Айтуар Өтегенов | Құла ат қасіреті

I
Бұл пәниден пешенесіне жазылғанның бәрін тілімен татып, көзімен көрген Тұрмамбет батырдың қартайған кезінде келінінен естіген сөзінің іште тынған құсасы жан досы Балуанияз батырдың бейітінің басына келгенде лықып ақтарылды.

— Уа, Балуанияз! Еңіреп өткен ерім, орда бұзар отыз-ақ жасыңда еліңді жаудан қорғап жүріп, майданда қаза болған неткен бақытты едің. Сенің артыңда қалып, боқ домалатқан қара қоңыздай ұзақ ғұмыр сүргенде көрген нәпақам қайсы? Ошағының отын әзер жағып жүрген салпы етек, шайпау келіннің тілі тиді. Жаудан қайтпаған жүрегім бір шүйке бастан шайлықты. Енді өмір сүргім келмейді, мені қасыңа алып қал, құрдас...

Тұрмамбет атынан түсе сала құрдасының қабірінің суық топырағын құшақтап, еңкілдеп жылады. Өзі ес білгелі сексен жылдық ғұмырында тұңғыш жылағаны да осы болар. Келінінің "осы кәрі қақпастан-ақ құтылмадым-ау" деген сөзін естігеннен өлгені артық. "Қасыңа ал, құрдас, тай-құлындай тебіскен, жарты құртты бөліскен жан досым, бұл күнде сексен жастағы менің емес, отыз жаста опат болған сенің айбының зор ел ішінде, мен де дамылдайын, қу тірліктен жалықтым".

Мәрт батыр ағайынының, балаларының жалынған жалбарынғандарына қайтпады.

— Көштеріңді жолдан қалдырмай жүре беріңдер, мен енді Балуанияздың қасында қалам, - деумен болды. Қар көбесі сөгіле қыс бойы паналаған жылы ойдан қырға жайлауға бағыт алған ауыл көші амалсыздан Балуанияз батырдың бейітінің қасына келіп қонып, төрт-бес күн еру болуды қалады...

ІІ .....
Әңгімелер
Толық

Тұрсынхан Әбдірахманова | Құла бие

Шілденің орта шені болатын. Елге демалысқа барып едім. Күн бойы кітап оқып, жалыққан соң, кеш бата, мал келер шақта, есік алдына шығатын әдетім бойынша бүгін де далаға шықтым. Күннің аптабы кайтып, әдемі бір қоңыр самал ескен жайлы кеш екен.

Біздің үйдің алдында бір шағын ғана төбешік бар-ды. Ауылдың үлкен кісілері кешкілік осы төбешікке жиналып отырып, әңгіме-дүкен құратын.

Бүгін сол дөң басында ағам мен Дәуітқали аға ғана отыр екен. Өз ағаларым болған соң, мен де қастарына бардым. Үлкен адамдардың арасына жас әйелдер бара бермейді ғой. Сондықтан ба екен, әлде байқамағанмын ба, әлде байқасам да мән бермедім бе екен, әйтеуір төбешік үстінен ауылдың айналасы көкжиекке дейін алақандағыдай болып көрінеді екен.

Айналасын беткейі қалың қараған, тобылғыға толы адырлы қоңыр таулар қоршаған бұл қалын ауыл ертеректегі иесінің есімімен Стамбек ауылы деп аталады. Бұрынырақта салынған қазақы, тоқал тамдардың арасынан төбесін етіп, шатырлап жауып, сылап тастаған, сыртын әктеген еңселі ақшаңқан жаңа үйлер де көрінеді. Ондай үйлердің алдында шөп үйетін, мал қамайтын қоралар бөлек орналасыпты. Ауылдың алды кең далаға ұласады. Даланы қақ жара толқыны жоқ, суы мол, жіңішке ғана Бөке өзені ағады. Өзеннің екі жағасы да жалпақ көгал. Көгалда өзенге түсіп, асыр салып жүрген ауыл балалары.

Ауылдың дәл қарсысында Қара кезең аталатын жалпақ кезең.

Кезенді асып ауылға қарай тіке құлаған қасқа жол өзендегі өткелге келіп жалғасады. Ауылдың төрт түлігі осы өткелге келіп құлады......
Әңгімелер
Толық

Керқұла атты Кендебай

Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз ай, тоғыз күн болғанда, әйел толғатып, босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті......
Ертегілер
Толық

Құламойын Құлеке

Ертеде Садық деген қаһарлы, жемқор хан болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Тағы бір перзент көрсем деген ойы көкейінен кетпепті. Әйелі баласы Құлекеден кейін, жиырма бес жыл өткен соң, жүкті болады. Айы-күні жақындағанда хан екі жігітті шақырып алып, бұйрық береді: «Әйелім ұл туса, Құлекемнің серігі, қыз туса, өлтіріңдер!» – дейді. Екі жігіт ханның әйеліне келсе, қыз туған екен. Туған қызды Құлеке өлтіртпепті.......
Ертегілер
Толық

Құланай жарқын

Баяғыда бір кемпір мен шал болыпты. Кемпір тамаққа тоюды білмейтін мешкей болады. Бұлардың қу торы биесі күніге бір құлын туады екен. Сол құлынды жалмауыз кемпір күнде жеп қояды. Тіпті бір күні жаңағы биені жегісі келіп, шалына: «Осы биенің есімі жоқ, сойып алайық», – дейді. Торы биенің досы - осы үйдің бір тазысы болады......
Ертегілер
Толық

Ақсақ құла

Ертеде бір сараң бай болыпты. Оның адам баласында жоқ жалғыз құла тұлпары бар екен. Бай құла тұлпарының тұқымын өсіріп, даңқын асыра түскісі келіпті. Сөйтіп, құла тұлпардың қасына бір биені қосып, жойқын теңіздің ортасындағы адам аяғы баспайтын иен аралға алып барып тастапты. Тұлпар қасқырға да, адамға да алдырмайтын тарпаң екен.......
Ертегілер
Толық

Құламерген

Баяғыда бір Құламерген деген батыр, өзі аңшы жігіт болыпты. Батырлығы елге жайылған адам болады, оның өзіне лайықты сұлу әйелі болады. Сол елдегі хан әр жерден сұлу әйел іздеп сұрау салады екен. Бір күні ханға бір мыстан кемпір келеді. «Сізге мен лайықты адам табайын, менің үйімде тазша балам бар, соған қызыңды берсең», – дейді мыстан. Хан бұған келісіп:
— Енді, маған лайықты сұлу әйел ізде! – дейді. Құламергеннің әйелі бір күні дарияның жағасына барып басын жуып отырғанда, бір буда алтын шашы суға ағып кетеді. Бұл шашты мыстан кемпір тауып алып ханға апарады.......
Ертегілер
Толық

Үббе қаласында болған Аманқұл

Қазақтар бұрынғы бабаларының айтып кеткен әрбір түрлі ертектерінен естіп, Үббенің суда болатындығын біліпті.

Бағзы уақытта адамдар суда жүргендерінде қорқыныш бола қалса: «Маған тиме!» – деп айқайлайды екен.

Өткен заманда бір қалада Аманқұл атты кісі болыпты. Аманқұлға қатыны:

— Тамақ пісіруге су жоқ, – деген соң, су алып келейін деп, қолына......
Ертегілер
Толық

Жұмбақшыл патша қыз бен Қарақұл

Бұрынғы өткен заманда бір үлкен патша болыпты. Онын атын Сұлтаншын дейді екен. Патшаның үлкен уәзірі бар, оның аты Мералі екен. Күндердің бірінде патша аң аулауға шығады. Жүріп келе жатса, патша қыздың баушарбағына кез келіпті. Шарбақтан қызды көреді. Әйелдікке алуға қызығып, патша қызға елші жібереді. Маған қыз тисін, дейді. Оған патша қыз айтады: «Егерде патшаңыз мені өзін жамағаттыққа аламын десе, менің ол патшадан сұрайтын сауалым бар, – дейді. — Егерде сауалыма жауап берсе, тиемін, болмаса тимеймін» – депті. Менің сұрайтын сауалым мынау......
Ертегілер
Толық

Ат бағушы құл

Бұрынғы өткен заманда бір ханның үш тұлпары болыпты. Бұл тұлпарын өзінің бір өте сенімді құлына бақтырады екен. Хан сейілге шығарында, ханның мінемін деген тұлпарын ат бағушы құлы ерттеп әкеп беріп, кешке тапсырып алып тұрады екен.

Бір күндерде хан уәзірлермен өзара кеңесіп отырып:

— Менің тұлпарымды бағушы құлым өмірінде өтірік айтпайды, мұндай да өтірік айтпайтын адам болады екен, – депті.

Сонда қасында отырған бас уәзірі:

— Тақсыр-ау, өтірік айтпайтын адам баласы бола ма екен? Ол құлыңыздың өтірік айтуына тура келетін істер кезікпей жүрген шығар, – депті.

Сонда хан:

— Ол құлым өліп кетуіне қайыр, бірақ өтірік айтпайды, – депті.......
Ертегілер
Толық