Сабақтың тақырыбы: «Аққу - киелі құс» Мақсаты: 1) Білімділік. Оқушыларға киелі құс - аққу, оның түрлері, көбеюі, тыныс тіршілігі туралы мағлұмат беру. 2) Тәрбиелік. Жойылып бара жатқан аққулардың түрлерін сақтап қалу, оларды аялауға тәрбиелеу. Балаларды әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу. 3) Дамытушылық. Балалардың әртістік, шығармашылық қабілетін дамыту, қоршаған ортаны қорғау. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, Аққудың түрлері салынған суреттер үлгілері. Слайд үлгісі.. (Оқушыларға бір апта бұрын аққулар туралы материалдар жинақтау тапсырылды.)
Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты - Асан, ортаншысының аты - Үсен, ал ең кенже баласының аты - Хасан екен. Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақ көңілді бала болып өседі. Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен Асан мен Үсенді шақырып алып айтады: «Мен түсімде бір тамаша, өмірімде көрмеген құсты көрдім, өзі өте сұлу, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Осы құсты қайдан да болса маған тауып әкеп бересіңдер. Егерде тауып әкеп бермесеңдер, бастарыңды аламын», - дейді.
Асан мен Үсен әкесінен корыққанынан: «Қайдан да болса тауып әкеп береміз», - деп уәде береді де, жол жүріп кетеді. Бұл уақиғаны Хасан білмейді. Хасан әкесінің Асан мен Үсенді күлсе, аузынан будақ-будақ гүл......
Келешекке ой көзімен үңіліп, Жастық жүзден сезімі асқақ білініп, Бақытының кілті сонда екенін Ару жүрек іштей сезіп, ұғынып, Сол мақсаттың баян жолын арман ғып, Екі елді мың жылдыққа жалғантып, Өзі туып-өскен бүгін.....