысын сынақтан өткізу басталды.

Фото: nso.ru
Фото: nso.ru

Жаңа технология жол жабындыларының бұзылу процесін тоқтатуға мүмкіндік береді және жоғары техникалық санаттағы тас жолдарда қолданылатын болады. Бұл туралы baq.kz тілшісіне ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жолдарды күтіп-ұстауда бұзылулардың алдын-алу әдісін қолдану қаржыны үнемдеуге бағытталған. Айталық, жолдарға 7-10 жылдан кейін, яғни сапасы қанағаттанарлықсыз жағдайға жеткен кезде күрделі жөндеу жұмысын жүргізгеннен гөрі, олардың сапасы қанағаттанарлық жағдайда болған кезде жол жабындысына жөндеу жұмысын жүргізген айтарлықтай арзанға түседі", - деп атап өтті Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов.

Жаңалықтар
Толық

Қазақстанда темекі және алкогольді ішімдіктер қымбаттайды

Елімізде темекі және алкоголь өнімдеріне акциз көтерілетін болды. Бұл туралы ҚР экономика мен бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлады.

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі таңда 1000 темекі үшін акциз 1550 теңгені құрайды. 2014 жылға қарай бұл көрсеткішті 3000 теңгеге жеткізу арқылы, шылымның құнын 100% қымбаттату жоспарланған. Ал, 2020 жылға қарай оның бағасын 10 000-ға дейін көтеру көзделіп отыр. Қымбатшылық алкогольды ішімдіктерді де айналып өтпейді.

Бүгінгі күні 1 литр спирт үшін акциз 500 теңге болса, 2014 жылы ол 1000 теңгеге, ал 2016 жылы 1600 теңгеге дейін көтеріледі.

"Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша спирт өнімдерін көп пайдаланатын мемлекеттердің алғашқы отыздығына кіреді. Яғни бір Қазақстан азаматы 7-8 литр ішімдік ішеді деген сөз. Осыған орай, бізге темекі және алкоголь өнімдерінің бағасын көтеру маңызды. Әрине, қымбатшылық.....

Жаңалықтар
Толық

Қазақстанда барлық салық түрі көтеріледі

Бүгін Үкімет отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы мақұлданды.

Аталған құжатты ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті. Оның айтуынша, салық салу мәселелері жөніндегі заң жобасында мөлшерлемелерді көтеру көзделген.

Атап айтқанда, заңды тұлғалардың мүлік салығы; жер салығы; қозғалтқыштарының көлемі 3000-нан бастап 4000 текше см-ге дейінгі автомобильдер үшін көлік құралдарының салығы; 2015 жылдан бастап темекіге акциздер; 2014 жылдан бастап алкоголь өнімдеріне акциздер салығы артатын болады.

"Сонымен қатар салықтық әкімшілеуді және салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға әрі әкімшілік кедергілерді төмендетуге, бизнес ахуалды арттыруға бағытталған бірқатар түзетулер дайындалды", - деді Е.Досаев

Жаңалықтар
Толық

Бір аптаның ішінде Қазақстанда жол апаттарында 108 адам қаза тапқан

Жол бойында қатер сейілмей тұр. Өткен бір аптаның ішінде Қазақстанда 500-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан 108 адам қаза тапқан.

719 адам түрлі деңгейде дене жарақаттарын алды.

Түркістан-Балтакөл тас жолында ГАЗ-53 жүк көлігі жолдың қарсы бағытына шығып, бар жылдамдығымен жүйіткіп келе жатқан "Хюндай-Старекс" автобусына соғылды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 6 адам түрлі жарақат алған.
 
"Болған оқиға жерінен Газ автокөлігінің жүргізушісі қашып кеткен. Бірақ кеше кешке қолға түсті. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қалған жолаушылар сол Түркістан қаласындағы ауруханада", - дейді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Салтанат Қаракөзова.

Жаңалықтар
Толық

Қазақстанда айына 1 млн теңге жалақы алатын қызметтер анықталды

2013 жылдың шілдесінде 4 338 вакансияның ішінде сыйақысы ең жоғарысы (жұмыс берушілердің барлық ұсыныстарының 32%-ын құраған) сауда саласында екені белгілі болды.

Фото: ok-inform.ru
Фото: ok-inform.ru

Оған сәйкес, бас директор қызметі үшін айына бір миллион теңге және компания табысынан жылдық бонус ұсынылған, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстандағы HeadHunter компаниясына сілтеме жасап.

Аталмыш топ-менеджердің қызметіне сатылымдарды басқару, баға белгілеу жүйесін жасау міндеттері кіреді. Зерттелген аумақта жалақысы жоғары мамандықтар "Құрылыс және жылжымайтын мүлік" (500-ден 800 мыңға дейін) және "Өндіріс" салаларына тиесілі (3 мың мен 4 мың доллар арасында).

Ал ең төменгі жалақы ІТ-салада (15 мың теңгеге дейін) және банк құрылымында (18 мыңнан 35 мың теңгеге дейін) екен.

Көп жағдайда бұл тағлымдамадан.....

Жаңалықтар
Толық