Жердің ішкі құрылысы. Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады. Өйткені зерттеу барысында жер қыртысының бар болғаны 15 км-ге дейінгі тереңдікте ғана бұрғыланып (Қола түбегіндегі ұңғыма), оны құрайтын жыныстардың нақты үлгілері алынған. Жердің бұдан тереңде жатқан бөліктері, оны құрайтын жыныстардың құрамы мен қасиеттері жайлы түсінік, негізінен, жер сілкіну кезінде пайда болатын толқындардың қозғалу жылдамдығын, арнайы геофизикалық және сейсмикалық барлау нәтижелерін саралау мен талдау негізінде қалыптасады. ....
Жасуша эволюциясы. Жасуша – өмірдің элементарлық бірлігі. Жасушалық теория және оның тіршіліктану ғылымдарын дамытудағы рөлі. Клеткалық теорияның қазіргі жағдайы. Қарапайым биологиялық молекулалар. Полинуклеотидтер. Өзін - өзі реттеуші молекулалар. Полинуклеотидтерден пептидтерге ақпарат беру. Вирустар. Алғашқы жасуша. Микоплазмалар – тірі жасушалардағы қарапайымдысы. Метаболикалық процесстердің дамуы. Фотосинтез. Аэробты тотығу. Эукариоттық жасушалардың органеллалары. Митохондриялар. Хлоропласттар. Эндоплазматикалық ретикулум. Гольджи аппараты. Лизосомдар. Пероксисомдар. Цитоқаңқа. Қараппайым микроорганизмдер. Генетикалық материал жасушадан көп жасушалы ағзаға өтуі. Жоғары организмдердің жасушалары. Ішкі ортаны қорғау. Жасушааралық коммуникациялар. Қайта жасау аппараты. Омыртқалылар жасушалары....
ХV-XVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы – көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында, орналасатын. Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісудан басқа жерлерде) көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайларымен тарихи дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді таңдап алу, көбінесе халықтар арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси жағдайларға байланысты болды. Малдың негізгі түлектері қой, жылқы және түйе еді. Бұлар халықтың тұрмыс-тіршілігіне бірден-бір қолайлы түлектер. Мұндай мал халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Әрине, мал бағу ауыр еңбекті, төзімділікті және өмірге икемділікті талап етті. Сонымен бірге ол кезде мал шаруашылығының табиғаттың дүлей құбылыстарына түгелдей тәуелді болғанын да айту керек. Жем-шөп дайындау жүргізілмейді, қыста мал тебіндеп жайылды. Міне, осыған байланысты қыс сұрапыл қатты болған жылдары малдың жаппай қырылуы (жұт) жиі кездесетін. Мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп қалатын. Қазақ халқының өмірі ілгері басқан сайын мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдіріп отырған. Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ-киім, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын. Көшпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдан түскен өнімдерді Түркістанның Сығанақ, Сауран, Ясы және басқа қалаларының базарларына апаратын, соның ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізетін болған. Малшылар бұл өнімдерімен айырбасқа қалалардан әр түрлі тауарлар: мақта маталары мен жібек маталар, темірден соғылған бұйымдар, дайын киім-кешектер, шапандар, орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, сондай-ақ әр түрлі үйге қажетті заттар т.б. алатын. Көшпелілердің астық өнімдерінен – бидайға, тарыға, арпаға, жеміс-жидекке – сұранысы өте қатты болды. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыды. Археологиялық зерттеулер ХV-XVII ғасырларда Отырар, Түркістан, Сауран маңындағы егістік жерлерінде құбырлар арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді. Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтарын өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды. ....
Бұлшық еттердің қызметі мен физиологиялық қаситтеріне қарай оларды екі топқа бөледі: көлденен жолақты бұлшықеттер, бірыцғай салалы бұлшық еттер. Барлық бұлшық еттерге тән қасиет - олардың тітіркендіргіштер әсерінен жиырылу қасиеті. Көлденең жолақты бұлшық еттер.Олар адамның барлық қозғалыстарын қамтамасыз етеді. Көлденең жолақты ашық еттердің жиырылуынан барлық қозғалыстар,қимылдар жүзеге асады. Көлденең бұлшық еттер саны 400-дей. Қаңқа бұлшық еттерінің жолақтары қосылып 1, 2,3-ші реттік шақтарды құрайды.Әрбір шақ дәнекер ұлпа деп аталатын қабат арқылы бір- бірінен бөлініп тұрады,ал барлық бұлшық еттің сырты қапталған. Бұлшық еттер сіңірлер арқылы сүйектерге бекиді.Сіңірлер мен дәнекер ұлпалардың жиырылғыштық қасиеттері болмайды. Орналасқан орнына және атқаратын қызметіне қарай бұлшық еттер төмендегідей болып бөледі: • Шеңберлі бұлшық еттер (қоз, ауыздың айналасындағы бұлшық еттер); • Жалпақ бұлшық еттер(құрсақ, арқа, кеу бұлшық еттері); • Ұзын бұлшық еттер (қол мен аяқ бұлшық еттері); • Қысқа бұлшық еттер (омыртқа, қабырға аралық бұлшық еттеріне бөлінеді). Бұлшық еттер атқаратын қызметіне байланысты бүгілдіретін және жазылдыратын бұлшық еттерге бөлінеді. Олар бір-біріне антогонистік немесе синергестік сипатты болады. Қол қарының екі басты және үш басты бұлшық еттері бір-біріне антогонистік, ал белгілі бір әрекетті орындайтын шынтақ буынның бүгілдіретін бұлшық еттері синергистік болады.....
Бұл класс қосылыстарының құрылыстарындағыолардыңбелгілі өкілі – этил спиртін С2Н6Омысалға алып қарастырамыз. Бұл судан жеңіл ( тығыздығы о,8 г/ см ) 78, 3 с температурада қайнайтын, суда және көптеген органикалық заттарда еритін, түссіз, өзіне тән иісі бар, сұйықтық. Спирттің молекулалаық формуласын және элементтердің валенттіліктерін біле отырып, оның құрылысын бейнелеп көрейік. Оның екі түрлі құрылымдық формуласын жазуға болады. Олардың қайсысы этил спиртінің құрылысына сай келеді. Формуланы салыстыра отырып,а формуласы бойынша заттардың химиялық құрылысы тұрғысынан молекуладағы барлық сутегі атомдары бірдей екенін байқаймыз,сондықтан олар қасиеттері жағынан бірдей болады.ә формуласында сутегі атомдарына айырмашылық бар екені көрініп тұр.Бізге белгілі су молекуласындағы құрылымдық элементке-гидроксилтобына еріксіз назар аударуға тура келеді.Мұндағы сутегінің бір атомы электртерістілігі күшті элементпен-оттегі атомымен байланысып тұр,ол туралы а және ә формуласындағы сутегінің басқа атомдары туралы айтуға болмайды.Спирт (сусыз) бар пробиркаға бір түйір натрий салайық.Сол кезде реакция жүріп,газ бөліне бастайды.Бұл газдың сутегі екенін анықтау қиын емес.Спирттің молекуласында көмірсутек радикалымен байланысқан гидроксил тобы- ОН бар екенін көрсету үшін,этил спиртінің молекулалық формуласын көбінесе былай жазады. СН3-СН2-ОН немесе С2Н5ОН.....
Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8 * 1012 тонна және басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен – тропосфера, стротосфера және иопосфера қабаттары болып үшке бөлінеді. Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Орташа биіктігі 10 * 12 км-ге жетеді. Стротосфера – латынша «stratum» - төсем, тағы сондай сияқты теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты. Иопосфера – гректің «ion» - қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған. Қалыңдығы 800 км-ге жетеді.....
Кіріспе Тақырыптың көкейтестілігі. Ежелгі түріктер қысқа уақыт ішінде әлемдік дәрежедегі мемлекет құрып, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орнатып, тіпті олардың кейбіреулерін кіріптар қылып қойды. Түрік державасының геосаяси орнының өзін “Түркі мемлекетінің құрылыуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір дәрежеде бетбұрыс кезең болды өйткені сол кезге дейін орта теңіз мәдениеті мен Қиыр Шығыс мәдениеті, бір – бірінің дүниеде бар екенін білсе де, басы қосылмаған еді” – деп Лев Гумилев дәл анықтап көрсеткендей, Түркі қағанатының басқа мемлекеттермен қарым – қатынасындағы Батыс пен Шығыс арасындағы транзиттік функциясы мықты болды. Өз кезегінде Түркі қағанатының саяси дамуы көрші мемлекеттермен тайпаларға ықпал етіп, әлсіздерін өздеріне бағындырып отырды. Түркі әлемінің тарихтың қай белесінде де сан түрлі мәдениеттер мен діндердің өзара тығыз алыс берісі, барыс – келісі белсенді жүріп жатты. Сан қилы мәдени дәстүрлер мен сыртқы қарым – қатынастардың нәтижесінде көшпелі қоғамдардың дәстүрлі құрылымдық негізі трансформацияға түсті, мұның өзі бұл ұлттар мен ұлыстардың тарихи дамуының сипатына, мазмұнына және ерекшелігіне әсер етпей қойған жоқ. Осындай көкейкесті мәселелер теориялық, ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсетіні анық. Мәселенің өңделуі. ....
Кіріспе Егеменді еліміздің Қазақстанның материалдық-техникалық негізін құруда халық-шаруашылығын дамытып алдыңғы жолға қою ең маңызды да жауапты жұмыс. Халық шаруашылығын дамыту дегеніміз өндірістің барлық саласын яғни жер байлығын өндіретін таукен саласында, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, құрылыс, жеңіл және тамақ өндірісінде және тағы басқа да еңбек өнімділігін арттыру, қол еңбегін жеңілдету, халықтың жағдайын жақсарту дегенге жатады. Ерте заманнан-ақ адамдар күн көру үшін ететін ауыр еңбектерін жеңілдетудің әр түрлі тәсілдерін ойлап тапқан. Ауыр заттарды бір жерден бір жерге тасымалдау немесе оны жоғары көтеру үшін неше түрлі әдістер қолданған. Сол әдістер бертін келе көтеру-тасымалдау машиналарының негізгі болып қалды. Алғаш Египетте одан кейін Грецияда, Римде адамдар жүкті көтеріп-тасымалдауды дамытты. Биік пирамидаларды салуды, ауыл шаруашылығында жерді суландыру үшін төменнен суды жоғары көтеруде тасымалдаудың жаңа түрлерін тауып дамытып отырды. ХIV-ғасырдың аяғында ХV-ғасырдың басында көтеру-тасымалдау жұмыстарын жеңілдетудің әдістері өте жақсы дамыған елдің бірі Ресей болды. Орыс механиктері бу қозғалтқышын ойлап тапқаннан кейін техниканың дамыған кезеңі басталды. Ресейдің жер астындағы шахталарында кендерді жер бетіне көтеру үшін жүк көтеретін арабаларды ойлап тапты.....
К І Р І С П Е Қысқаша бетон және темір бетон бұйымдарының технологиялық дамуы. Бетон бұл көне құрылыс материалдарының бірі. Бұдан Египеттегі лабиринт галереясы (б.э.д.3600 жыл.) Ұлы Қытай қабырғалары (б.э.д. III-ғасыр) және т.б. Ал ең бірінші рет осы бетонның құрылыс үшін 1865 ж. Англия потент алған 1885 ж. Ең алғашқы темір бетон құрылыстары пайда болды. Орыс ғалымы, Петербург университетінде жол инженерінде оқыған Белелюбовскии И.А. т.б б-ң экспериментін жүргізді, оның нәтижелерін кейін практикада қолданды. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін Росияда көптеген бетондық және темірбетондық құрылыстары соғылған. Ол кезде бетон технологиясы туралы Р.Ферд (Франция), О.Графа және Х.Бурару (Германия), И.Баланс (Швейцария) және т.б. еңбектері болды. 1912 жылы Н.А. Житкевичтің «Бетон және бетондық жұмыстар» деген капиталды еңбегі жазылып шыққан. Ал заводтық технологияда П.К.Балатьева, Э.Г. Гатц, И.Г.Совалдова, А.А. Фалашева және т.б. осы туралы еңбек, кітап жазған, зерттеген, дәлелдеген көптеген адамдардың еңбегі. Ал кейінгі дамуына зерттеу коллективтерінің және оқу институттарының өздерінде зерттеліп дамытылды. Құрама темір бетон қазіәргі кезде индустриялды құрылыстың негізі болды. Бұл ең негізгі құрылыс материалы болып толық құрамды тұрғын үйлерде және мәдени-тұрмыстық құрылыста пайдаланылады, және де өндірісте, транспортта, энергетикалық гидротехникалық құрылыста және санитарлы-техникалық және ауыл шаруашылық ғимараттарды құруда.....
Кіріспе Қазіргі кезде күрделі темірбетонды арқалықты қолданылады. Барлық күрделі құрылыстарды темірбетонды арқалық материалдық ресурстарды шамамен 25%, осы кезде болат конструкциясы 3%, ал орман және ағаш өңдеу өндірістерінде 13,5% қолданылады. Жыл сайын 250млн.м3 темірбетонды конструкцияны дайындайды. Ол көлемде 15 млн тонна болатты, арматураны және 80мл тонна цементтен шығындалады. 1285 жылы құрылысты темір бетонды орамды материалдардан 75 млн м3-ты, кірпіштен 40 млд шт, болатты конструкциядан 5 млн тоннаны, сонымен қатар цемент құрылымдарын, трубаларды және т.б.-сын қысқартты. Күрделі құрылыстарды конструкциялық ірі панельдерді, блоктарды және ұсақ түйіршіктер табиғи және жасанды тастарды қолданылады. Құрылыс конструкцияларының пайда болуы қоғамның материалдың тұрмысымен және өндіргіш күштерінің өсуінен пайда болды. Ең 1-ші өңделмеген тастан жасалатын ғимараттар алғашқы тас ғасырында жасалған. Соңынан күйдірілген тастарды пайдалана бастады. 1850-1855 жылдарда темір бетон конструкциясын пайдалана (отырып, бірнеше) бастады, өйткені темір бетон бірдей уақытта, бірнеше елдерде Англия, Франция, Германияда пайда болды. Сығылуға жұмыс жасайтын металл конструкцияны 1 тен деп атайды. Отқа төзімді темір бетон және тас конструкциялары отқа төзімді. Металл конструкциялары отқа төзімсіз.....