Құқық | ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделі талаптар қойылады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылауына түседі. Заң қабылдайтын орган – Парламент көпшіліктің ұсыныстарына жіті көңіл бөледі, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексеріліп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзіне асады. Заң жобасы туралы пікір айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарда жан-жақты қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрі бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттің Үкіметі ғана жасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары Парламенттің талқылауына түседі. Заңға тәуелді нормативтік актілер де осылай жан-жақты талқылаудан өтіп барып қабылданады.
Құқық шығармашылық процесінің сапасын жақсартуға екінші зор үлес қосатын еліміздегі сан алуан нормативтік актілерді топтастырып, жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп, отыру. Қоғамның диалектикалық даму барысында мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларын жасақтау міндеті де күшейе түседі.....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚҚА САЙ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

Қоғамдық қатынастар құқық нормаларымен реттелетін құқықтық қатынастарды қалыптастырады. Құқықтық қатынастар арқылы құқық нормалары іс жүзіне асады, қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау функциялары қалыптасады. Қоғамдық қатынастардағы субъектілердің мінез-құлықтары сан-алуан, көп жағдайда құқыққа сай келмейтін мінез-құлықтарды қалыптастырады, құқыққа қайшы келетін іс-әрекеттер жасалады. Құқық бұзушылық қоғамға, мемлекетке жалпы басқару ісіне өлшеусіз нуқсан келтіреді, орны толмас, ешқандай өлшеммен өлшенбейтін зардаптар мен адам психологиясын мәңгі жаралайтын іздер қалдырады. Сондықтан қоғамның, мемлекеттің стратегиялық мақсаты барлық әлеует, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, адамдардың құқыққа сай мінез-құлықтарын қалыптастыру болып табылады. Бұл өте күрделі процесс. Себебі субъект, жеке адам тек ғана әлеуметтік жан ғана емес, сонымен қатар биологиялық қасиеттерге ие табиғаттың да ажырамас жаны бар организмі. Сондықтан жеке адамның құқыққа сай мінез-құлқын қалыптастыру үшін аталмыш жағдайларды бөліп зерттемей, бір мағанада, тұтастық ұғымында тану ғана ақиқатты ғылыми нәтиже бермек.
Құқыққа сай мінез-құлық деп жеке адамның ішкі сезімінің психологиялық бағыттарынан, сырттан қабылданған информациялық-тәрбие және әлеуметтік-экономикалық, микро, макро орта әсерінің тиімді нәтижесінде қалыптасқан мінез-құлықты айтады.
Е.К.Нүрпейісов өзінің зерттеулерінде құқыққа сай мінез-құлықты әлеуметтік бағыттағы құқыққа сай мінез-құлық жеке бағыттағы құқыққа сай мінез-құлық және эгоистік бағыттағы мінез-құлық — деп бөліп қарайды. Құқыққа сай мінез-құлықтың формалды нышаны құқық формаларының талаптарын сақтау, ап теориялық мәні күрделі тартыстар мен шиеленістерден қалыптасады.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну

Қандай да бір ғылым болмасын,оның ішінде,әсіресе,қоғамдық және гуманитарлық ғылымның әлеуметтік жағы басым болды.Ғылым қоғам мен адамның қандай қажеттілігінен,мұқтаждығынан пайда болғанын,ғылым осы қажеттілік пен мұқтаждықты қалай іске асырып отыр,оның қоғамға тиімді жақтары неде,халықтың материалық,мәдени,рухани дамуына қандай деңгейде және қалай әсер етіп отыр,оның басқа қоғамдық құбылы-үдірістерімен,ғылымдар мен байланыс-қатынастары,болашақ даму бағыттары,қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай,т.б., бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын құрайды.
Бұл тақырыпта жалпы әлеуметтанудың арналуы теориялардың бірі – құқықтың әлеуметтік аспектілері сөз болмақ.Құқтық әлеуметтану жалпы әлеуметтанудың жан-жақты терең дамуымен, оның жалпы құқық ғылымы мен іштей тығыз байланыстарының нәтижесінде пайда болады.
Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой – пікір әлі жоқтың қасы.Ой салыстыру, таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр.
1962-ші жылы Ү Халықаралық әлеуметтану Конгресінде құқық әлеуметтануы ресми түрде ғылыми білімнің бір саласы ретінде танылған болатын, бірақ оның табиғи мәні, зерттейтін объектісі, пәні және оның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар арасында алатын орны осы уақытқа дейін әр түрлі талқыға түсіп келеді.Осы тұрғыдан алғанда шетелдік әдебиеттерде құқықтық әлеуметтануды жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы деп қараса, Ресей құқықтанушылары құқық әлеуметтануын жалпы құқық ғылымның бір саласы және ол құқықтық ғылым деп санайды. Ал Ресей әлеуметтанушылары Э.В. Тадвосян, С.В. Боботов, т.б. шетелдік әлеуметтанушылардың көзқарастарын жақтайды. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық нормалар.

Адамдар қоғамдық өмiр сүрiп жатқандықтан, олардың өзара қатынастары сол қоғамның саналы қызметiнiң нәтижесi болып табылатын олардың өздерiн ұстау ережелерiмен реттеледi. Жалпыға бiрдей мiндеттi осы ережелердi сол қоғамда өмiр сүрiп жатқан адамдардың бірi сақтауға тиiстi. Адамда өзiн және әлемдi тани бiлетiн ақыл бар, қабiлет бар. Сондықтан ол өзiнiң және өзгелердiң әрекеттерiне баға бере алады және олардың салдарларын алдын ала көре алады. Адамдардың өзара қатынастарында қалыптасқан нормалар қоғамның рухани даму үрдiсiнде жетiле келе жалпыға ортақ мiндеттi әлеуметтiк тәртiптердің жиынтығы моральдың қалыптасуына алып келеді. Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздер ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз (грек.socitas - қоғам лат nopma.- ереже).
Әлеуметтік нормалар адам өмірінің барлық жағын оның қоғамдық қызметін атқару кезінде немесе тұрмыстағы өмірінде өзге адамдармен қарым-қатынас жасау үрдісіндегі сөйлесу, өзін ұстау, қимылдауда ұстанатын құндылық бағдарларын қамтиды.
Сыпайылық ережелер адам мен адамның арақатынасын көрсететін жүздесу формаларын айқындайды. Дәстүр, мораль, құқық және этикет біріге адамдардың әр топтарының тәртібін ретке келтіретін, жалпыға бірдей әлеуметтік нормаларды құрайды.
Әлеуметтік нормалар құқық және мораль болып, үлкен екі салаға ажыратылады. Әлеуметтік нормалардын мемлекеттің пәрмен мен заңдастырылған бөлігі құқықты, мемлекеттің пәрмен мен зандастырылмаған бөлігі моральді құрайды. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық жүйе

Қоғамда құқық жасаушылық барысында қабылданып, қалыптасқан құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде бір-бірімен тығыз байланыста болады. Оларды жеке бөліп алып қарауға болмайды және қабылданған құқық нормалардан қалыптасқан нормативтік құқықтық келісімдер хаос пен ретсіздікке болмайды. Олардың барлығы жеме-жемге келгенде мемлекетте бір жүйелі құқықты кұрайды. Осыған орай әр мемлекеттің құқықтық жүйелері бірнеше жағдайларға байланысты қалыптасады. Атап айтқанда халықтың этникалық ерекшеліктері, мемлекеттің экономикасының өсу дәрежесі, қоғамдағы саяси, әлеуметтік жағдайлар, әдет-ғұрып, дін және басқа да қоғамдық қатынастардан туындайтын факторлар тікелей әсерін тигізеді. Бірақ, қандай экономикалық саяси жағдайлар болмасын мемлекеттің құқықтық жүйесі бір бағытта дамып отыруы қажет, олардың арасында қарама-қайшылықтар болмауы тиіс. Міне, осыған байланысты құқық жасаушылықпен шұғылданатын мемлекет органдардың негізгі міндеттері құқықтық жүйеге ғылыми тұрғыдан талдау жасап, зерттеп отырып, олардың арасындағы кемшіліктер мен қарама-қайшылыктарды тез арада жойып отыру болып табылады.
Құқықтық жүйе дегеніміз бір-бірімен тығыз байланыстағы құқық нормаларының, институттарының және құқық салаларының қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғауға бағытталған ішкі құрылымы. Құқықтық жүйе белгілі бір тәртіппен топтастырылған құқықтық нормалардың жиынтығы, оның қалыптасуы қоғамның даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Азаматтық қоғамның орнығуының басты шарттарының бірі-мемлекеттің құқықтық сипат алып, әлеуметтік мазмұнға ие болуы.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ - құқықтық үстемдігімен, заңның жоғары құдіретімен, барлық азаматтардың құқығы мен бостандығын мойындап құрметтеумен, оған мемлекет тарапынан кепілдік берумен сипатталады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері мыналар:
1. Қоғамда құқықтың үстемдігі, оның мемлекеттен де биіктігі. Құқық-қоғам өмірінің түп негізі, анықтаушысы. Ол мемлекет конституциясында бекітіледі де, басқа барлық заңдар мен нормалардың, жарлықтардың өзегіне айналады.
2. Мемлекет, оның органдары, лауазымды қызметтегі адамдар, түрлі ұйымдар және барлық азаматтар тегістей заңға бас иеді, заңға бағынады. Заң алдында барлығы да жауапты, барлығы да бірдей. Заңды сыйламайтын ел-берекесіз ел. Сүлеймен пайғамбар аитыпты деген мынадай сөз бар: «Заңға бағынбайтын елде бастық көп болады». Әрине, құқықтық мемлекеттегі кез келген заң-өмір шындығымен қабысып жатқан, іске асыру, орындау тетіктері анық нақтыланған әділ де ізгілікті, көпшілік қауымның көңілінен шығып, қолдау табатындай, оның өмір-тіршілігін, түпкілікті мүддесін бейнелейтіндей сапалы болуға тиіс. Әйтпесе заңнан әрі бедел кетеді, әрі орындалмай қағаз бетінде қалады, содан келіп берекесіздікке жол ашылады.
3. Құқықтық мемлекет жағдайында адамның құқығы мен ар-ожданы құрметтеледі, мемлекет тарапынан қорғалып, кепілдік беріледі. 1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған бүкіл дүниежүзілік мәні бар «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» деп аталатын құжатта былай деп жазылған: «Барлық адамдар жаратылысында азат, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Олардың басында-ақыл, бойында-ар болғандықтан бір-біріне туысқандық ықыласы болуға тиіс» (1-бап). Одан әрі: «Әрбір адам өмір сүруге, еркін болуға және жеке басына ешкімнің қол сұқпауына құқылы»,-деп (3-бап) атап көрсетілген. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Адамзат тарихында мемлекет және құқық пайда болғаннан кейін ұлы ойшылдар мен ғұлама тарихи тұлғалар билік жүргізуші топтардың басқаруды іс жүзіне асыруда заңсыздық пен бассыздық, шексіз билікпен тиранияға кеңінен жол ашып, адам құқықтарын басып-жаншыған, қырғынға ұшыратқан жантүршігерлік әрекеттерін қатаң сынға алды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеудің тетіктерін қарастырды. Атап айтқанда ұлы Сократ, Платон, Аристотель, Хан Фей, Хамурапи, жаңа заманда Н.Макиавелли, Б.Б.Спиноза, И.Кант, Т.Гобсс, ДЛокк, Г.В.Гегель, Ш.Уәлиханов, Абай, А.Байтұрсынов, Жақып Ақбаев, Б.Сыртанов сияқты ойшылдар адам құқықтарының тиімді қорғалып, қоғамда әділеттіліктің орнауын ұсынған идеяларында басты мақсат етті.
Платон еңбектеріне назар аударатын болсақ, қоғамда заң үстемділігі орнау қажеттігі аса маңызды мәселе ретінде көтеріледі. «Мен, - деп атап көрсетті Платон - заңның күші жоқ және оның қайсыбіреудіңбилігінде болса, ол мемлекеттің күйреуінің жақын екенін болжаймын. Заң билеушілерге үстемдік еткен жерде олар оның құлдары және мемлекеттің құтқарылатынына сеніммен қараймын». Осындай пікірлер Аристотель, Цицерон сияқты ежелгі заман ойшылдарының еңбектерінде де жиі кездеседі. Феодализмнің ыдырау процесі басталған кезеңде билікке ұмтылып келе жатқан буржуазия орта ғасырдың абсолюттік басқару формасына, инквизацияға қарсы заңдылықтың орнауы, билікті бөлу, жеке меншікті ең қастерлі құқық деп жариялау, табиғи құқық идеясын асқақтату сияқты көптеген демократиялық мазмұндағы идеяларды жариялады. Джон Локк тұңғыштардың бірі болып қандай да болмасын «биліктің заңсыз әрекеттеріне қарсылық көрсету заңды» деген тұжырымдаманы ұсынды. Францияның ірі ойшылы Ш.Л.Монтескье мемлекетте билікті бөлу қажеттілігін демократиялық мемлекеттің ең негізгі іргетасы ретінде жариялады. Бір мемлекеттік органның қолында екі биліктің, ал үшеуінің тіптен шоғырлануына жол берілетін болса, ондай қоғамда нағыз бассыздық пен заңсыздық орнайтынын аса көрегенділікпен дәлелдеді.
Қоғамның дамуы ұлы ойшылдардың прогрессивтік-құқықтық идеяларының дұрыстығын және қажеттігін мойындап ғана қойған жоқ, сонымен қатар қабылданған құқықтық құжаттарға енгізіледі. Атап айтқанда АҚШ-тың 1787 жылы қабылданған Конституциясы, Ұлы Француз революциясының «Адам және азамат декларациясы» (1789) аталмыш идеяларды норма ретінде бекітті.
XX ғасырдың басында Ресей университеттерінде білім алған қазақ зиялылары Еуропаның, АҚШ-тың демократиялық құқықтық құжаттарын ой-саналарына сіңіргендіктен өздерінің идеяларында қазақ қоғамында да демократияның енгізілуін қалады. Мысалы, ірі қоғам қайраткері, отарлық саясатқа қарсы белсенді күрескен Барлыбек Сыртанов өзінің 1911 жылы жазған «Қазақ елінің уставы» деп аталатын еңбегінде Еуропа ойшылдарының прогрессивтік идеяларын қазақ қоғамына қажетті екенін дәлелдеді. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық нормаларды іске асыру және оларға түсінік беру

Құқықтық нормалар қоғамдағы сан алуан қатынастарды реттеп, басқару үшін өмірге келіп, өзгеріп, ескеріп, жаңарып, дамып жатады. Ол нормалар адамдардың, бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, ұйымдардың іс-әрекеттеріне, жұмысына дұрыс ықпал жасап, қоғамдағы құқықтың жақсы іске асуына, орындалуына зор әсер етеді. Олардың барлығының жұмысын нормаларға сәйкес қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға, адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет. Құқықтық нормалар іс жүзіне асырылмаса, оның әлеуметтік маңызы болмайды.
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді: қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын т.б. демократиялық іс-әрекеттерді біріктіреді....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТЕТІГІНІҢ ҰҒЫМЫ

Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құлықтылық және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағанадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді. Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің сан-қырлы әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар мен күрделі шиеленістен, мүдде қақтығыстарынан тұрады. Мұндай процестерді бір жүйелі тәртіпке келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі. Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық, тәрбиелік, генетикалық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағанадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.
Осыған орай қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу әлеуметтік нормалардың сапынан ерекше орын алатын құқық нормаларына жүктелген. Біріншіден, құқық нормалары қоғамдық қатынастардың барлық салаларына өзінің реттеу функциясымен әсер етеді. Екіншіден, құқық нормалары реттеу қызметін қажет болған жағдайда мемлекеттің күш қолдану арқылы, мәжбүрлеу тетігін пайдаланады. Үшіншіден, құқық нормалар реттеу, қолдану барысында индивидтердің қол сұғылған мүдделерін, бұзылған құқықтары мен бостандықтарын орнына келтіреді. Ал, басқа әлеуметтік нормалар ондай сипаттардан ада. Сондықтан да құқықтық реттеудің мәні де, мазмұны да, шеңбері де өте зор, мемлекеттің тиімді билік жүргізуінің кепілі. Қоғамдық қатынастар тиімді реттелген болса құқықтық шиеленістер тежеледі, биліктің беделі артады, әділеттілік идеясының салтанат құруы халық санасына біртіндеп ұялайды. Міне, сондықтанда құқықтық реттеу тетіктерін танып білу, оларды жан-жақты зерттеу және жетілдірудің жаңа идеясын ұсыну, құқықтық тәжірибеге енгізу бүгінгі күн мұраты.
Құқықтық реттеу тетігі деп құқық нормалары реттейтін қоғамдық қатынастардың құқықтық құралдар арқылы жүйелі, тиімді және нәтижелі тәртіптелуін айтады.....
Рефераттар
Толық