Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған, Менің мазам кетеді күдікті ойдан. Жұртпен бірге мәз болып, Ду-ду етіп Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан. Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?! Қан жуады олардың ізін әлі. Көргеннен-ақ мылтықты Менің үшін Дүниенің дидары бұзылады. Аяймын мен анасыз .....
О бастан-ақ парасат, ой дарыған Біз боламыз жарқын қыз, Жайдары ұлан. Біз — жалынбыз өшпейтін мәңгі бақи, Біз — комсомол жел ескен айдарынан! Біз — комсомол: Күштіміз, Қарымдымыз. Қолтықтаған құрбымыз — дарынды қыз. Алқынуды білмейтін арғымақпыз, Ауыздықпен алысқан арындымыз. Біз — комсомол: Ауылдан, Шаһарданбыз. Артқан жүкті алысқа апарғанбыз. Спортында — әлемдік чемпионбыз, Ал майданда — қып-қызыл қаһарманбыз! Даңқты жол — біздердің өткеніміз. Музейлерде қайла мен кетпеніміз......