Қазақ әдебиеті | Құлыншақ ақынның әдеби мұрасы

Кіріспе
Халқымыздың өткен замандардағы тарихын, рухани тыныс-тіршілігін танып-білуде көркем сөз шеберлерінің қалдырған әдеби мұраларының маңызды орын алатындығы белгілі.
Дүние танымы, ақыл-парасаты өзге ұлттар мен халықтардан бір де кем түспейтін дана халқымыз өмір сүру, шаруашылық кәсібі салтына орай өзінің арманы мен мұңын, ой-толғаныстарын шешендікпен ауызша түрде айтумен қатар, жазып та тәлім-тәрбиелік ойларын әр түрлі тәсілдермен ұрпақтарына насихат, өсиет етіп қалдырып отырған екен. Зерделі ұрпақ ата-бабаларының өнегелі ойлы сөздері мен өлең-жырларын бірінен-біріне жеткізіп мұра етіп отырған. Ауызша айту дәстүрінің әсерінен және тарихи жағдайларға байланысты көптеген әдеби мұралардың біздің дәуірімізге түгелдей сол күйінде жетпегені де белгілі.
Хандық дәуірдегі жыраулар мен ақындардың телегей теңіздей жырларының аздаған үлгілерінің ғана жетуі бұл ойымызға дәлел болады. Әрісін айтпағанның өзінде уақыт жағынан дәуірімізге жақынырақ болып келетін XIX ғасырда өмір сүрген сөз шеберлері шығармаларының өзі де толық жетіп таныла қойған жоқ.
Заман шындығын әрқайсысы өз танымдары тұрғысынан қарап оны өз шығармаларында көркем бейнелей білген ақындардың шығармаларына кеңес дәуірінде әр түрлі пікірлер айтылып, әрқилы бағаланып, көптеген сөз зергерлерінің шығармашылықтары жете зерттелмей, көпшілік қауымға біржақты ғана айтылып, шығармаларының жариялануының өзіндік қиыншылықтары болып келгендігі еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, қазіргі кезде ашық айтыла бастады.
Елбасымыз Нұрсүлтан Назарбаевтың басшылығымен арнайы «Мәдени мұра» бағдарламасы жасалынып, оны іске асыруға бағытталған іс-шаралар атқарылып жатыр. Кеңес дәуірінде зерттелмей, халқымызға толық танылмай келген рухани, әдеби мұралардың қатарында кезінде өз бағасын ала алмай келген зар заман әдебиетінің XIX ғасырдағы көрнекті өкілдері болып саналатын Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір сияқты ақындардың қатарында өз шығармаларына заман шындығын арқау етіп, оны көркем бейнелей білген көптеген ақындардың шығармашылықтарының әлі де халыққа жан-жақты танылмай келген жақтары бар. Солардың бірегейлері - Оңтүстік өңірінде XIX ғасырда өмір сүрген Майлықожа, Құлыншақ сияқты ақындар. Біз бұл дипломдық жұмысымызға осы мәселеге қатысы бар деп санап Құлыншақ Кемелұлының шығармашылығын арқау еттік.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Құлыншақ ақынның әдеби мұрасы».
Өзектілігі: Құлыншақ ақын - ақындық өнерпаздығы кезінде өзі өмір сүрген өңірге ғана белгілі болып қоймай, Сыр бойы, Арқа, Оңтүстік, Жетісу өлкелеріне танымал болған сөз зергерлерінің бірі. Ол жөнінде Жамбыл, Бұдабай, Майлықожа сияқты белгілі ақындарымыздың берген бағалы ой-пікірлері олардың өлең-жырларында айтылған.
Құлыншақ ақынның қазаққа кең танымал болғандығы оның өз өлең-жырларынан да, кейінгі ақын шәкірттерінің шығармаларынан да айқын көрініс тауып отырады. Кезінде көбісі жазылып хатқа түспегендіктен ақынның шығармалары ауызша айтылумен үзік-үзік болып, толық күйінде жетпей, жете танылмай келді. Оның үстіне иманына ислам дінін негіз етіп «Әр сөздің басы бісімілла», «Құдая иманымы саламат қыл» деп сөз толғаған ақын шығармашылығы зерттелуінің кенжелеп қолға алынуына кеңестік идеологияның ықпалы да аз әсер етпегені анық.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | «Құлагер» поэмасындағы І.Жансүгіровтің тілдік тұлғасы

Зерттеудің өзектілігі:
Ілияс Жансүгіров – қазақ поэзиясы көгінен көрінген халықтың біртуар перзенті. Халық ауыз әдебиетінен, жалпыхалықтың тіл дәстүрінен үлгі-өнеге алған, ұлы Абай шығармашылығынан сусындаған Ілияс Жансүгіров жырлары – XX ғасыр қазақ поэзиясындағы ерекше туындылар. Өйткені, «көп қырлы талант иесі І.Жансүгіровтің даңқын шығарған, алдымен, оның поэзиясы».
Туған әдебиетіміздің дамуына өзінің көркем туындыларымен үлес қосқан Ілияс Жансүгіров өз поэзиясында өмір ақиқатын, болмыс сырын сырлы сөзбен бейнелеп, адамның сезім күйі арқылы өмір шындығын көркем тілмен танытады. Ақын туындыларының халық сүйіспеншілігіне бөлену сыры да осында.
Қазақ поэзиясының, оның ішінде Ілияс өлеңдерінің әдеби ерекшеліктері әр жылдары Ғ.Тоғжанов, Т.Әбдірахманова, М.Дүйсенов, Р.Бердібаев сынды әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан жан-жақты зерттелді. Онда қазақ өлеңдерінің құрылымы, оның түрлері, жекелеген сөз шеберлері өлеңдерінің ерекшеліктері қарастырылған. Оларда поэтика, стилистика мәселелерінің тоғысып, бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылуы осы тектес зерттеулердің ерекшелігін танытады десек, қазіргі таңда ұлт тілдерін дамытуға жан-жақты мән беріліп отырған кезеңде тілді зерттеудің нақтылы үрдісі ұлттың ойлау жүйесіне тән ерекшеліктер мен заңдылықтардың тілдік деректері арқылы және ұлттық танымға негізделген тілдік тұлғаның қолданылуы арқылы ашыла түсетініне көз жеткіземіз.
«Құлагер» поэмасындағы Ілияс Жансүгіровтің тілдік тұлғасын қазақ халқының тарихымен, таным-түсінігімен байланыста танудағы ұмтылыстың қажеттілігінің мәні қазақ тіл білімінің де ұлттық танымға негізделген жаңа үрдісті зерттеу екені көрсетіп отыр. Сондай-ақ тілдік тұлға мәселесі жеке жазушылардың немесе бүтіндей бір әдеби кеңнің тіліне арналған зерттеулерде қолға алына бастады. Сонымен қатар, тілді диахрониялық тұрғыдан зерттеуге қазақ тіл білімі де бет бұрғаны белгілі.
Мұндай бағыттағы жұмыстардың жүргізілуі ұлттық болмыс пен халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына қатысты ерекшеліктерді сипаттап, тіл мен ұлттың тығыз бірлікте екендігінің дәлелі болмақ. Сондықтан да Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы ақынның өзіне тән тарихи-мәдени тілдік деректер негізінде қарастырылып, поэма тіліндегі ұлт дүниетанымын білдіретін лексикалық қызметін көрсетуге ұмтылдық. Осыдан ақынның жалпыхалықтық тілді пайдалану үлгісін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі еріксіз туындайды. Өйткені суреткер тілінің көркемдігі мен бейнелілік сыры көркем тілтану тұрғысынан қарастырғанда ғана айқындалатыны белгілі. Сондықтан да ақын шығармаларының тілдік тұлғасын анықтап, оның көркем поэма тілінің тілдік тұлғасын зерттеу тақырыптың өзектілігін танытады.
Зерттеу нысаны: І.Жансүгіров шығармашылығындағы ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан бірліктер – концептілер жүйесі құрайтыны анықталды.
Зерттеудің мақсаты:
Қазіргі кезде қазақ филологиясының ерекше көңіл бөліп отырған саласының бірі – көркем әдебиет пен оның стилі, сөз зергерлерінің шеберлігі.
Ілияс тілдік тұлғасының когнитивті және прагматикалық деңгейін мүмкіндігінше толық талдау мақсаты көзделеді, әрі белгіленген әр деңгейдің жүзеге асуы нақты бір лингвистикалық мақсат-міндет жүктейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қобдабай Қабдыразақұлы | Қазақтың қараңғы төрінде ұстаздық еткен аналар

Нақтылы жазба дерек бойынша, түрік дәуірінде, Ұмай Ана мектебі жұмыстаған. Ұмай Ана мектебіндегі тәрбие туралы Орхон-Енисей ескерткіштері біршама мағлұмат бар. (Ана мектебінің кейбір ұлық ұстаздарының педагогикалық ой-пікірлері Батыс және Шығыс жазба әдебиеттері арқылы бізге жетті) Қазақ мектебінің басы – Ана мектебі. Оның даму тарихы тым тереңде жатыр. Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен. Қазақтың жеке ел болып, еңсе көтерген сол бір дәуірде, текті ата әулеттерінде Қарашаңырақ мектебі орнаған. Әулет, ауыл, ру, тайпа аумағында ақсақалдар мектебі тым ерте дәуірде қалыптасқан. Бұлар тіршіліктің бар саласында, өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата, әке-шеше, жезде-женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді, жас ұрпақты өмірге дайындады, үлгі-өнеге ұқтырды. Оларды жалпысынан Әулет мектебі деп атадық. Осы үрдіс сабақтастығын үзбей отырып, күні бүгінге жетті. Ұмай Анадан Ұлпанға дейін, Қарашаш анадан Алтыншаш анаға дейін, Домалақ анадан Зереге дейін дегендей ұзақ тізбекті жаңылмай жасай аламыз. Бұл жолы қазақтың қараңғы төріне, мектеп орнатып, жастарды білім-ғылым үйретіп, үлгі өнеге көрсеткен ұстаз аналар туралы әңгіме етпекпіз. .....
Әңгімелер
Толық

Қобдабай Қабдыразақұлы | Асыл әжелердің үлгі өнегесі

Сурет: Ким Евгений

Әйел - әлемнің ажырамас бөлігі. Әйел - адамзаттың анасы. Әйел - тіршіліктің бастау бұлағы. Әйел - бақа басты еркектің қосағы. Әйел - отбасының өзегі. Әйел - шаңырақтың шамшырағы. Әйел - Тәңір-Тағаланың мейірімінің сынығы. Әйел - нәзіктіктің қас үлгісі.

Қазақтың дүниетанымын оның тұрмыс-тіршілігімен айшықтауға болады. Оның ішінде әйел мен ердің мәртебесі де тұрмыс-салттағы дәстүрлі түсініктермен бағамдалады. Мәселен, Атам Қазақ: «Еркек үйдің иесі, әйел үйдің шегесі» деп, әйел мен еркектің ерік-міндеттерін дәлме-дәл көрсетеді. Яғни, көшпелі халықтың патриархалды түсінігінде еркек шаңырақ иесі саналса, әйел сол отаудың отын жағып, ошағын қайнатып, үйдің берекесін кіргізетін жан. Бұл туралы көне түркінің дүниетанымын тереңірек зерттеп жүрген Д.Кенжетай былай деп тұжырымдайды: «Әлемді кеңістіктер мен бағыттарға бөлу арқылы мәденилендіру құбылысын киіз үйдің еркектік және әйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ киіз үйдегі ең маңызды қазық - әйел болып табылады. Өйткені бұл кеңістік (ғарыш) - әйелдікі. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Биіктен құлаған бала

ДЦП дертімен ауыратын бала еді. Өз қатарынан жүруі де, сөйлеуі де кешеуілдей берді. Қалалық емханадағы емдеуші дәрігері балаға мейіріммен қарайтын. Ем-дом жасайды. Бір күні сол емдеуші дәрігері: «Үлкен қалада осындай науқас балаларды қарайтын арнайы орталық бар. Сол орталыққа апарып көрсетіңіздер», – деді. Ол жерге де алып барды. Ол жерде: «Осындай науқас балаларды зерттеумен айналысып жүрген Мәскеу қаласынан профессор дәрігер келіп отыр. Сол дәрігерден кеңес алыңыздар», – деді. Одан да кеңес алды.

Баланың жағдайы бірқалыпты еді. Енді тәуіп, бақсы-балгерлерге де көрсетуге көшті. «Пәлен жерде грек кемпір бар екен. Тіл-көз тиген баланы емдейді екен» десті. Тәуіп, бақсы-балгерлердің бәрінің айтатыны жалғыз-ақ ауыз сөз еді: «Сүп-сүйкімді-ақ ұл екен! Құдай балаға дертті өзі беріп отыр. Лайым, қаласа, шипасын да өзі берер. Балаларың әлі жақсы боп кетер», – дейді. .....
Әңгімелер
Толық

Агрессивті мінез құлықтың алдын алу


Балалардың жоғары агрессивтілігі дәрігерлер, педагогтер мен психологтар үшін ғана емес, сонымен бірге тұтас қоғам үшін де негізгі пробремалардың бірі болып отыр. Агрессивтілік (лат. «шабуылдау, қауіп тудыру») – агрессивті мінез-құлыққа апарар ниет, жағдай. Ал агрессиялық әрекеттің өзі – баланың өзгелерге залал келтіруге бағытталған мінез-құлқы. Агрессивті жағдай ашу, жаулық, жеккөрушілік, т.б. эмоциялар арқылы көрініс табады. Әрекет міндетті түрде өзге адамға залала келтіру: балағаттау, қорлау, төбелесі, ұрып-соғу, т.б. түрінде көрініс береді. Осындай мінез-құлықты балалар саны тез артып келе жатқандықтан, тақырып өзектігі күмән келтірмейді.

Бұл көптеген жағымсыз факторлар: балалардың әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашарлауынан; отбасылық тәрбие дағдарысынан; мектептің балалардың жүйке-психикалық жағдайына көңіл аудармауынан; баланың миына зақым келу түрінде салдары болатын патологиялық босану үлесінің артуынан орын алып отыр.

Зорлық–зомбылықты үздіксіз насихаттаумен айналысатын жалпы ақпарат құралдарды, кино және бейнеиндустрия да өз үлесін қосып отыр. Соңғы жылдары балалар агрессиясы проблемаларына ғылыми мүдделілік те артып отыр, бірақ, өкінішке орай, шынайы түзету мен емшара тәжірибесіне негізделген зерттеулер салыстырмалы түрде аз.

Ең алдымен балалар агрессиясының себептеріне талдау жасап көрелік. Мұның үш негізгі көзі болуы мүмкін. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Биші Шара Жиенқұлова

Шара әжем би өнерін

Түлеткенін білер ме едім?-

Дейді Гүлден масаттанып,

Би кітабын қолына алып.

Қамажайды шалқып билеп,

Киіз басып, салады өрнек.

Би – өнер, бұл емес ермек,

Шара әжесін үлгі тұтқан,

Биші қыз ол жүрек жұтқан. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Мұстафин | Құлаған құз


Тоғай. Егін. Шалғын... Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жоны ғана көрінеді. Арғы қабақта аспанмен тілдескен Алтайға жаңа жолмен бірге Ертісті кесе біз де өттік. Жол Алтайдың ішіне сүңгіді. Біз де сүңгідік. Жүрген сайын артымыз ылди, алдымыз ор, өрмелеп аспанға шығып бара жатқан сияқтымыз. Тay қоюланып, ірілене түсті. Шат тереңдеп кетті. Екі ернімен көк тіреген тар жықпылды, шапши аққан тентек су бой бермеді. Былай бұрылсаң өзен, былай бұрылсаң тау қақпалар, қалың жолшының соңынан қиялай жүріп келеміз...

Сонау баста, «Бұдан әрі жол бермеймін» дегендей, көлденең шөгіп құз - жартас жатыр. Оның бер жағында, қолында кішкене қызыл туы бар бір әйел тұр. Машина жүре алмай, қайтып кетті. Жаяу өрмеледік. Әлдекім ысқырады! Сонша болмады, көп гүрсіл тауды жаңғырықтыра жөнелді...

— Тас бұзған дәрінің дауысы ғой...- дейді штаб бастығы Доншенко. Құлақты бітеп, жүректі сілкінткен күшті гүрсіл оған күзетшінің тоқылдағы сияқты. Алды-артымыздан құйынша көтерілген тас аралас тозаң састырып келе жатса, ол жалтыраған қасқа басын кепкесімен де бүркемеді.

Жасы он жеті - он сегіз шамасында, ақ таяқ ұстаған қыз құз тастың жақпарынан шықты. Жолдың алдын ашып жүрген тау бұзғыш жас маман екен. Сөзден гөрі өз ісін сүйетінін сездірген соң, бөгелмей өтіп кеттік. Құзға келсек төрт-бес жұмысшы жәшік-жәшік динамитті бұзып, бір үңгірге тасып жүр... Үңгірдің түбінде екі-үш адам динамитті, кірпішті қалап отыр. Біздің сұрауымызға: .....
Әңгімелер
Толық

Бейімбет Майлин | Құла жорға


— Ойбай орыс келді, солдат келді!— деп Ерғалидың кішкене балалары үйге апалақтап кірді.

Үйде Ерғали пешке арқасын сүйеп, бәйбішесінің жыртылған мәсісін бастап отыр еді. Бәйбішесі Дәметкен қолында ұршығы, төрде шынтақтап жатқан Жамақ деген қайнысымен сөйлесіп отыр еді. Ерғали тігінін, бәйбіше ұршығын, Жамақ әңгімесін қойып, балалардан бетер бұлар да үрпиісе бастады. Лапаста жатқан мойнақ, орыс көргенде, үретін дауысына салып, арсылдап даланы басына көтерді.

— Құдай-ай, өзің сақтай гөр! Жылдың өзі ауыр. Орыс орманда көбейіп кетті. Қылышын сүйретіп үйге кіріп келгенде, осы зәре құтым қалмайды!— деп Дәметкен күрсінді.

— Кім қорықпайды дейсің, мазаны кетіріп-ақ тұр ғой,— деп Жамақ шыға қашуға ыңғайланған адамша тізерленіп алды.

Ерғали қорқақ адам еді, көзі адырайып кетті. Қолындағы былғарысын біресе киіздің астына, біресе қобдына салды. Солдаттың көзіне ілінсе, жамаулық кішкене былғарыны алып кететіндей көрді. Бұдан бір күн бұрын келген солдат көзіне елестеді. Көрші поселкедегі большевиктерді ұстай келген отрядтың адамы екен. Басында қазақтың тымағы, аяғында жаңа былғарыдан тіккен жарма қоныш, сатиянды етік. Киіміне қарап қазақ бола ма деп жанына жетіп барғанда, орыс екенін бір-ақ білген. "Сенікі бәлшебек бар",— деп бүркіттей түйілгенде, Ерғали жанын қайда қоярға білмей сасқан. Ол кездегі үкіметке болшевиктің жексұрын екендігін сезетін еді. Сондықтан өзімді большевик деп тұр ма деп үрейленіп, солдатты жалынып үйіне кіргізген жерінде баласының болыскей ер-тоқымын көріп қалып, солдат қолтыққа қысады. Алма дейтін Ерғалида дәрмен бар ма? Бармақты тістеп қала берді. Ер-тоқымды еңгеріп алып, қоқиланып шауып бара жатқан солдаттың әбден қарасы үзілген соң барып, зығыры қайнап кетіп: "Сол кеткеннен келме, жолыңа жуа бітсін!"— деп Дәметкен бәйбіше қарғап еді. Одан артық қылар дәрмендесі жоқ еді. .....
Әңгімелер
Толық