Бір сәт шықпай ойынан Бұйра толқын, Ақ жазық, Атыраудың бойынан Отыр Дюма хат жазып: "Кітап болып ермегі, Қанша білім игерсін, Бірақ Дала көрмеген Түк көрмедім дей берсін! Армансыз бір демалып, Аунау қандай жаз құмда. .....
Тамаша той-думанмен таң атырса Сол кезде жаныңда әсем жан отырса Тамаша жексенбі күн көл басында Тұнықтан балық аулап бала отырса Тамаша жексенбі күн көл басында Тұнықтан балық аулап бала отырса .....
Аяз биім! Аруағым, табынарым. Ар мен ақыл - бас иіп, бағынарым. Алдыменен сені ұғып, Сені сыйлар Маңдайына жазылған бағы бар ұл. Мақтағанда талай дос, Талай қасың, Айналмаған, апыр-ай, қалай басың?!.....
Баяғыдан, әрине, бағасы кем, Байланысы жоқ енді даласымен Бір кездегі белгілі ат Бара жатыр Тық-тық шертіп асфальтты тағасымен. О жылдары әйгілі керім еді, Енді жұртқа есек боп көрінеді......
Титықтаған қойшылар, Тынған түздің бораны: Түйдек-түйдек бу шығар Тұлыбыңа оранып... Қас батырдан қаһарлы, Ояздан да озбырлау Аппақ дала, Ақ орман, Аттың үсті боз қырау......