Қыс - Абай Құнанбаев

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс....

Өлеңдер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Физика (жол, уақыт, күш, қысым, температура)

Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.
Жол

Көп болса алыстайсың
мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсысың?
Уақыт
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Қыз ұзату тойына құттықтау сөздер мен тост тілектер топтамасы

 

Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз - өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз - өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі.
Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі......

Құттықтау, тілектер
Толық

Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Это важно!

Дастарханға бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады. Сіздерге тәрбиелік мәні  жоғары халқымыздың асыл қазынасының бірі бата туралы мәлімет беріп, үздік баталар топтамасын ұсынамыз. Қонаққа бәріміз барамыз, бірақ бәріміз дастархан басында жақсы бата айта алмай жатамыз. Не істеу керек? Әрине дастарханға арналған баталарды жаттау қажет!

Баталар
Толық

Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы

Топырақ дүние жүзіндегі тарихи кезеңдерде дамыған адамзат қоғамдары мен табиғи байлықтарының заттық (материалдық) негізі болып табылады. Ол үлкені-кішілі организмдердің Жер планетасындағы аналық жыныстармен өзара әрекеттесуінің арқасында түзіледі. Сондықтан топырақ тірі және өлі заттардың физико-химиялық күрделі бірігуінен пайда болған биосфераның литосфера деп аталатын биокосты бөлігіне кіреді.
Бонитеттеу (латынша bonitos – жақсы) , яғни ізгі сапалық деген мағына береді. Бонитеттеу топырақтарды бағалау, ауыл және орман шаруашылығында, өндірістік құрал тұрғысында, топырақтың сапасын салыстырмалы бағалау, ол топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген және санды көрсеткіштері мен (баллдар) белгіленеді. Ғалымдардың анықтауы мынадай: -Соболев С – «Бонитировка немесе топырақты сапалы бағалау деген түсінік - топырақтарды өнімділігі тұрғысынан арнаулы жіктеу; ол топырақтардың, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуына оңтайлы және олардың орташа көпжылдық өніктілігіне сай (корреляция) келетін, ең маңызды белгілері мен қасиеттері негізін құрайды».
- Карманов И – «Бонитировка деген – ықтималды егіншіліктің қарқынды деңгейіндегі топырақтарды өнімділігі тұрғысынан салыстырмалы бағалау».
- Гаврилюк Ф – «Бонитировка деген өнімділік қабілетіне қарай топырақтардың қасиеттерін салыстырмалы бағалау; ...ол деген топырақтарды тектік - өндірістік жіктеу; олардың құнарлығы балл арқылы есептеледі; топырақтар сапасының өнімділігі мен оңтайлылық көрсеткіші».
Мемлекеттік жер кадастры жерлік учаскелер туралы барлық мәліметтерді (информация) қамтиды.
Учаскелер болса мызғымайтын нысан (объект) – жерлік учаскеге меншіктік құқық, жерді пайдалануға құқығы (жерлік учаскелердің мөлшері мен сапалық күйі, құны, т.б.) және нарықтық экономиканың тіршіліктік (функциялық) , сондай-ақ жер қорын нәтижелі басқару құралы болып саналады. Ол жерлік нарықты дамытуға, бағалауды жетілдіруге, дұрыс салық салуға және т.б. жер төлемдерін атқаруға, ипотектік (жерге қарыз алу) кредиттеуге және фискалдық (мемқазна ынтасы) саясатты іске асыруға себептеседі.
Топырақтарды бағалау жалпы мемлекеттік проблемаға айналып, жер кадастрдың (құжаттар жиынтығы) құрамдық бөлігі болып саналады.
Ал топырақтарды бағалау болса аталған жер кадастр мәселелерін шешуге керек құжат. Солардың бастығы- ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құралы – жер туралы деректермен жоспарлау мекемелерін қамтамасыздау, жерлік деректер болса ауыл шаруашылық өндірісінің жоспарлау, ұйымдастыру мәселелерін шешуге, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік әрекетінің нәтижелерін бағалауға, шаруашылық есептік қатынастар жүйесін, ауыл шаруашылық өнімдеріне мемлекеттік бағаларды, материалдық- техникалық қамтамасыздандыруды, салық салуды, кредиттеуді, т.б.реттеуге керек.
Бонитеттеудің мақсаты ауыл шаруашылық дақылдар және табиғи шөптесіндер мен ормандар өсіп-өнуіне ең қолайлы топырақтарды анықтау, оның материалдары аймақтық ғылыми негізделген, өндірістің топырақ – климаттық жағдайларын сәйкес қолданылатын, егіншілік жүйесін енгізуге, тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді пайдалануға және –де басқа мелиоративтік – топырақ құнарлығын қайтаруға, тұрақтылауға және көтеруге бағытталған шараларды енгізуге керек. Жерді (топырақты) бағалау жұмыстарының топырақ жамылғысын бұзылудан, батпақтану, қайта сортандану мен ластанудан, т.б. құбылыстардан қорғауда маңызы зор., себебі жердің (топырақтың) пайдалануы мен күйін анықтау, оның саны мен сапасын қатал есептеу, яғни топырақтарды бағалау материалдары негізінде жүргізіледі.Сонымен қатар, топырақ бонитеті- топыраққа өндірістік тұрғыдан салыстырмалы баға беру. Мен осы дипломдық жұмысымның материалдарын 2006 жылдың ақпан айының 6-17 аралығындағы дипломдық практика кезінде ГОСПЦЗем орталығында және «Республикалық ауылшаруашылығы кітапханасында» жыйнадым. ....
Рефераттар
Толық

Ұйқысыздық

Адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алды.Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып,қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді ұйқы дейді. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұнда кейбір жануарлар организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді.
Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тынысалу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді,гипоталамус пен ми бағанында қанайналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді.Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.
Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады.Жаңа туған перзент – 21; 6 айлық және 1 жастағы бөбектер шамамен – 14; 2-4 жастағы сәбилер – 16; 4-8 жастағы бүлдіршіндер -13-12; 8-12 жастағы истияр – 10-11; 12-16 жастағы жеткіншектер -8-9; ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.
Ұйқының бірнеше түрі бар:қалыпты, гипноздық, наркотиктік, дерттік және шартты рефлекстік.
Ұйқыға мұқтаждықтың даралама ерекшеліктерінің себептері әлі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың ұйқысының мерзімі әртүрлі келеді, тәулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады.Ғылыми зерттеулерде толық ұйқысыз адамдар да байқалады.
Қалыпты жағдайда дені сау адамдарды 3-5 тәулік ұйықтатпаса жеңе алмайтын ұйқышылдық туады.Психикалық әсерленіс нашарлап, парасатты іс-әрекет төмендейді.Ал өзіндік сезіну өте ауыр, жағымсыз болады.
Ұйқы мен сергектіктің жаратылысы туралы бірнеше ұғымдар бар.
1. Қанайналымдық қағида бойынша,ұйқы мен сергектік ми тамырларындағы қанайналымына байланысты деп танылды.
2. Гистологиялық қағида ұйқы басуды нейрондардың өзгеруінен организм сыртқы ортадан серпіністер қабылдай алмаудың салдары деп түсіндіреді.
3. химиялық қағида – ұйқы организмнің қажуы нәтижесінде қан мен тілдерде ыдырау өнімдерінің көбеюінен болады деп санайды.Олардың белгілі бір мөлшерге дейін жинақталуы ұйқы туғызады.
4. Гуморалдық қағида ұйқы кезінде қанда және жұлын сұйықтығында «дельта-пептид заты» пайда болатынын анықтады.Сонымен қатар,әдейі ұйықтатпаған жануарлардың миында «ұйқы түрткісі» түзілетіндігі байқалды.Олардың басқа жануарларға еккен кезде ұйқысы ұзартылады.
5. Шартты рефлекстерді толып жатқан зерттеулер нәтижесінде тұйқыға кету және ояну кезеңдерін бақылаудан, ұйқының миқыртыстық қағидасы жасалды.Әсіресе, әлсіз тітіркендірулер,ұзақ уақыт нығайтылмайтын бір сарынды сигналдар, ұйықтату әсерін туғызатындығы дәлелденді.
И.П. Павловтың тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін пайымдауға мүмкіндік берді.Қорғаныстық тежелу – үлкен ми сыңары қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе ұзақ тітіркендірудің салдары.Сонымен қатар,ішкі тежелу мен ұйқы, өзінің физикалық және химиялық жаратылысы бойынша, біртекті құбылыстар деп тұжырымдайды.Олардың айырмашылығы, ішкі тежелу – жеке зоналарға бөлінген шала ұйқы, ал нағыз ұйқы – ми қыртысының едәуір аймақтарына жайылған тежелу. Тәжірибелер арқылы ұйқының тежелуге ауысатындығы,ал ішкі тежелудің жануарларды ұйықтататындығы анықталды.....
Рефераттар
Толық

Психологияның қысқаша тарихы

Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объектісі болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызықшылығу уақыт озуымен бірге өрістей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым,медицина,өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей, тиімді орындалуы мүмкін емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін объект , ал ғылымдардың әрбірі өзіне тән ерекше көкейтесті мәселелерімен айналысады. Солардың ішінде қоғамдық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық факторларды айналып өту тіпті мүмкін емес.
Егемен, тәуелсіз еліміздің алдында тұрған сан-алуан міндеттерді шешуде психология ғылымының маңызы ерекше. Сонғы онжылдықтарда елімізде психологиялық зерттеулер саласы біршама дами түсті, әртүрлі еңбектер жазылып, жаңа ғылыми бағыттар пайда бола бастады.....
Рефераттар
Толық

Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі маңызы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында «Қылмыстық процестің міндеттері болып, қылмыстарды тез және толық ашу, олады жасаған адамдарды әшкерелеу және жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады». Қылмыстық іс жүргізудің аталған міндеттері өндірістің кез-келген немесе әрбір стадиясында орын алуы мүмкін және өндірістің нысаны ретінде алдын ала тергеуде де орын алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабында көрсетілген жағдайларда алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.
Сондай-ақ алдын ала тергеу тергеушінің іс бойынша барлық мән-жайларды анықтап, зерттеп шешім шығаруға елеулі әсер етудің нәтижесінде 195-бапта көрсетілген негіздің біреуін басшылыққа ала отырып іс қысқартылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабына сәйкес қылмыстық істі қысқартуды алдын ала тергеудің аяқталуының дәстүрлі нысаны деп айтуға болады. Сонымен қатар қылмыстық іс қылмыстық процестің сот өндірісі стадиясында да қысқартылады (195,269,282,307,324,418,467-баптың 4-бөлігінің 6-тармақшасы, 477-баптың 2-бөлігі).
Қылмыстық істі кез-келген стадияда тоқтату үшін жиналған дәлелдемелерді бағалап, нақты тексеру қажет оның негізінде орын алған факті мен мән-жайлар анықталады, тек сосын ғана қылмыстық іс жүргізудің кез-келген стадиясында қылмыстық істі қысқарту іс бойынша қорытынды кезең болады. Егер жоғарыдағы мән-жайлар мен фактілер істің қысқаруын дәлелдей алмайтын болса іс қысқартылмайды.
Л.М.Володина, А.Я.Дубинский, З.З.Зинатуллин сияқты ғалымдардың пікірінше қылмыстық істі қысқартқан органның істі тергеуге байланысты құқықтары жойылады. Бұл жағдайда алдын ала тергеуде өндіріс бойынша іс қысқартылады.
Осыған байланысты қылмыстық іс бойынша өндірісті алдын ала тергеуде қысқартудың қорытынды шешімі болып табылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 35- тармақшасында қорытынды шешімге байланысты түсінік берілген. «Қорытынды шешім» - қылмыстық процесті жүргізуші органның іс бойынша іс жүргізудің басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын, сондай-ақ түпкілікті болмаса да істі мәні бойынша шешетін әртүрлі шешімдері.
П.М. Давыдов, А.Д. Донценко, И.Я. Дюряшин, Б.Қ. Төлеубекова қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту – шешімнің болуын көрсетеді. Е.А. Челышев мұндай шешімді басқарушы акті деп қарастырады. ....
Рефераттар
Толық