Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар Сабақтың тақырыбы: Құндылықтарымызды сақтайық Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.4.2.1 екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану Сабақтың мақсаттары: Екпінді орынды қолдану....
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар Сабақ тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері – ұлттық құндылық Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.2.1 - ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін ажыратады, ауызша, жазбаша мәтіндерде тілдік құралдар арқылы таниды. Көптеген оқушылар: ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін біледі, ауызша, жазбаша мәтіндерде қолданады. Кейбір оқушылар: ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін біледі, ауызша, жазбаша мәтіндерде қолданады.....
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн. Қазақ мәдениеті -ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс –тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы –халықтың мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан. Ал, ұлттық тәрбие мәселесі- адамзат тарихынан өнбойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және тағы басқа қасиеттерді жатқызамыз. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қалың елім Қазағым" атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазады: " Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылыдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзентті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды… Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарыда қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз ....
Валюта дегеніміз мемлекетпен қабылданған заңдық төлем құралы болып табылатын және айналымда жүретін банкноттар, қазына билеттері және монеталар түріндегі ақша белгілері болып табылады. Қазақстан Республикасының валютасына: - айналымдағы, сондай-ақ, айналымнан алынған немесе алынғалы жатқан, бірақ ауыстырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банкілік билеттері түріндегі теңгелер; - Қазақстан Республикасындағы банктер мен несиелік мекемелердің шоттарындағы теңгелік қаражаттар; - Қазақстан Республикасының валютасындағы бағалы қағаздар – төлемдік құжаттар, қорларға қатысты құндылықтар және басқа да борыштық міндеттемелер жатады. Шетел валютасы – бұл шет мемлекеттердің валютасы. Оған жататындар: - шет мемлекеттің төлемдік құралы болып табылатын және айналымда жүретін банкноттар, қазына билеттері және монеталар түріндегі ақша белгілері, сондай-ақ, айналымнан алынған немесе алынғалы жатқан, бірақ, ауыстырылатын ақша белгілері; - шет мемлекеттің ақша бірлігінде, халықаралық ақша және есептесу бірлігінде шоттарға салынған қаражаттары. Валюталық құндылықтарға: - шетел валютасы; - шетел валютасындағы бағалы қағаздар – шетел валютасындағы төлемдік құжаттар (чек, вексель, аккредетив), қорларға қатысты құндылықтар (акция, облигация), және тағы да басқа борыштық міндеттемелер; - бағалы металдар – кез келген түр мен күйдегі алтын, күміс, платина және платиналық тон металдары; - табиғи бағалы тастар – шикізат түріндегі немесе өңделген алмаз, рубин, изумруд, сапфир және александрит ....
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірінің барлық салаларында түбірлі өзгерістер жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде де түбегейлі жаңарулар орын алуда. Демек, бүгінде Қазақстан КСРО кезіндегі бірыңғай және қатал мемлекеттік білім беру жүйесінен білім алудың плюралистік түріне өту үстінде. Яғни, елімізде білім беруді демократияландыру мен егемен мемлекеттің білім беру саясаты қалыптасуда. Білім беру саласын дамыту еліміздің тәуелсіздігі мен дербес мемлекеттігін нығайту жолындағы басты басымдықтардың бірі болып саналады. Қазіргі білім беру саясатының ерекшеліктерінің қатарында төмендегі жайттарды атап өтуге болады: бүгінгі деңгейімізді сақтау және білім берудің ұлттық үлгісін одан әрі дамыту, білім беру саласының барлық деңгейлерінің мазмұны мен сапасын жаңарту, білім беру саласында информациялық және телекоммуникациялық технологияларды кең түрде енгізу. ....
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірінің барлық салаларында түбірлі өзгерістер жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде де түбегейлі жаңарулар орын алуда. Демек, бүгінде Қазақстан КСРО кезіндегі бірыңғай және қатал мемлекеттік білім беру жүйесінен білім алудың плюралистік түріне өту үстінде. Яғни, елімізде білім беруді демократияландыру мен егемен мемлекеттің білім беру саясаты қалыптасуда. Білім беру саласын дамыту еліміздің тәуелсіздігі мен дербес мемлекеттігін нығайту жолындағы басты басымдықтардың бірі болып саналады. ....
Адамзат баласына рух берген Құдай азар беруден алшақ тұрса, адамзат баласы қалайша адамға азар берсін. Мұны адамзат игілігін көздеген барша руханият қолдап, уағыздап келеді. Соның ішінде сопылық қауымдастықтар бұған үлкен мән береді. Сопылық жолындағы тақуаларды ізгі ниеттілікпен жаратылған адамзат жанының азапталуы ресми түрде ойландырды. Адамзаттың есен-амандығын тілеген тақуалар Аллахтан өзіне азар беруді сұранады. Сондықтан да жетілу жолындағы муридтерде азап беруден гөрі азап тарту басымырақ. Аллахтың жүзіне ғашық болған муридтерге азап тарту ғашықтық өтеуіне айналған сынақ тәрізді. Ахмет Иассауи де пайғамбар хадистеріне сүйене отырып, бұл тұрғыда:
Жалған атақтан арылып сәби болдым, Алла атын айта-айта ашық болдым. Аллаға бар жаныммен адал болдым, “Фанафи Алла” мақамына салдым, міне.
Сүндет емес кәпірге де берсе азар, Көңілі қатты, діл азардан құдай безер. Ондай құлға Алланың азабы даяр, Даналардан бұл сөзді естіп айттым, міне [1.20].
Мутасаууфтардың “Қайырымды ісіңе жоғары қайырымдылық аласың, зұлымдық істесең жазырын тартарсың”-деп тереңнен толғаған сөздерінен аңғаратынымыз да адам баласына азар бермеу. Ахмет Иассауи де бұл дәстүрден алшақ кетпеген. Хикметтерінде көңілі қатты, тоң мінезді жандардан Алла да безініп, оларға қахарын төгумен қатар азап та бергендігі айтылады. Жетілу жолындағы муридтер жан тазалығын сақтаған. Оның жүрегінде мұндай дертке орын жоқ. Ахмет Иассауи муридтерінің әрбір істеген ісі мен сөйлеген сөзінен ақиқаттық сарын байқалып, ол оның мәртебесін асқақтатқан. Бірақ ол өзінің беделінің өскенін, халықтың құрмет тұтып қарағанын еш уақыт елемей, өз бойындағы қасиеттердің барлығын Алладан берілген деп санайды. Халқының қамын ойлап, солар үшін Аллаға басын исе, Алланың назарын өзіне аударғандай хәл кешкен.....
Кіріспе Экономиканы басқарудың реформасы материалды ресурстармен қамтамасыз етуді тереңірек қарастыруды талап етеді. Материалдық ресурстарды үнемдеу мен өндірістік қорларды азайтуға, шаруашылық айналымға қалдық шикізаттарды кіргізу, жабдықтаушылар мен өндірушілердің арасындағы қатынастарды жақсартуға негізделген. Барлық табиғи ресурстарымыз- еңбек, негізгі қорлар, отын мен шикізаттар- орасан зор байлық. Алайда ресурстарды дұрыс игере алмағандықтан, оларды тиімді және ұтымды пайдаланбау нәтижесінде көптеген елдердің кедей елдердің қатарынан шыға алмағандығы өмір көрсетіп отыр. Сондықтан табиғи ресурстарды үнемдеу мен тиімді пайдаланудың даму старатегиясын немесе оларды іске үшін, келесі іс-шараларды атқару қажет: 1. Материалды ресурстарды үнемдеу және тиімді пайдалану; 2. Материал сыйымдылығы мен өндірістік қорлар деңгейін төмендету; 3. Материалдардың айналымдылығын жеделдету; ....
Кіріспе. Адам табиғаты өте қызық, әрі күрделі. Сан- салалы қырларының астарында қаншама терең түсуді талап ететін жақтары жеткілікті - ақ. Оның себебі түсінікті де . Заманның талабына, өмірдің ағымына сәйкес кез-келген нәрсе өзгеріп, толығып, дамып отыратыны белгілі. Әңгімемізге арқау болғалы отырған адамға ғана қатысты ерекше қасиеттер қатарында елеулі орын алатын еркіндік мәселесі болмақ. Адам адам болғалы, тіпті осы еркін әрекеті үшін жұмақтан қуылғалы, еркіндікті аңсаумен келеді. Бұған дәлел ретінде, өткен өмір өткелдерімен қаншама әрекеттердің болуымен қатар, толыққанды адам жеке қамын деп есептейейтін әр біреуіміздің бостандыққа деген құлшыныс сезімімізді алғанымыздың өзі жеткілікті шығар. Еркіндік мәселесі әлемдік философия тарихында , даналықты сүюші әлемнің көрнекті өкілдерінің әрбірін толғандырған десек артық айпаған болар едік. Бір жағынан алып қарағанда, еркіндік өзімен - өзі түсінікті сияқты, қарапайым ғана ұғым, ал шындығына келгенде өте үлкен зерттеуді қажет ететін қағида болып шығады. Еркіндік іс- әрекетіне берілген айрықша мүмкіндік, адамның табиғи қабілеттеріне сай өз қалауынша әрекет етуіне сырттан еш кедергінің болмауы, жанның саулығы. Біз еркінбіз, зерделіміз, ақылдымыз, күштіміз, саумыз және ойға да, сөзге де өткірміз, бірақ белгілі бір азырақ мөлшерде. Басқа қабілеттеріміз сияқты, біздің еркіндігіміз әлсіз, шектелген. Сонымен қатар, еркіншіл деген кезде де табиғаттың заңдарына тәуелдімін деп мойындаған шақта қайшылық пайда болады. Философияның басты міндеті осы қайшылықты шешу болып табылады. Сондықтан да, бұл мәселе төңірегінде философияның ой ағымында әлі де көптеген көреген пікірлер туындары жоқ. Мінекей , бұл еркіндікті қарастыруға алып келген бірінші түрткі. "Кеңісіік пен уақыт еркесі" болған көпшелі халық ұрпағы қай қазақ баласы үшін де еркіндік мәселесі хақында ой толғау таңсық болмауы белгілі. Керісінше, діндік ерекшеліктерге сәйкес бұл түсінік басты орын алады десек қателеспеген болар едік. Көшпелілер ешбір үстемдік пен шектеушілікке көне алмаған, олар отырықшылыққа ену өз-өзін жоғалтумен бірдей. Олар кеңістікті кеңіен кешіп, өздерін уақытқа бағындырмаған. Көшпелілер ділін тек санадан шығармай , кеңінен алап қараған жөн. Негізінен ол мағынаға көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайын, қоршаған ортасымен туындап, - бірте қалыптасқан мінез - құлқын , әдет – ғұрпын, ойлау жүйесін , салт - санасын бейнелейтін рухани келбетінің сомдалған жиынтығын жатқызуға болады.....
КІРІСПЕ Жас адамды әлеуметтендіру жеке бастың жан-жақты дамуын қалыптастыруды, оның санасында мақсат-мұраттардың орнығуын, азаматтық кемелденуді, қоғамдық белсенділікті және жоғары адамгершілікті тәрбиелеуді талап ететін борыш пен ізгілік, тілек пен мүмкіндік, мүдде мен қажеттілік сияқты қайшылықтар күресінің барысында жүзеге асырылатын күрделі де қиын процесс. Сондықтан жан-жақты әлеуметтендірілген адамға қажетті негізгі ұғымды адамдық қасиеттерді түгелдей қарастырып, анықтаудың қажеті жоқ. Керісінше, ең бастысы, осы қалыптастырғалы отырған әлеуметтік тұлғаға қажетті элементтерді құратын заңды құрылыс байланысын табу керек. Мысалы, білім беру ақыл-ойдың дамуына тікелей әсер ете отырып, адамның дүниеге жүйелі көзқарасын қалыптасуына ғылыми негіз болады. Ал дүниеге ғылыми көзқарас адамның жан-жақты қалыптасуының ең негізгі заңды арқауы. Осы тұрғыдан қарастырылғанда жас ұрпақты әлеуметтендірудің басты міндеті ретінде дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру қажет екендігін атап көрсетуге болады. Өйткені дүниеге мұндай көзқарасты қалыптастыру адамды жан-жақты жетілдірудің негізгі принциптерінің ең бастысы әрі теориялық негізі б.т. Олай болса, мектептегі оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп, дамытудың бүкіл сан-саналы процесінің, яғни жасөспірімдерді әлеуметтендірудің заңды арқау жібі - әрбір оқушының бойына дүниеге ғылыми негіздерін қалыпттастыру б.т....